1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Z952529_ конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат):
30-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі "Бұл ретте депутаттар коммуналдық қызмет үшін
белгіленген тарифтердің елу проценті мөлшерінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және нормалар шегінде
төлейді." деген сөйлем алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан
Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" 1995 жылғы
20 желтоқсандағы N 2694
U952694_
конституциялық заң күші бар Жарлығына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23,
147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7,
78-құжат; N 11, 156-құжат; N 13-14, 194-құжат):
1) 66-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 67-баптың 5 және 6-тармақтары алып тасталсын;
3) 69-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы
адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы
тағайындалады.".
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Нарбаев Е.Ә.)
