Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2026 жылғы 13 ақпандағы № 223 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 ақпанда № 37978 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лисаков қалалық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      Лисаков қаласы мәслихатының "Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7807 болып тіркелген) шешімі;

      Лисаков қаласы мәслихатының "Мәслихаттың 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 23 қарашадағы № 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10093 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихатының төрағасы К. Мухамадиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады