Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылғы 25 ақпандағы № 39 "2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Бөкей ордасы ауданы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3455 тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірдегі, 2014 жылғы 19 сәуірдегі "Орда жұлдызы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
| Аудан әкімі | Н. Рахымжанов |
