Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 329-VIII ҚРЗ

      Осы Заң Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты, ізгілік қағидаты басшылыққа алынып қабылданды.

1-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАҒАН АДАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ

1-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босату

      1. Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан:

      1) қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;

      2) залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген немесе олар бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдар босатылады.

      2. Негізгі жазадан теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, осы Заңның 4-бабының 4-тармағында белгіленген рақымшылық жасау актісін орындау кезеңінде жазасын өтеуіне бір жылдан аспайтын уақыт қалған, ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар босатылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, іс жүргізудегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қылмыстық процесті жүргізіп жатқан орган адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып тоқтатуға тиіс.

      4. Жасағаны үшін міндетті түрде қосымша жаза тағайындау көзделетін, соттардың іс жүргізуіндегі қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды сот негізгі жазадан босатады.

      5. Осы баптың 1-тармағының күші қолданылатын сотталғандар тек негізгі жазасын ғана одан әрі өтеуден босатылуға жатады.

2-бап. Негізгі жазаның мерзімдерін немесе мөлшерлерін қысқарту

      1. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының күші қолданылмайтын, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімі немесе мөлшері олардың екіден бір бөлігіне қысқартылады.

      2. Жазасын өтеп жатқан немесе оны әлі орындамаған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды және өздеріне қойылған талап қоюдың талаптарын толық өтеген жағдайда не олар болмаған кезде:

      1) ауыр қылмыстар бойынша – үштен бір бөлігіне;

      2) аса ауыр қылмыстар бойынша төрттен бір бөлігіне қысқартылады.

      3. Осы баптың 2-тармағының күші қолданылмайтын адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері:

      1) ауыр қылмыстар бойынша – төрттен бір бөлігіне;

      2) аса ауыр қылмыстар бойынша бестен бір бөлігіне қысқартылады.

      4. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған, теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, осы Заңның 4-бабының 4-тармағында белгіленген рақымшылық жасау актісін орындау кезеңінде жазасын өтеуіне бір жылдан аспайтын уақыт қалған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген бөлігінің мөлшері қысқартылады.

3-бап. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар

      Осы тараудың күші:

      1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған;

      2) террористік қылмыстар жасаған;

      3) экстремистік қылмыстар не экстремизм белгілері бар қылмыстар жасаған;

      4) кәмелетке толмаған адам кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыстар жасаған;

      5) азаптаулар жасаған;

      6) қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған;

      7) өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған;

      8) қылмыстық топ, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым құрамында қылмыстар жасаған;

      9) өздеріне қатысты жаза орындалған және жазасын өтеген;

      10) қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында олардың біріне осы Заңның күші қолданылмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған;

      11) үкімдердің жиынтығына кіретін, олардың біріне осы Заңның күші қолданылмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған;

      12) жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыстар жасаған;

      13) 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде (1959 жылғы 22 шілдеден кейін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген қылмыс – қасақана кісі өлтіру (88-бап) үшін сотталған;

      14) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 335-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда сот жазасын тағайындаған;

      15) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (1997 жылғы 16 шілдеден кейін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген мынадай қылмыстарды: адам өлтіру (96-бап); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-баптың екінші бөлігі); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап); азаптау (107-бап); адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (113-баптың екінші және үшінші бөліктері); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы (116-баптың үшінші бөлігі); заңсыз аборт жасау (117-баптың төртінші бөлігі); зорлау (120-бап); нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-бап); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап); жас балаларды азғындату (124-бап); адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың екінші және үшінші бөліктері); адамды саудаға салу (128-бап); кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-баптың екінші және үшінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (132-1-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-баптың екінші бөлігі); сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап); басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (157-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап); соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-бап); геноцид (160-бап); экоцид (161-бап); жалдамалылық (162-бап); шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (162-1-бап); халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап); әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-бап); мемлекеттік опасыздық (165-бап); шпионаж (166-бап); Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қол сұғушылық (166-1-бап); Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау (167-бап); билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кіретін өкілеттіктерді шет мемлекет немесе шетелдік ұйым өкілдерінің жүзеге асыруы (168-бап); қарулы бүлік (169-бап); Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру (170-бап); диверсия (171-бап); мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату (172-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-баптың төртінші бөлігі); алаяқтық (177-баптың төртінші бөлігі); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау (177-1-бап); тонау (178-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); қарақшылық (179-бап); ерекше құнды заттарды ұрлау (180-бап); қорқытып алушылық (181-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап); мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу (183-1-бап); автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-баптың төртінші бөлігі); заңсыз банктік қызмет (191-бап); жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы (192-1-бап); қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (193-бап); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (206-бап); экономикалық контрабанда (209-баптың үшінші бөлігі); заңсыз сыйақы алу (224-бап); мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (226-баптың екінші бөлігі); рейдерлік (226-1-бап); міндеттеріне адал қарамау (232-бап); адамды кепілге алу (234-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ

      құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-бап); қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-1-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-2-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-3-бап); ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу (235-4-бап); заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-баптың бірінші бөлігі); үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау (238-бап); әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру (239-бап); теңіз қарақшылығы (240-бап); жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап); көрінеу жалған ақпарат тарату (242-1 бап); сапасыз құрылыс (245-1-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (246-1-баптың үшінші бөлігі); радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу (247-баптың екінші және үшінші бөліктері); радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (248-баптың екінші және үшінші бөліктері); айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-бап); қаруды заңсыз жасау (252-баптың екінші және үшінші бөліктері); қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255-бап); бұзақылық (257-баптың екінші және үшінші бөліктері); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-баптың үшінші және төртінші бөліктері); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндіру (261-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-баптың екінші бөлігі); улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру (264-бап); қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-баптың үшінші бөлігі); заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (269-1-баптың үшінші бөлігі); жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-баптың екінші және үшінші бөліктері); жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (271-баптың екінші және үшінші бөліктері); кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту (273-1-баптың екінші және үшінші бөліктері); адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (275-1-баптың екінші бөлігі); темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу (295-баптың үшінші бөлігі); көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-баптың бірінші және екінші бөліктері – алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдар жасаған жағдайда, үшінші бөлігі); көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу (298-баптың төртінші бөлігі); көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-баптың үшінші бөлігі); көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу (300-баптың үшінші бөлігі); магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (303-баптың үшінші бөлігі); өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-баптың екінші бөлігі); сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап); сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап); сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-баптың төртінші бөлігі); көрінеу жалған сөз жеткізу (351-баптың екінші және үшінші бөліктері); жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-баптың төртінші бөлігі); мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-баптың екінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап); қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (360-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (361-бап); сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау (362-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-баптың екінші, үшінші, 3-1 және бесінші бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік

      міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (ауырлығы орташа зиян келтіруді қоспағанда, 368-баптың екінші бөлігі, үшінші және төртінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (ауырлығы орташа зиян келтіруді қоспағанда, 369-баптың екінші бөлігі, үшінші және төртінші бөліктері); бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (д) тармағын қоспағанда, 370-баптың екінші бөлігі және үшінші бөлігі); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-баптың екінші бөлігі); қашқындық (373-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (374-баптың үшінші және төртінші бөліктері); жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-баптың екінші және үшінші бөліктері); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-баптың екінші бөлігі); билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану (380-1-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); қызметке селқос қарау (381-баптың екінші және үшінші бөліктері); айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-баптың үшінші бөлігі) қылмыстарын жасаған немесе солар үшін сотталған;

      16) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (2014 жылғы 3 шілдеден кейін осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген мынадай қылмыстық құқық бұзушылықтарды: адам өлтіру (99-бап); аффект жағдайында жасалған адам өлтіру (101-баптың екінші бөлігі); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету (105-бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап); денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру (107-бап); денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-1-бап); ұрып-соғу (109-1-бап); қинау (110-бап); сталкинг (115-1-бап); адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (116-баптың екінші және үшінші бөліктері); адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру (118-баптың үшінші бөлігі); қауіпті жағдайда қалдыру (119-баптың төртінші бөлігі); зорлау (120-бап); сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу (121-1-бап); көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу (122-бап); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап); он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру (124-бап); адамды ұрлау (125-бап); некеге тұруға мәжбүрлеу (125-1-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың екінші және үшінші бөліктері); адам саудасы (128-бап); кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (132-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (133-баптың екінші және үшінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту (134-бап); кәмелетке толмағандар саудасы (135-бап); баланы ауыстыру (136-баптың екінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету (143-баптың екінші және үшінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнімді жасауға, таратуға, жарналамауға және сатуға тарту (144-бап); сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (150-бап); еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (156-баптың төртінші бөлігі); басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (160-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру (161-бап); жаппай жою қаруын өндіру, иемдену немесе өткізу (162-бап); соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (163-бап); қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзушылықтар (165-бап); қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру (166-бап); геноцид (168-бап); экоцид (169-бап); мемлекетке опасыздық жасау (175-бап); тыңшылық (176-бап); мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (185-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу (189-баптың төртінші бөлігі); алаяқтық (190-баптың төртінші бөлігі); тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); қарақшылық (192-бап); ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (193-бап); қорқытып алу (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру (195-бап); автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-баптың төртінші бөлігі); ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру (203-бап); заңсыз банктік, микроқаржылық қызмет (214-1-бап); заңсыз коллекторлық қызмет (214-2-бап); іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (216-бап); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (217-бап); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау (217-1-бап); қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (218-бап); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу (231-бап); банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру (232-1-бап); шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз алынған мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу (233-1-бап); заңсыз сыйақы алу (247-бап); мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу (248-баптың екінші және үшінші бөліктері); рейдерлік (249-бап); міндеттеріне адал қарамау (254-бап); ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап); қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (263-бап); трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (264-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (265-бап); қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу (266-бап); күзетілетін объектіге заңсыз кіру (269-1-бап); теңіз қарақшылығы (271-бап); жаппай тәртіпсіздік (272-бап); көрінеу жалған ақпарат тарату (274-бап); тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (277-баптың үшінші бөлігі); сапасыз салынған құрылыс (278-баптың үшінші бөлігі); сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу (279-баптың екінші бөлігі); сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтік қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау (280-баптың екінші бөлігі); жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (281-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (282-баптың үшінші бөлігі); радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен заңсыз жұмыс істеу (283-баптың үшінші және төртінші бөліктері); радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру не қорқытып алу (284-баптың екінші және үшінші бөліктері); радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс істеу қағидаларын немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу (285-бап); айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (286-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (287-бап); қаруды заңсыз жасау (288-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (290-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (291-бап); өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу (292-баптың үшінші бөлігі); бұзақылық (293-баптың екінші және үшінші бөліктері); бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы (295-1-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу (297-баптың төртінші бөлігі); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өндеу, өндіру (297-1-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу (298-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру (299-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау (299-1-бап); құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру (300-баптың екінші және үшінші бөліктері); прекурсорлардың, улы, күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы және күшті әсер ететін заттарды өндіру, дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (301-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы (301-1-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру (302-бап); санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу (304-баптың үшінші бөлігі); қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету (306-баптың үшінші бөлігі); заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (307-баптың үшінші бөлігі); жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту (308-баптың екінші және үшінші бөліктері); жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық (309-баптың екінші және үшінші бөліктері); кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту (312-баптың екінші және үшінші бөліктері), бұған кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; өзін-өзі өлтіруді насихаттау (313-1-бап); адам мәйітінің ағзалары мен тіндерін заңсыз алып қою (315-баптың екінші бөлігі); медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (317-баптың төртінші бөлігі); жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу (319-баптың бесінші бөлігі); заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (322-баптың төртінші бөлігі); теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (344-баптың үшінші бөлігі); көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-баптың үшінші және төртінші бөліктері); алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-1-бап); көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру (346-бап); көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару (348-баптың төртінші бөлігі); басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруына жол беру (349-баптың төртінші бөлігі); көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (350-баптың үшінші бөлігі); көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу (351-баптың үшінші бөлігі); әуе кемесін басқаруға бөгеуіл жасау (352-1-бап); көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу (353-баптың төртінші бөлігі); магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (354-баптың төртінші бөлігі); алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру (358-баптың төртінші және бесінші бөліктері); басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру (359-баптың төртінші бөлігі); билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (362-баптың төртінші бөлігі); жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының қызмет бойынша әрекетсіздігі (370-1-бап); құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызмет міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе жалтаруы (370-2-бап); билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (380-баптың екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері); құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қолсұғушылық (380-1-бап); жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану (380-2-бап); медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану (380-3-бап); сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге кедергі жасау (407-бап); Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ сарапшының және маманның өміріне қол сұғу (408-бап); конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға байланысты немесе сот ісін жүргізуге қатысуына байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (409-баптың төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері); көрінеу жалған сөз жеткізу (419-баптың үшінші және төртінші бөліктері); жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу (422-баптың төртінші бөлігі); мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету (424-баптың екінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу (426-бап); қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (428-бап); қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру (428-1-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (429-бап); сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау (430-бап); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-баптың үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу (438-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері (439-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); әскери қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу (440-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (441-баптың үшінші және төртінші бөліктері); қашқындық (442-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту (443-баптың екінші бөлігі); жауынгерлік кезекшілікті атқару қағидаларын бұзу (444-баптың екінші және үшінші бөліктері); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу (446-баптың екінші бөлігі); қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу (449-баптың үшінші бөлігі); билікті асыра пайдалану (451-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); бастықтың қызмет бойынша әрекетсіздігі (452-1-бап); қызметке салғырт қарау (453-баптың екінші және үшінші бөліктері); әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (459-баптың үшінші және төртінші бөліктері); қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу (462-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу (463-баптың төртінші бөлігі); ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу (464-баптың үшінші бөлігі); адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру (466-баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктері) қылмыстық құқық бұзушылықтарын жасаған немесе солар үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.

4-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты рақымшылық жасауды қолдану шарттары мен тәртібі

      1. Осы тараудың ережелері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) және 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген қылмыстарды, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қолданылады.

      2. Осы Заңның 1 және 2-баптарында көзделген, негізгі жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері ол қаралатын күнге есептеледі.

      3. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелері және жазаны орындайтын органдар осы Заңның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сотқа мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

      1) жазаны одан әрі өтеуден босату не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыным;

      2) сотталған адамға қатысты шығарылған сот үкімінен (оған енгізілген өзгерістермен, егер мұндай өзгерістер болса) және басқа да сот актілерінен үзінді көшірме;

      3) осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге жазаның өтелген және қалған мерзімі туралы мәліметтер;

      4) сотталған адамның жеке ісі;

      5) өзіне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкін адамның немесе оның заңды өкілінің қарсылығы (ол болған кезде).

      4. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелері және жазаны орындайтын органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде оның орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

      5. Егер өзіне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкін адам немесе оның заңды өкілі бұған қарсы болса, рақымшылық жасау қолданылмайды.

      6. Осы Заңды қолдану кезінде сотталғандықты алып тастау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабында белгіленген жалпы негіздерде жүргізіледі.

5-бап. Қазақстан Республикасының соттары соттаған және жазасын оның шегінен тысқары жерде өтеп жатқан адамдарға, сондай-ақ жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасына берілген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану

      Қазақстан Республикасының соттары соттаған және жазасын оның шегінен тысқары жерде өтеп жатқан адамдарға, сондай-ақ жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасына берілген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

6-бап. Осы тарауды іске асыру жөніндегі шаралар

      Қазақстан Республикасының Үкіметі және астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:

      1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары жоқ бірінші, екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына орналастыру;

      2) босатылған кәмелетке толмағандарды ата-анасының немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдерінің тәрбиесіне беру не олардың орта, техникалық немесе кәсіптік білім алуын жалғастыруына жәрдем көрсете отырып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына жіберу;

      3) сот үкімімен тағайындалған, үкімді орындау барысында осы Заң қолданылатын кезге аяқталмаған емінің жалғастырылуын қамтамасыз ету;

      4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылғандарды өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметке қосу орталықтарына орналастыру;

      5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және өзге де көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

2-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАҒАН АДАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ

7-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды әкімшілік жазадан босату

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, кәсіпкерлік субъектілері (Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде тіркелген), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, заң консультанттары болып табылатын жеке тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге орындалмаған әкімшілік айыппұл түрінде қолданылған әкімшілік жазадан не оның осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге орындалмаған бөлігінен босатылады, олардың істері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 685735-1-баптарында көрсетілген уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ведомстволық бағыныстылығына жатады.

      2. Осы Заңның 8-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша айыппұл салу туралы қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың негізінде қозғалған атқарушылық іс жүргізулер "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тоқтатылуға тиіс.

      3. Осы Заңның 8-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік кіріс органдары қараған айыппұл салу туралы қаулылардың орындалуын мемлекеттік кіріс органдары тоқтатуға тиіс.

8-бап. Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар

      Осы тараудың күші:

      1) соттар әкімшілік жаза қолданған;

      2) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (2014 жылғы 5 шілдеден кейін осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген мынадай әкімшілік құқық бұзушылықтарды:

      Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу (79-бап); медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету (80-баптың 2-1, үшінші және төртінші бөліктері); медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру (80-1-баптың бірінші және үшінші бөліктері); медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы (81-баптың бірінші бөлігі); медицина қызметкерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрілік заттарды өткізу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы (82-баптың бірінші бөлігі); Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу (83-бап); Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнамасын бұзу (84-бап); адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу (86-бап); еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу (87-бап); демалыс бермеу (88-бап); жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру (89-бап); еңбек саласында кемсітушілікке жол беру (90-бап); Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау (91-баптың төртінші бөлігі); Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасын бұзу (92-баптың бірінші бөлігі); еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу (93-бап); өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу (94-бап); еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу (95-бап); еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау (96-бап); ұжымдық шарт, келісім жасасу жөнінде заңнама талаптарын бұзу (97-бап); Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасын, сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпарат енгізу тәртібін бұзу (98-бап); кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру (132-баптың екінші бөлігі); жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу (136-бап); егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау (147-баптың екінші бөлігі); Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу (170-баптың екінші және алтыншы бөліктері); Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзу (172-бап); Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу (187-бап); арнаулы техникалық құралдарды сату тәртібін бұзу (192-бап); темекі бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің маркасын пайдалану (197-баптың екінші бөлігі); темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу (198-баптың екінші бөлігі); тауарларды құжаттарсыз сату (203-бап); сауда базарлары мен ірі сауда объектілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу (204-2-бап); әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің шекті мөлшерін арттыру (204-4-бап); ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту (206-бап); Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу (207-бап); ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзу (207-1-бап); Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу (214-бап); қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау (214-1-бап); әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыру (219-бап); Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі (233-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау (234-бап); жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы (238-бап); Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу (239-баптың бірінші, екінші және бесінші бөліктері); бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың емтихан өткізу тәртібін бұзуы (239-1-бап); валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот үшін есептік нөмірді алу және олар бойынша ақпаратты, құжаттар мен есептерді ұсыну тәртібін бұзу (244-баптың 1-1, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері); валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу (252-бап); төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды бұзу (253-бап); мемлекеттік мекеменің және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай міндеттемелерді мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қабылдау жөніндегі заңсыз әрекеттері (267-бап); салық салу объектілерін және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру (275-бап); салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтару (277-бап); салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын кемітіп көрсету (278-бап); биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу (281-баптың жетінші бөлігі); жарылғыш материалдармен, радиоактивті және өзге де экологиялық қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу (297-бап); электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу (300-бап); энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі (300-1-бап); энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы (300-2-бап); әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу (301-бап); электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу (301-1-бап); технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу (301-2-бап); электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу (301-3-бап); электр желілерін бүлдіру (302-бап); Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу (303-бап); жылу желілерін бүлдіру (304-бап); электр және жылу желілері жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргізу (305-бап); электр желілеріне өз бетінше қосылу (309-1-бап); орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу (309-2-бап); техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу (323-1-бап); шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерінен (техникалық нормативтерден) асыра отырып, автомотокөлік құралдары мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану (334-баптың екінші бөлігі); жерді бүлдіру (337-бап); мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар (342-1-бап); жер қойнауын пайдалану саласындағы есептілікті беру тәртібін бұзу (349-бап); су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді бұзу (359-1-бап); орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректі қайта өңдеу, қоймалар орналастыру (366-бап); ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу (367-бап); кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудің, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын (материалдарын) дайындаудың белгіленген тәртібін бұзу (368-бап); орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың уақытша алынған учаскелерін қайтару мерзімдерін бұзу (369-бап); орман қоры жерлеріндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдіру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты жинау (370-бап); ағашы кесілген жерлерге және орманды қалпына келтіру мен орман өсіруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртібін және мерзімдерін бұзу (371-бап); орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қорының жерлеріне өзге де залал келтіру (372-бап); орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтін ретпен жүзеге асыру (373-бап); ормандардың жай-күйіне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектілерді салу және пайдалану (374-бап); кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың белгіленген тәртібін бұзу (375-бап); сүректі есептік кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру (376-бап); пестицидтерді, улы химикаттарды және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, өткізу, сақтау және қолдану (377-бап); өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру (378-бап); елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік процестерді жүзеге асыру және көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезінде өсімдіктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу (379-бап); жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінде болу тәртібін бұзу (380-бап); ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимін бұзу (380-1-бап); селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді бүлдіру немесе жою (381-бап); ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау (381-1-бап); жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу (382-баптың бірінші бөлігі); балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу (383-баптың бірінші және екінші бөліктері); аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу (385-баптың бірінші бөлігі); ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау (387-бап); кеспеағаш аймағын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін бұзу (388-бап); Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу қағидаларын бұзу (393-бап); Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және бөлшектеу қағидаларын бұзу (394-бап); Қазақстан Республикасының континенттік қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау (395-баптың бірінші бөлігі); Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды заңсыз беру (396-баптың бірінші бөлігі); Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу (406-баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он төртінші және он алтыншы бөліктері); жануарларға қатыгездікпен қарау (407-1-баптың екінші бөлігі); Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу (407-2-баптың екінші бөлігі); ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу (408-баптың екінші бөлігі); Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу (409-баптың екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, 7-1, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7, 7-9 және он екінші бөліктері); техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау (410-баптың үшінші бөлігі); атом энергиясын пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзу (413-бап); заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы (413-1-бап); ядролық қаруды таратпау режимінің талаптарын бұзу (414-бап); жабайы сораны жоюға шара қолданбау (420-бап); құрамында есірткі бар егістіктерді күзетуді қамтамасыз етуге шаралар қолданбау (421-бап); есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау (422-бап); заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет (424-баптың бірінші, екінші және төртінші бөліктері); халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу (425-баптың бірінші бөлігі); фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу (426-баптың бірінші, 2-1 және 2-2 бөліктері); денсаулық сақтау саласындағы анық емес жарнама (428-бап); АИТВ жұқтырғандармен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не дәрігердің тағайындауынсыз есірткі немесе психотроптық заттарды тұтынушы адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден жалтаруы (429-бап); айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзін және өздерімен қатынаста болған адамдарды жасыруы (431-бап); медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпарат беру (432-бап); денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарға хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы (433-баптың бірінші бөлігі); жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы (434-1-бап); Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзу (434-3-баптың екінші бөлігі); тыныштықты бұзу (437-баптың екінші бөлігі); арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру (438-баптың бірінші бөлігі); Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу (441-баптың екінші бөлігі); автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу (441-1-баптың екінші бөлігі); қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау (443-баптың бірінші бөлігі); Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы (443-1-баптың үшінші бөлігі); құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру (444-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу (445-бап); Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу (445-1-бап); көрінеу жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну (450-баптың бірінші бөлігі); Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу (451-баптың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктері); мерзімді баспасөз басылымдарының, теле- және радиохабарлар материалдарын тіркеудің, сақтаудың міндетті тегін даналарын беру тәртібін бұзу (454-баптың екінші бөлігі); Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу (455-баптың бірінші, 1-1, екінші, төртінші және бесінші бөліктері); шығарылым деректерін хабарлау тәртібін бұзу (456-баптың екінші бөлігі); нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу (457-бап); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртібін бұзу (458-баптың үшінші бөлігі); лицензиялау нормаларын немесе рұқсат беру рәсімдерін бұзу (464-бап); күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу (469-баптың екінші бөлігі); Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу (470-бап); әкімшілік қадағалауды бұзу (480-бап); азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу (484-бап); қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану (485-бап); атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу (485-1-бап); азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу (486-бап); азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшін тапсырудан жалтару (487-бап); Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметін қаржыландыру (489-бап); Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (492-баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі не меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі (493-баптың екінші, төртінші және алтыншы бөліктері); паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау (494-баптың екінші бөлігі); жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну (495-бап); Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу (496-бап); мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу (504-бап); қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру (505-баптың екінші бөлігі); шекара аймағында шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзу (510-бап); Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларының режимдерін бұзу (512-баптың бірінші бөлігі); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде режимді бұзу (513-баптың бірінші бөлігі); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзу (514-баптың бірінші бөлігі); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өту (515-бап); шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы (517-бап); шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы (518-бап); шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту (519-бап); теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу (559-баптың 1-1, екінші, үшінші, төртінші, 5-1, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктері); жылжымалы теміржол составын және қалалық рельсті көлікті мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану (561-бап); әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу (566-баптың үшінші бөлігі); жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу (571-бап); жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы (572-бап); көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу (590-баптың сегізінші және оныншы бөліктері); көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы (591-баптың екінші бөлігі); белгіленген жүру жылдамдығын арттыру (592-бап); жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау (593-баптың үшінші бөлігі); жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту (594-баптың төртінші және бесінші бөліктері); маневр жасау қағидаларын бұзу (595-баптың төртінші бөлігі); көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу (596-баптың төртінші және бесінші бөліктері); көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу (597-баптың 4-2, бесінші, 5-1 және алтыншы бөліктері); бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту (599-бап); жаяу жүргіншілердің немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу (600-баптың екінші бөлігі); жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау (601-баптың екінші бөлігі); көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзуы (602-баптың үшінші бөлігі); көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу (603-баптың үшінші бөлігі); теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу (607-баптың бірінші бөлігі); құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы (612-баптың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері); ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару (613-баптың он үшінші бөлігі); жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (615-баптың екінші және үшінші бөліктері); механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын бұзу (616-бап); техникалық ақаулары бар көлік құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар (617-баптың екінші бөлігі); көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру (618-бап); көлік құралдарын, сол сияқты тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу (619-бап); масаң күйдегі жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу (619-1-бап); көлікпен қауіпті заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу (621-бап); жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру (630-баптың 1-1, екінші және үшінші бөліктері); жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау (631-баптың 1-1, екінші және үшінші бөліктері); Қазақстан Республикасы заңнамасының жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарын жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып орындамау (632-баптың 1-1, екінші және үшінші бөліктері); автомобиль жолдарына бөлінген жолақта қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу (633-баптың екінші бөлігі); магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу (635-баптың екінші бөлігі); электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу (639-бап); Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу (640-бап); Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу (641-бап); атқарушылық құжатты жоғалту (672-бап) әкімшілік құқық бұзушылықтарын жасаған адамдарға қолданылмайды.

9-бап. Осы тарауды іске асыру жөніндегі шарттар мен шаралар

      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазадан босату процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде осы тараудың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады