"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде, Еркінқала ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің Балауса тұрғын үй алабының кейбір көшелеріне атаулар берілсін:
1) № 5 көшеге - Ғабдолла Мұқашұлы көшесі;
2) №7 көшеге - Нәзір Төреқұлұлы көшесі;
3) № 8 көшеге - Алпысбай Қалменұлы көшесі;
4) № 9 көшеге - Сұлтан Қожанұлы көшесі;
5) № 10 көшеге - Хайретдин Болғамбайұлы көшесі;
6) № 11 көшеге - Құрманбек Жандарбеков көшесі;
7) № 12 көшеге - Жанартау көшесі;
8) № 13 көшеге - Тұщықұдық көшесі;
9) № 14 көшеге - Тастөбе көшесі;
10) № 15 көшеге - Ақкөл көшесі;
11) № 16 көшеге - Санжар Асфендияров көшесі;
12) № 17 көшеге - Шығанақ Берсиев көшесі;
13) № 18 көшеге - Ықылас Дүкенұлы көшесі;
14) № 21 көшеге - Бәйкен Әшімов көшесі;
15) № 25 көшеге - Әзілхан Нұршайықов көшесі;
16) № 27 көшеге - Сырбай Мәуленов көшесі;
17) № 29 көшеге - Бикен Римова көшесі;
18) № 35 көшеге - Сұлтан Баймағамбетов көшесі;
19) № 37 көшеге - Қалибек Қуанышбаев көшесі;
20) № 38 көшеге - Жүсіпбек Елебеков көшесі;
21) № 41 көшеге - Ғафу Қайырбеков көшесі;
22) № 45 көшеге - Медеу көшесі;
23) № 46 көшеге - Қаракемер көшесі;
24) № 43 көшеге - Ізтілеу Көпбаев көшесі берілсін.
2. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің Еркінқала ауылының кейбір көшелеріне атаулар берілсін:
1) № 14 көшеге - Мақаш Бекмұхамбетов көшесі;
2) № 44 көшеге - Ахмет Қарақұлов көшесі;
3) № 8 көшеге - Сұңғат Мәсәлімов көшесі берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Еркінқала ауылдық округі әкімі |
М. Құмарғалиев |
