Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сауран ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 140 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6488-13 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Сауран аудандық мәслихатының төрағасы | С. Байсбаев |
