ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8144 болып тіркелген);
2) "Мәслихаттың "Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 65 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10090 болып тіркелген).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қостанай қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | А. Исмаилов |