Қостанай қалалық мәслихаты кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 214 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 қаңтарда № 37813 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8144 болып тіркелген);

      2) "Мәслихаттың "Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 65 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10090 болып тіркелген).

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қостанай қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А. Исмаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады