2024 жылғы 12 қарашада Бакуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісім ратификациялансын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮKIMEТI АРАСЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (ҚХР) (бұдан әрі жеке-жеке - Қазақстан тарапы және Қытай тарапы, бірлесіп - Тараптар):
мыналарды:
- Тараптардың энергетика саласындағы өздерінің қарым- қатынастарын нығайтуға және тереңдетуге, өздерінің энергия көздерін әртараптандыруға, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, инновациялық жасыл технологияларды және оларды тиімді пайдалануды ілгерілетуге және дамытуға деген ықыласын;
- электр энергетикасы саласын қоса алғанда, қазақстандық компаниялар мен ҚХР компаниялары арасындағы әртүрлі салалардағы тығыз ынтымақтастықты, сондай-ақ бұрыннан бар әріптестік қатынастарды және Тараптардың қолдауы мен жәрдемдесуінің арқасында жаңартылатын энергия көздері саласында іске асырылып жатқан жобаларды;
- 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар және технологияларды беру арқылы қол жеткізуді қоса алғанда, жаһандық жылынуға қарсы күрес жөніндегі Қазақстан Республикасының саясатын назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Мақсаты
Осы Келісімнің (бұдан әрі -- "Келісім") мақсаты Тараптардың энергетикалық қауіпсіздік саласындағы мақсаттарына, басымдықтары мен міндеттемелеріне қол жеткізуге ықпал ететін жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және іске асыру, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты дамыту, экологиялық таза технологияларға көшу және шығарындыларды азайту арқылы Тараптар арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрестегі ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
2-бап
Мәні
1. Осы Келісім жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға және электр энергиясын өндіру мен сақтауға бағытталған жасыл технологияларға және инновацияларға қолданылады.
2. Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген мақсаттарға тиімді және айтарлықтай түрде қол жеткізуге ықпал ету үшін осы Келісімді Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын ірі жобаларға (бұдан әрі - Ірі жобалар, осы Келісімге Қосымшадан қараңыз) қолдануға келіседі. Осыны негізге ала отырып, Ірі жобалар жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келуі керек:
- көмірқышқыл газының (CO2) шығарындыларын жыл сайын азайту;
- энергияны сақтау жүйелерін қолдана отырып, жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру;
- екі Тараптың да көміртегі бейтараптығына ұмтылуына бағытталған стратегиялар;
- аумағында Ірі жобалар жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне ықпал ету, сондай-ақ оның ұлттық электр желісінің тұрақтылығы мен сенімділігіне үлес қосу;
- Ірі жобаларды:
- Ірі жобаларды жүзеге асыру үшін қаржылық және техникалык мүмкіндіктері;
- Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаны (-ларды) әзірлеуде, инвестициялауда, қаржыландыруда және пайдалануда расталған тәжірибесі бар субъектілер (бұдан әрі - Девелоперлер) әзірлейді.
3-бап
Келісімді орындау
1. Тараптар жаңартылатын энергия көздері, жасыл технологиялар мен инновациялар саласындағы Ірі жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында әзірлеуге, жасауға, іске асыруға және пайдалануға:
- Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен ҚХР-дың Мемлекеттік энергетикалық басқармасы арасындағы ынтымақтастық;
- олардың тиісті кәсіпкерлік субъектілері арасындағы ынтымақтастық;
- коммерциялық және нарықтық қағидаттарға сәйкес жаңартылатын энергия көздері және оларды сақтау саласындағы қажетті технологияларды өз елдерінің кәсіпорындарына беруді қолдау;
- жаңартылатын энергия көздері, энергияны өндіру және сақтау саласындағы ноу-хау және технологиялар алмасу арқылы жәрдемдеседі.
2. Тараптар осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрақты консультациялар мен үйлестіруді жүргізеді деп келіседі. Ол үшін Тараптар Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен ҚХР-дың Мемлскеттік энергетикалық басқармасына Ірі жобалар тізімін жаңартуды консенсус қағидаттарына сәйкес басқаруды тапсырады. Ірі жобаларды таңдау кезінде жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жағдайын, оларды іске асыру барысын және жобалардың жетілу дәрежесін қамтамасыз ету үшін басқа да факторларды үйлестіру қажет.
4-бап
Ірі жобалардың құқықтық базасы
1. Тараптар құқықтық, заңнамалық базаның ашықтығын қамтамасыз етеді, оның шеңберінде Ірі жобалар іске асырылатын болады.
2. Қазақстан тарапы инвестицияларға байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізеді және Девелопермен және жағдайға қарай Ірі жобалардың басқа да қатысушыларымен осындай Ірі жобалардың шарттары айқындалатын және іске асырылатын тиісті құжаттаманы (бұдан әрі - Ірі жобалар бойынша құжаттама) жасасады.
3. Сатып алушы (яғни Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы) және Девелопер осы Келісім күшіне енгенге дейін Электр энергиясын сатып алу туралы шарттың (бұдан әрі - ЭСШ) негізгі мазмұнын, мәтіні мен талаптарын, электр энергиясына тарифті, сондай-ақ нақты Девелопердің және Ірі жобалардың бірлескен Девелоперлерінің атауларын келіседі.
5-бап
Ірі жобаларды іске асырудың негізгі шарттары
1. Ірі жобалардың техникалық ерекшеліктерін назарға ала отырып, "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Заңына сәйкес Сатып алушы Ірі жобалар өндірген электр энергиясын осы Келісімнің Қосымшасында көрсетілген мерзімге сатып алатын болады. Ірі жобаларды іске асыру үшін ЭСШ жаңартылатын энергия көздері бойынша аукцион немесе сауда-саттықтың кез келген басқа рәсімін өткізбей жасалады. Сатып алушы ЭСШ-ты жасасу кезінде ЭСШ-ты бекіту және мақұлдау үшін Қазакстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді қолданбайды.
2. Техникалық, экономикалық және қаржылық факторларды ескере отырып, Ірі жобалар жаңартылатын энергетика объектілеріне қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысу мүмкіндіктерін қарастырады, бірақ олар бағалаудан босатылуға тиіс.
3. Ірі жобалар бойынша бекітілген тариф шетел валютасында номиналдануға тиіс. Ірі жобалар бойынша құжаттамаға қатысты барлық төлем теңгемен төлем күніндегі айырбас бағамы бойынша жүзеге асырылады.
4. Девелоперлер Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарын сақтауға міндеттенеді және мынадай құқықтарды пайдаланады:
- валютаны айырбастауға шексіз құқығы бар;
- Ірі жобалар бойынша құжаттамадан туындайтын валюталық міндеттемелерді шектеусіз орындауға, сондай-ақ шетел валютасымен дивидендтер және Ірі жобаларды іске асырудан түсетін кірістер алуға құқылы.
5. Қазақстан тарапы Ірі жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті рұқсаттар мен келісімдерді алуға Қазақстан Республикасының тиісті органдарына өтінімдер беру кезінде Девелоперге жәрдемдеседі.
6. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында орналасқан жерлерді қоспағанда, Девелоперлер Ірі жобалар үшін қажетті және Девелоперлер үшін қолайлы жер учаскелеріне жер пайдалану құқығын конкурс (аукцион) өткізбей, тікелей тиісті мемлекеттік органдардан алады.
7. Жаңартылмайтын энергия кездеріне тәуелділікті тиімді темендету үшін желіде жаңартылатын энергияны өндіру мен пайдалануды қолдау мақсатында Қазақстан тарапы Іpi жобалардың желіден ажыратылуына алып келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалык жүйесіндегі аварияларды жою кезеңінің Ірі жобаларға ықпалын азайту үшін қажетті шаралар қабылдайды.
8. Тараптар халықаралық келісімдерге, конвенцияларға және (немесе) кез келген қолданылатын құқыққа сәйкес Тараптардың орталық банктеріне және (немесе) орталық банктерге меншік құқығымен және (немесе) өзгеше түрде тиесілі, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы кез келген мүлкіне берілетін иммунитетті, артықшылықтарды және (немесе) ерекшеліктерді мойындайды және осы Келісімнің ешбір ережесі мұндай иммунитеттерден, артықшылықтардан, ерекшеліктерден бас тарту, ауытқу немесе өзге де өзгеріс ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
9. Девелоперлер қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ жергілікті жерде шығарылған тауарларды Қазақстан Республикасында мүмкіндігінше және қолжетімділітіне қарай пайдалану үшін және қаржы институттары қоятын талаптарды қоса алғанда, Ірі жобалардың сапалық, техникалық және басқа да талаптарын ескере отырып, оқшаулау мәселесін зерделеу үшін барлық ақылға қонымды коммерциялық күш-жігерді жұмсайды.
6-бап
Дауларды шешу
1. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және/немесе қолдануға байланысты туындайтын даулар Тараптар арасындағы екіжақты консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.
7-бап
Келісімнің қолданылу саласы және қолданысы
Осы Келісім жаңартылатын энергия көздері саласындағы Ірі жобаларды қолдау үшін әзірленді, Осы Келісім энергетика және (немесе) тұрақты даму саласындағы Тараптардың ынтымақтастығының барлық аспектісін реттеуге арналмаған және Тараптар ынтымақтастық туралы кез келген басқа да шарт жасасу құқығын өзіне қалдырады.
Осы Келісімнің ережелері Тараптардың өздері және олардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелерін қозғайтын ретінде түсіндірілмейді.
8-бап
Күшіне енуі, өзгерістер мен толықтырулар, қолданылу мерзімі
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптың оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң өз қолданысын тоқтатады. Осы Келісімнің тоқтатылуы қол қойылған және күшіне енген Ірі жобалар бойыиша құжаттаманың заңды күшіне әсер етпейді.
3. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге қосымшалар түрінде қосылатын басқа да Ірі жобаларды қоса алғанда, оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бұл өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Осы Келісім Баку қаласында 2024 жылғы "12" "қараша" әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімге ҚОСЫМША
Осы Қосымша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы қелісімнің Ірі жобаларға және олардың Девелоперлеріне қатысты 2-бабының ережелеріне сәйкес дайындалды,
Ірі жобалар үшін ЭСШ-тың қолданылу мерзімі 25 жылды құрайды. Девелоперді Келісім Тараптары төмендегі кестеде көрсетілген Ірі жобалар тізбесіне сәйкес айқындайды:
Ірі жобалар тізбесі | ||||
Р/с № | Жоба атауы | Девелопер | Индикативті баға | ЭЖЖ |
I | Қуаты 500 МВт ЖЭС жобасы | China Power International Holding Limited (акциялардың бақылау пакетіне иелік етеді) және "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы | 4,25 АҚІІІ центі/kWh | 150 МВт/300 МВт*сағ |
2 | Қазақстан Республикасының Павлодар облысындағы қуаты 500 МВт ЖЭС жобасы | China Power International Holding Limited (акциялардың бақылау пакетіне иелік етеді) және "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы | 4,25 АҚШ центі/kWh |
150 МВт/300 |
3 | Қазақстан Республикасының Түркістан облысы Сауран ауданындағы қуаты 300 М Вт КЭС жобасы | China Energy Overseas Investment Co., Ltd. (акциялардың бақылау пакетіне иелік етеді) және "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы | 5,63 АҚШ центі/kWh | 180МВ-т/360 МВтч (90МВт/360 МВт *сағ) |
4 | Қазақстан Республикасының Қарағанды облысындағы қуаты 500 МВт ЖЭС жобасы | China Energy Overseas Investment Co., Ltd. (акциялардың бақылау пакетіне иелік етеді) және "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы |
4.25 АҚШ |
150МВ17300 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭЖЖ - Электр энергиясын жинақтау жүйесі;
ЖЭС - жел электр станциясы;
КЭС - күн электр станциясы.
