1. Ақтоғай ауданы әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі "Ақтоғай ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 8 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 13 шілдеде № 4589 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 шілдеде № 28 "Ауыл тынысы" және № 28 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң аппарат басшысына жүктелсiн.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Ақтоғай ауданы әкімі | С. Батырғұжинов |
