2. Зерделік меншік объектілері (ЗМО) түріндегі салымдарды құндық бағалау немесе құрылатын кәсіпорындардың жарғылық капиталына ЗМО мүліктік құқылыққа, сондай-ақ ғылыми-техникалық салаларды жекешелендіру кезінде осы Тәртіптің қолданылуы міндетті.
3. Материалдық емес активтер құрамына олардың құндары көрсетіле отырып, келесі зерделік меншігі объектілеріне (бұдан әрі ЗМО) құқылықтарының есепті бірліктері енгізіледі:
- өнертабыстар патенттеріне жататындардан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- өнеркәсіп үлгілері патенттеріне жататындардан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- пайдалы модельдер патенттеріне жататындардан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- тауар таңбалары куәліктеріне жататындардан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері және тауар шығу жерінің атауы туралы" заңы);
- өсімдіктердің және жануарлар тұқымының жаңа сорттары патенттеріне жататындардан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының "Селекциялық жетістіктер туралы" заңы);
- басқа адамдардың иелігіндегі, патенттермен қорғалатын, өнертабыстарды пайдалануға лицензиялық шарттар жасасудан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- басқа адамдардың иелігіндегі, патенттермен қорғалатын, өнеркәсіп үлгілерін пайдалануға лицензиялық шарттар жасасудан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- басқа адамдардың иелігіндегі, патенттермен қорғалатын, пайдалы модельдерді пайдалануға лицензиялық шарттар жасасудан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының Патент заңы);
- басқа адамдардың иелігіндегі куәліктермен қорғалатын, тауар таңбаларын пайдалануға лицензиялық шарттар жасасудан туындайтын құқылықтар (Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері және тауар шығу жерінің атауы туралы" заңы);
- "Ноу-хау" беру туралы шарт негізінде берілетін "ноу-хауға" ерекше
құқық және "Ноу-хауды" беру туралы шарт бойынша тараптар ретінде қатысушы
кәсіпорындарды құжаттармен бекіту;
- авторлық құқық объектілеріне жататындарға және шектес құқықтарға
құқылықтар (Қазақстан Республикасының "Авторлық құқылықтар және шектес
құқылықтар туралы" заңы);
- ЗМО-ға мемлекеттік құжаттармен бекітуді қажет етпейтін ерекше
құқылықтар (интегральдық микросхемалар топологиясы, ЭЕМ арналған
бағдарламалар, мәліметтер базасы және авторлық құқықтық басқа да
объектілері. Қазақстан Республикасының авторлық және шектес құқылықтар
туралы заңы).
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.
