Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Ақсу қаласының "Алғабас" ауылдық округі "Қанаш Қамзин" ауылдық округі және "Жолқұдық" ауылы "Қанаш Қамзин" ауылы болып қайта аталсын;
Успен ауданы Ольгин ауылдық округі "Ольгин" ауылы "Қызылағаш" ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | И. Теренченко |
