"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Астрахан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № А-3/60 қаулысының және Астрахан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 8С-19-6 шешімінің, "Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Жолбасшы ауылын өзге елді мекендер санатына ауыстыру бойынша ұсынысты Ақмола облысы әкімдігінің және Ақмола облыстық мәслихатының қарауына ұсыну туралы" бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № а-5/164 қаулысының және Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 8С-20/11-24 шешімінің, "Ақмола облысы Бурабай ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Бурабай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № а-8/328 қаулысының және Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 8С-19/6 шешімінің, "Ақмола облысы Бұланды ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Бұланды ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қарашадағы № А-11/351 қаулысының және Бұланды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 қарашадағы № 8С-23/15 шешімінің, "Ақмола облысы Бұланды ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Бұланды ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12/393-а қаулысының және Бұланды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-25/6 шешімінің, "Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Сандықтау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № А-2/66 қаулысының және Сандықтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 20/4 шешімінің, "Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Астрахан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № А-6/149 қаулысының және Астрахан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 маусымдағы № 8С-38-2 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Астрахан ауданы бойынша:
Жалтыр ауылдық округінің Ақбейіт ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Жалтыр ауылдық округі Жалтыр ауылының құрамына енгізілсін;
Жалтыр ауылдық округінің Ягодное ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Жалтыр ауылдық округі Жалтыр ауылының құрамына енгізілсін;
2) Бұланды ауданы бойынша:
Қараөзек ауылдық округінің Еруслановка ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Қараөзек ауылдық округі Байсуат ауылының құрамына енгізу;
Никольск ауылдық округінің Ұлтуған ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Никольск ауылдық округі Никольск ауылының құрамына енгізілсін;
Новобратск ауылдық округінің Добровольное ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Новобратск ауылдық округі Буденовка ауылының құрамына енгізілсін;
Новобратск ауылдық округінің Красносельское ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Новобратск ауылдық округі Буденовка ауылының құрамына енгізілсін;
Капитоновка ауылдық округінің Балуан Шолақ ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Капитоновка ауылдық округі Капитоновка ауылының құрамына енгізілсін;
Капитоновка ауылдық округінің Пушкино ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Капитоновка ауылдық округі Капитоновка ауылының құрамына енгізілсін;
3) Бурабай ауданы бойынша:
Успеноюрьев ауылдық округінің Үлгіалған ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Успеноюрьев ауылдық округі Успеноюрьевка ауылының құрамына енгізілсін;
Успеноюрьев ауылдық округінің Қарағай ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Успеноюрьев ауылдық округі Успеноюрьевка ауылының құрамына енгізілсін;
Веденов ауылдық округінің Жаңатуған ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Веденов ауылдық округі Веденовка ауылының құрамына енгізілсін;
Веденов ауылдық округінің Федосеевка ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Веденов ауылдық округі Веденовка ауылының құрамына енгізілсін;
Ұрымқай ауылдық округінің Ынталы ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Ұрымқай ауылдық округі Кіндікқарағай ауылының құрамына енгізілсін;
4) Ерейментау ауданы бойынша:
Ақмырза ауылдық округінің Жолбасшы ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Ақмырза ауылдық округі Ақмырза ауылының құрамына енгізілсін;
5) Сандықтау ауданы бойынша:
Барақпай ауылдық округінің Чашке ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын, Барақпай ауылдық округі Барақпай ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімінің міндетін атқарушы | М.Балпан |
| Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жүсіпов |
