2023 жылғы 8 маусымда Сочиде жасалған Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісім мынадай ескертпемен ратификациялансын:
"Қазақстан Республикасына осы Келісімнің V тарауын болжамды бұзудан туындайтын талап қойылған жағдайда осы Келісімнің "Тарап пен екінші Тараптың инвесторы арасындағы дауларды шешу" деген 36-бабының 5-тармағы а) тармақшасының тәртібімен дауды аралық соттың орнына "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты (АХҚО Соты) қарауға тиіс.".
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |