Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
Т. Көлкебаев |
| Мәртөк аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 шілдедегі № 47 шешімімен бекітілген |
Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Осы, Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес және Мәртөк ауданында жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында әзірленді.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Мәртөк ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) осы жоспардың 1 қосымшасына сәйкес;
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары осы жоспардың 2 қосымшасына сәйкес;
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы осы жоспардың 3 қосымшасына сәйкес;
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы осы жоспардың 4 қосымшасына сәйкес;
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы осы жоспардың 5 қосымшасына сәйкес;
6) ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы осы жоспардың 6 қосымшасына сәйкес;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі осы жоспардың 7 қосымшасына сәйкес;
8) Мәртөк ауданы аумағында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралар жоспары осы жоспардың 8 қосымшасына сәйкес.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Мәртөк ауданда 13 ауылдық округтер, 32 ауылдық елді-мекендер орналасқан.
Мәртөк ауданының жалпы көлемі 660532 гектар. Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін аудан бойынша барлығы 249792 гектар жайылымдық алқаптары бар. Елді-мекен шегіндегі жайылымдары 24972 гектар жайылым саналады, қордағы жерлерде 96484 гектар жайылымдық алқаптар бар.
| Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 1 қосымша |
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Мәртөк ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

| Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 2 қосымша |
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

| Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 3 қосымша |
Жайылымдардың, соның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым обьектілері белгіленген карта

| Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 4 қосымша |
Жайылым пайдалнушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

| Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 5 қосымша |
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

| Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 6 қосымша |
Ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

| Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 7 қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
№ | Ауылдық округ атауы | Шалғай жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі | Шалғай жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі | Ескерту |
1 | Аққудық ауылдық округі | Сәуірдің екінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі |
Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы топырақтық-климаттық аймақ зонасына байланысты, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылым өнімділігіне байланысты біркелкі құрғақ - селеулі - бетегелі - жусанды далада 180-200 күнді құрайды. |
2 | Байнассай ауылдық округі | Сәуірдің бірінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
3 | Родников ауылдық округі | Сәуірдің екінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
4 | Тәңірберген ауылдық округі | Сәуірдің бірінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
5 | Құрмансай ауылдық округі | Сәуірдің бірінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
6 | Қаратоғай ауылдық округі | Сәуірдің бірінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
7 | Байторысай ауылдық округі | Сәуірдің екінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
8 | Қарашай ауылдық округі | Сәуірдің екінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
9 | Қызылжар ауылдық округі | Сәуірдің екінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
10 | Жайсан ауылдық округі | Сәуірдің бірінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
11 | Сарыжар ауылдық округі | Сәуірдің бірінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
12 | Хазірет ауылдық округі | Сәуірдің екінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі | |
13 | Мәртөк ауылдық округі | Сәуірдің екінші жартысы | Қазан екінші онкүндігі |
| Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 8 қосымша |
Мәртөк ауданы аумағында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралар жоспары
Іс-шаралар | Кезеңдер | Нәтиже | Деңгей іске асыру | |
Қысқа мерзімді (бір жылға дейін) | Ұзақ мерзімді (екі жылға дейін) | |||
1. Мәліметтерді жинау, талдау және мониторинг | ||||
1.1. Жайылымдарға кешенді ғылыми зерттеу жүргізу (геоботаникалық, топырақтану, су режимі, малдың жүктемесі): | + | Жайылымдарды ұзақ мерзімді және ұтымды пайдалануды дамытудың негізі ретінде қызмет етеді | Республикалық бюджет есебінен | |
1.1.1. Мәртөк ауданындағы елді мекендердегі жайылымдар 122,1 мың гектар алқапта; | + | Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер | Республикалық бюджет есебінен | |
1.1.2. Мәртөк ауданындағы 48,4 мың гектар алаңдағы босалқы жерлерден жайылымдар; | + | Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер | Республикалық бюджет есебінен | |
1.1.3. Мәртөк ауданындағы орман қорынан 0,35 мың гектар алқаптағы жайылымдар; | + | Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер | Республикалық бюджет есебінен | |
1.1.4. Мәртөк ауданындағы жерді пайдаланудағы жайылымдар 252,9 мың гектар. | + | Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер | АШТӨ меншікті қаражаттары | |
1.2. Жайылымдардың оты-суының молдығын картаға түсіру және оты-суының молдығын ескере отырып, жайылымдық жерлерді қайта бөлу. | + | Картаға түсіру негіздері | Республикалық бюджет | |
1.3. Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жайылымдардың орналасу картасын жер санаттары, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылар контекстінде құқық белгілейтін құжаттар негізінде құру. | + | Карталар – жайылымдарды басқарудың негізі болып табылады | Республикалық бюджет | |
1.4. Жайылымдардың мониторингін жүргізу, әр түрлі жайылымдардың өнімділігін зерттеу және олардың сыйымдылығын анықтау. | + | Жайылымдарды пайдалану жауапкершілігін және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету | ЖАО, ЖҚБ | |
1.5. Елді мекендер шекарасындағы жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау. | + | Жайылымдарды ұтымды пайдалану | ЖАО (ауылдық округ әкімдері) | |
1.6. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы олардың иелерін көрсете отырып ақпарат беру. | + | Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу | Ауылдық округ әкімдері | |
1.7. Ауылдық елді мекендерде тұрғындар мен ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтарының саны туралы мәліметтер беру. | + | Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу | Ауылдық округ әкімдері | |
1.8. Ауылшаруашылық жануарларының түрлері мен жыныстық және жастық топтары бойынша қалыптасқан табын, отар, үйір саны туралы мәліметтер беру. | + | Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу | Ауылдық округ әкімдері, АШБ | |
1.9. Ауылдық елді мекендерде ауылшаруашылық жануарларын жаю жоспарын ұсыну. | + | Жер пайдаланушылардың жайылымдарды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету | Ауылдық округ әкімдері | |
1.10. Ветеринариялық-санитарлық мекемелер туралы ақпарат беру. | + | Ветеринариялық-санитарлық құралдармен қамтамасыз ету | Ауылдық округ әкімдері | |
1.11. Алыстағы жайылымдарда жайылымға шығатын ауыл шаруашылығы жануарларының малының құрылуы туралы ақпарат беру. | + | Ауыл шаруашылығы жануарларының есебі | АШБ, ЖҚБ, АШТӨ | |
1.12. Мал айдауға арналған сервитуттар туралы ақпарат беру. | + | Алыстағы жайылымдарға кедергісіз шығу | ЖҚБ, АШБ, АШТӨ | |
2. Ақпараттық және білім беру әлеуетін күшейту | ||||
2.1. Жайылымдарды ұтымды пайдалану шараларын жүзеге асыру бойынша жайылым пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. | + | Жер пайдаланушылардың жайылымдарды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету | ЖАО, ЖҚБ | |
2.2. Бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) семинар-кеңестер, жарияланымдар мен мамандардың сөз сөйлеуін өткізу арқылы жергілікті тұрғындардың жайылымды пайдалану туралы хабардарлығын арттыру. | + | Халықтың хабардарлығын арттыру | ЖАО, ЖҚБ, АШБ | |
2.3. Жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарын аудандық сайтқа орналастыру. | + | Мөлдір қол жетімділік | ЖАО | |
2.4. Аудандық БАҚ -та жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарының орындалу нәтижелері туралы жыл сайынғы есептерді жариялау. | + | Жоспардың орындалуын қамтамасыз ету | ЖАО | |
3. Жайылымдық инфрақұрылымды дамыту және технологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру | ||||
3.1. Жайылымдарды түгендеу. | + | Жайылымдық алқаптарды, оның ішінде табиғи шабындықтарды нақты есепке алу | ЖАО, ЖҚБ, АШБ | |
3.2. Жайылымдардың ауыспалы сызбаларын құру. | + | Жайылым айналымдарының есебі | ЖАО, ЖҚБ, АШБ | |
3.3. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінде ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылықтарды ұйымдастыру. | + | Жайылымдарды пайдалану мен оларды суаруды жақсартуға ықпал етеді | ЖАО, АШБ | |
3.4. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылымдардың ауыспалы схемасын әзірлеу және бекіту. | + | Жайылымдарды пайдалануды басқару және жақсарту | ЖАО, АШБ, ЖҚБ | |
3.5. Жайылымдарды басқару және пайдалану Жоспарының орындалу нәтижелері туралы жылдық есеп. | + | Жоспардың орындалу нәтижелері туралы есеп | ЖАО, АШБ, ЖҚБ | |
3.6. Өңірдің жергілікті атқарушы органына бұзылған және тозған жайылымдар туралы хабарлау. | + | Жайылымдардың сапалық сипаттамаларын одан әрі жақсарту мақсатында | ЖАО | |
Аббревиатураның шешуі:
ЖАО – Жергілікті атқарушы орган;
АШБ – Ауыл шаруашылығы бөлімі;
ЖҚБ – Жер қатынастары бөлімі;
АШТӨ – Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері.
