"Тiкелей "Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы"
Z970075_
1997
жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасы инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы
етедi:
Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының инвестициялар
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Инвестордың арасында жасалған
келiсiм-шартты тiркеудiң тәртiбi туралы нұсқаулық" және "Келiсiм-шартты
тiркеу туралы куәлiктiң" нысаны бекiтiлсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы
инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 28 наурыздағы
N 3 қаулысымен
бекiтiлген
"Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi мен Инвестордың арасында
жасалған келiсiм-шартты тiркеудiң тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
Осы нұсқаулық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Z970075_ 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрлендi және Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Комитет) мен бекiтiлген инвесторлардың (бұдан әрi - инвестор) арасында жасалған келiсiм-шарттарды (оның iшiнде тiркелген келiсiм-шарттарға өзгерiстер мен толықтыруларды) тiркеудiң тәртiбiн айқындайды.
1. Келiсiм-шарттарды тiркеудiң мақсаты
Комитет пен инвестордың арасындағы келiсiм-шартты (бұдан әрi - келiсiм-шарт) тiркеу:
келiсiм-шарттың жасалу фактiсiн ресми растау және Комитет атынан инвесторға Қазақстан Республикасының белгiленген жеңiлдiктерi мен преференцияларын беру;
келiсiм-шарттың күшiне ену күнi белгiлеу және келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмiн айқындау;
жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген инвесторларды есепке алу үшiн келiсiм-шартқа тiркеу нөмiрiн беру;
инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын бақылау;
мемлекеттiк қадағалау, тiркеу және статистика органдарына берiлген жеңiлдiктер мен преференцияларды және олардың қолданылу мерзiмiн көрсете отырып тiркелген келiсiм-шарттардың саны туралы ақпарат беру мақсатында жүргiзiледi.
2. Тiркеу мерзiмi
Келiсiм-шартты Комитет пен инвестор қол қойған сәттен бастап он бес күннiң iшiнде Комитеттiң әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау Дирекциясы тiркеуi тиiс. Келiсiм-шартты тiркеу үшiн белгiленген нысанда өтiнiмде көрсетiлген құжаттар мен Комитеттiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шартқа сараптама
ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi (оның iшiнде сарапшылардың қызметiн
пайдаланғаны үшiн) шығындарын инвестордың өтегенiн растайтын құжаттардың
болуы қажет.
3. Келiсiм-шарттың күшiне ену күнi
Келiсiм-шарт, егер келiсiм-шартта күшiне енуiнiң өзге, кешiрек
мерзiмi көзделмесе, Комитеттiң әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау
Дирекциясында тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
4. Келiсiм-шартқа өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу
Келiсiм-шартқа өзгерiстер мен толықтырулар осы нұсқаулықтың 2 және
3-бөлiмдерiнде белгiленген тәртiппен тiркелуi тиiс.
5. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк
Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк Комитет пен инвестордың арасында
жасалған келiсiм-шарттың тiркеу фактiсiн растайтын құжат болып табылады,
Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiкте:
келiсiм-шарттың тiркеу нөмiрi;
келiсiм-шарттың жасалған күнi мен қолданылу мерзiмi;
инвесторға берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар;
берiлген жеңiлдiктер мен преференциялардың қолданылу мерзiмi;
берiлген заттық гранттар көрсетiледi.
Инвесторға заттық гранттар бөлiнген кезде келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiкке заттық гранттар ретiнде берiлетiн мүлiк пен мүлiктiк құқықтарды тәптiштеп сипаттайтын құжаттар қоса берiледi.
Инвестормен келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк аталған инвестордың онда көрсетiлген жеңiлдiктер мен преференцияларды алуын куәландыратын ресми құжат болып табылады.
6. Келiсiм-шартты тiркеуден бас тарту
Комитеттiң әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау Дирекциясы келiсiм-шартты мынадай жағдайларда:
инвестордың Комитетке берген кез келген мәлiметтерiнде елеулi фактiлердi бұрмалағаны немесе жасырғаны анықталғанда;
инвестор Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанда;
инвестор осы нұсқаулықтың 2-бөлiмiн бұзғанда тiркеуден бас тарта алады.
Бас тарту анықталған жолсыздықтарды жою мерзiмi көрсетiлiп жазбаша нысанда ресiмделедi.
Инвестор мен Комитеттiң арасында келiсiм-шартты тiркеуден бас тартуға байланысты туындаған даулар көбiне келiссөздер жүргiзу жолымен, оның iшiнде тәуелсiз сарапшыларды тарата отырып шешiледi.
Егер Комитет пен инвестор келiсiм-шартты тiркеуден бас тартудың құқықтылығы туралы дауды реттеу бойынша келiссөздердiң нәтижесiнде өзара қабылданымды шешiмге келе алмаса, онда келiсiм-шартты тiркеуден бас тартуға инвестор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
7. Келiсiм-шартты тiркеу туралы ақпаратты жариялау
Келiсiм-шарт тiркелген соң Комитеттiң жарнама және үйлестiру
Дирекциясы он күн iшiнде тиiстi мемлекеттiк және жергiлiктi органдарды
келiсiм-шарттың тiркелгенi туралы хабарландырады және бiр айдың iшiнде
бұқаралық ақпарат құралдарында жобаға салым сомаларын және құрылатын жұмыс
орындарының санын көрсетiп Комитетте тiркелген келiсiм-шарттардың тiзбесiн
жариялайды.
Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi
Келiсiм-шартты тiркеу туралы
КУӘЛIК
__________________________ 199 ж. "____"________________
(келiсiм-шарттың тiркеу нөмiрi)
Осымен Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi мен __________________________________________ арасында жасалған
келiсiм-шарт тiркеледi. КҰЖК коды
_________________________________________________________ Инвестициялық
жобаның атауы және оны жүзеге асыру орны
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi _________________________________
Берiлген мемлекеттiк заттық гранттар ______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қолданылу мерзiмi _________________________________________________
Табыс салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер _________________________
___________________________________________________________________
Қолданылу мерзiмi__________________________________________________
Жер салығы бойынша жеңiлдiктер_____________________________________
___________________________________________________________________
Қолданылу мерзiмi _________________________________________________
мүлiкке салынатын салық бойынша берiлетiн жеңiлдiктер _____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кеден бажы бойынша берiлген жеңiлдiктер ___________________________
___________________________________________________________________
Қолданылу мерзiмi _________________________________________________
Лауазымы
М.О._________________ ___________________________
(қолы) лауазымды адамның аты-жөнi
___________________________________________________________________
