Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 7807 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2026 жылғы 13 ақпандағы № 223 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 13.02.2026 № 223 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.11.2023 № 56 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" (бұдан әрі – Кодекс) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабына сәйкес және Лисаков қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.11.2023 № 56 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзетуді жүзеге асырсын.

      Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.11.2023 № 56 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Д. Мироненко
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Шалдыбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы

      бойынша Мемлекеттік

      кірістер департаментінің

      Лисаковск қаласы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ Ф. Сариев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Лисаков қаласы

      әкімдігінің жер

      қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ___________ Е. Казиев

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 23 қарашадағы
  № 56 шешіміне
  қосымша

Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.11.2023 № 56 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Аймақтың нөмірі

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+)

1

1

+50

2

2

+40

3

3

+30

4

4

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады