ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 5 – тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 486 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38416 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидаларында:
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құрылыс объектілерін салуға белгіленген жауапкершілік деңгейін Тапсырыс беруші айқындайды және құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін ескере отырып, жобалау процесінде жобалау ұйымы растайды.
Бірінші (жоғарылатылған), екінші (қалыпты) және үшінші (төмендетілген) жауапкершілік деңгейіне жататын көлік және инженерлік инфрақұрылымның желілік құрылыстарын қоса алғанда, құрылыс объектілерінің тізбесі осы Қағидалардың 2-тарауында келтірілген.
Жауапкершіліктің белгіленген деңгейі объектінің техникалық сипаттамасы ретінде құрылыс жобасының бастапқы материалдарында (жалпы түсіндірме жазбада және құрылыс жобасының тиісті бөлімдерінде) көрсетіледі.
Жаңа ғимараттар мен құрылыстар кешенін салуды немесе қолданыстағы ғимаратты немесе құрылысты өзгертуді (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) көздейтін құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі жауапкершіліктің неғұрлым жоғары деңгейі бар ғимарат (құрылыс) бойынша белгіленеді. Инженерлік желілер мен коммуникациялар үшін жауапкершілік деңгейі осы Қағидаларға сәйкес техникалық сипаттамалар бойынша айқындалады.";
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
арнайы жасанды микроклимат құрылғыларын талап ететін және (немесе) арнайы күзет немесе террорға қарсы іс-шараларды талап ететін әкімшілік республикалық басқару органдарының ғимараттары, республикалық маңызы бар мұражайлардың, мемлекеттік мұрағаттардың ғимараттары, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты объектілер;
геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
қарапайым геологиялық жағдайлары бар аудандар үшін биіктігі 25 қабат және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар;
құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан көп балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары бар аудандардағы биіктігі 12 қабаттан жоғары (жоғарғы техникалық қабатты есептемегенде) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар;
ауысымда 480-нен артық адам қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
травматологиялық және хирургиялық бөлімдері, сондай-ақ 50-ден астам төсек орынға арналған стационарлары бар аурухана ғимараттары;
спорттық-ойын-сауық, мәдени-ойын-сауық және ғибадат үйлері немесе оларда бір мезгілде 500-ден астам адам болатын (сыйымдылығы) ашық ғимараттар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 1 200-ден астам адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
200 не одан да көп жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету
кәсіпорындарының ғимараттары;
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;
сыйымдылығы 1 500 оқушыдан (қоса алғанда) астам жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;
құрылыс жобасында мынадай сипаттамалардың бірі көзделген конструктивтік шешімдері және (немесе) конструкциялары бар бірегей құрылыс объектілері:
тұрғын үй және көп функционалды объектілерді қоспағанда, биіктігі 50 метрден астам;
өндірістік объектілерді қоспағанда, 50 метрден астам аралықтар;
консольдің 15 метрден артық болуы;
жерасты бөлігін жердің жоспарлы белгісінен төмен 10 метрден астам немесе жерасты қабаттарының саны екеуден артық тереңдету;
оларға қатысты физикалық және геометриялық желілік емес қасиеттері ескеріле отырып, стандартты емес есептеу әдістері қолданылатын немесе жобалауға және құрылыс салуға арналған арнайы техникалық шарттар әзірлеу талап етілетін конструкциялар мен конструкциялық жүйелердің болуы;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері, оның ішінде тергеу изоляторлары, түзеу колониялары, түрмелер, инфрақұрылым объектілерімен (медициналық қызмет көрсету объектілері, өндірістік кешендер және басқа да объектілер).";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін 6 қабаттан 25 қабатқа дейінгі (жоғарғы техникалық қабатты есепке алмағанда) тұрғын және көпфункционалды ғимараттар;
қарапайым геологиялық жағдайлары бар аудандар үшін биіктігі 3-тен 25 қабатқа дейінгі әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар (жоғарғы техникалық қабатты есептемегенде);
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 6 қабаттан 12 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 12 қабатқа дейінгі (қоса алғанда) (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылыстар;
ауысымына 50-ден 480-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
сыйымдылығы 50 орыннан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттары;
травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалардың ғимараттары, сондай-ақ 50 және одан кем төсек орынға арналған стационарлар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ден 500-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, мәдени-ойын-сауық және жабық діни ғимараттары немесе ашық құрылыстар;
бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ден 1200-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;
50-ден 200-ге дейін жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;
сыйымдылығы 50 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;
сыйымдылығы 600 оқушыдан (қоса алғанда) 1 500 оқушыға дейінгі жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;
сыйымдылығы 600 оқушыдан асатын (қоса алғанда) жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ғимараттары, сондай-ақ оқу зертханалары мен шеберханалары бар көрсетілген ғимараттар;
бір мезгілде 10 бірліктен астам көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан асатын, жер астындағы биіктігі 2 қабаттан асатын жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтар;
вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан асатын (қоса алғанда) тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер.";
9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. өзге құрылыстар:
0,3 Мега Паскальға дейінгі (қоса алғанда) қысыммен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
өнімділігі тәулігіне 500 текше метрге дейінгі (қоса алғанда) сорғы станциялары мен су жинағыштар;
траншеясыз тәсілмен орындалған кездегі шартты (ішкі) диаметрі 500 миллиметрге дейінгі топтық су таратқыштар мен кәріз коллекторлары;
шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен жабдықтау үшін су жинау ұңғымалары мен олардағы құрылыстарды жайластыру;
шартты (ішкі) диаметрі 350 миллиметрге дейінгі сыртқы жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
жұмыс қысымы 1 Мега Паскальдан кем, шартты (ішкі) диаметрі 300 миллиметрге дейін (қоса алғанда) сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарату (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері, тұрғындар саны 500 адамнан кем жекелеген тұрғын үй кешендеріне арналған су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары;
биіктігі 45 метрге дейінгі (қоса алғанда) антенналық-діңгекті байланыс құрылыстары;
кернеуі 35 кило Вольтқа дейін (қоса алғанда) электр беру желілері мен өзге де электр желілік шаруашылық объектілері;
кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 Киловаттан асатын электрмен жабдықтау желілері;
байланыс желісінің аймақтық және жергілікті желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары;
IV және V санаттағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;
елді мекендердің құрылыс салу аумағын, қоса алғанда:
аумақты инженерлік дайындауды;
электрмен жабдықтау және сыртқы электрмен жарықтандыруды;
жергілікті сумен жабдықтау (оның ішінде суару желілерін) және су бұру жүйелерін;
шағын сәулеттік нысандарды және сәндік-көркемдік құрылыс элементтерін;
өтпе жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының жол төсемдерін;
балалардың ойын алаңдары мен аттракциондарды;
тұрақ құрылыстары мен су құрылыстарын қоса алғанда, абаттандыру және көгалдандыру.
екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер;
жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
алаңішілік байланыс желілері;
қолданыстағы инженерлік желілерді өзгертусіз үй жанындағы және саяжай учаскелерінің аумағы;
контейнерлік, блоктық және модульдік орындаудағы мобильдік кешендер, сондай-ақ құрастырмалы- бөлшектелетін конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттар (құрылыстар);
өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және улы заттар бойынша қауіпті емес уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар немесе құрылыстар (қоймалар мен қоймалар (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап етеді, жылыжайлар, парниктер, павильондар;
маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстары;
автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждар;
олардың жағдайын, салыну тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырлардың диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеу жобасын әзірлеу кезінде желілік инженерлік желілер мен ондағы құрылыстар;
ашық спорт алаңдары, тротуарлар, ғимараттар (құрылыстар) маңында тас төсеніштер төсеу;
технологиялық ресурс таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдық бірліктері;
электр коррозиясынан қорғау жобасын әзірлеу кезіндегі инженерлік желілер;
жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі жеке кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылыстар);
тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық қасиеттерін нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақты кесуді) талап етпейтін, оларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) кезінде тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) жеке тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар;
қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін (талап етпейтін) қайта жоспарлау (қайта жабдықтау) кезіндегі өндірістік емес мақсаттағы жекелеген үй-жайлар;
кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 Киловаттқа дейінгі электрмен жабдықтау желілері;
аула үлгісіндегі тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және су бұру желілері;
жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілері және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау;
конструктивті шешімдерсіз абаттандырудың жеке жобасын әзірлеу кезінде объект маңындағы аумақ (нақты объектінің аумағындағы жер учаскесі);
конструктивті шешімдерсіз абаттандырудың жеке жобасын әзірлеу кезіндегі объект маңындағы аумақ (нақты объектінің аумағындағы жер учаскесі);
биіктігі 9 метрге дейінгі байланыс, жарықтандыру құрылыстарын, қоршауларды және осыған ұқсас құрылыстарды салу.".
2. "Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38588 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын қағидаларында:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарын құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарын құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және мына тәртіптерді анықтайды:
1) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарының сараптама ұйымдары мен мемлекеттік сараптама ұйымын құру, мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту;
2) қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мемлекеттік сараптама ұйымының сараптама топтарын құру, мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту.";
2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) маман – тиісті салада арнайы білімі бар, мемлекеттік сараптама ұйымының немесе сараптама ұйымының штатында жұмыс істейтін не шарт негізінде тиісті бөлімдер (бөліктер) бойынша құрылыс жобалары және (немесе) қала құрылысы жобалары жөніндегі сараптамалық топтардың жұмысына қатысу үшін тартылатын, қызметі сертификаттауға (аттестаттауға) жатпайтын білікті маман;
5) мамандандырылған институт немесе ұйым – құрылыс жобасының және (немесе) қала құрылысы жобаларының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама топтардың жұмысына қатысу үшін ғылыми-зерттеу институттары, жобалау немесе жобалау-іздестіру ұйымдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қағидалардың 5 және 12-пункттерінде көрсетілген сараптама топтарының мүшелеріне жобаларға сараптама жүргізу барысында алынған қызметтік ақпаратты жария етуге жол берілмейді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарын құру және мамандарды (сарапшыларды) (арнайы институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі";
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарын құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымы немесе мемлекеттік сараптама ұйымы сараптама топтарын құрады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сараптама топтары құрамына құрылыс жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша штаттық сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ қажет болған жағдайда құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына қатысу үшін шарттық негізде тартылатын сарапшылар кіреді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сараптама топтарының құрамына сараптама ұйымы немесе мемлекеттік сараптама ұйымы, ерекше жоғары мамандандырылған білім мен тәжірибенің болуын (шоғырлануын) талап ететін, сондай-ақ материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде бірегей объектілерді салу жобалары, қажет болған жағдайда, өзге де объектілерді, салу бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде мамандарды немесе мамандандырылған ұйымдарды шарттық негізде тартады.";
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарын құру, мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы сараптама топтарын құрады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сараптама топтарының құрамына қала құрылысы жобасының тиісті тараулары (бөлімдері) бойынша штаттық сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ қажет болған жағдайда қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін шарттық негізде тартылатын сарапшылар кіреді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Сараптама топтарының құрамына мемлекеттік сараптама ұйымы қажет болған жағдайда шарттық негізде ерекше немесе жоғары мамандандырылған білімі мен тәжірибиенің болуын (шоғырлануын) талап ететін жағдайларда мамандарды немесе мамандандырылған ұйымдарды тартады.".
3. "Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы бойынша сараптамалық қорытындыларды рәсімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 225 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы бойынша сараптамалық қорытындыларды рәсімдеу қағидаларында:
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) құрылыс жобасы – Кодекстің тиісті талаптарына жауап беретін, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік даярлау, абаттандыру үшін сметалық есептемелерді қамтитын жобалау-сметалық құжаттама. Құрылыс жобаларына құрылыс объектілерін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жобалары да кіреді;";
мынадай мазмұндағы 4-тармақтың 7) тармақшасымен толықтырылсын:
"7) оқшау сараптама қорытындысы – құрылыс жобасы сараптамасының аяқталу кезеңін қоспағанда, жекелеген объектілердің құрылыс жобаларына сараптама жасаудың, құрылыс жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша ерекше реттеудің және қала құрылысын регламенттеудің, сондай-ақ сараптамалық сүйемелдеудің әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін, құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамасының қорытындысы.";
6-тармақтың 2) тармақшаcы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бөлімнің атауы, сертификаттың (аттестаттың) нөмірін (бар болса) көрсете отырып, эксперттік топтары мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау үшін бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарының шарттарына сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы ақпаратты, сондай-ақ жобалау шешімдері мен есептерінде қала құрылысы және техникалық регламенттерінің талаптарын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерін сақтауды қамтитын қабылданған жобалық шешімдерді бағалау туралы;";
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
4) қаралған құрылыс жобасы бөлімдерінің (бөліктерінің) әрқайсысы бойынша олардың мамандануына сәйкес сараптама топтарының мүшелері;
Құпиялық белгісі қойылған немесе "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құрылыс жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар қағаз жеткізгіште ресімделеді, Қағидалардың осы тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен қол қойылады және сараптамалық топтардың мүшелерімен олардың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы, сертификатының (аттестаттың) нөмірі және оны берген күні көрсетілген мөрлермен куәландырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша сараптама ұйымдарының сараптамалық қорытындылары электрондық нысанда беріледі және ЭЦҚ-мен куәландырылады:
осы сараптама ұйымының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға;
жобаланатын объектінің функционалдық мақсатына немесе жобаның тиісті бөлімдеріне (бөліктеріне) байланысты осы құрылыс жобасы бойынша басшылық қызметтерді атқаратын мамандар;
қаралған құрылыс жобасының бөлімдерінің (бөліктерінің) әрқайсысы бойынша олардың мамандануына сәйкес сараптама топтарының мүшелері.";
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жобаның осы бөлігін оң бағалау кезінде бекітуге ұсына отырып, кезеңдердің әрқайсысы бойынша жергілікті сараптама қорытындылары;";
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бөлімнің атауы, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау үшін бастапқы материалдардың талаптарына сертификаттың (аттестаттың) (бар болса) нөмірін және бөлімнің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы ақпаратты көрсете отырып, сараптама топтары мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жобалау шешімдерінде және қала құрылысы талаптарының есептерінде мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың регламенттерін, нормалары мен ережелерінің сақталуы;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Құпиялық белгісі қойылған немесе "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қала құрылысы жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар қағаз жеткізгіште ресімделеді, осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен қол қойылады және сараптамалық топтардың мүшелерімен олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, сертификатының (аттестатының) нөмірі және оны берген күні көрсетілген мөрлермен куәландырылады.".
4. "Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38739 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:
12 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Кодекстің 104-бабының 2) тармақшасында көзделген құрылыс жобалары бойынша ұсынылған құрылыс жобасының, сондай-ақ бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарының жиынтығы мен құрамын мемлекеттік сараптама ұйымы өтінім түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың ережелеріне сәйкестігін тексереді.
Кодекстің 109-бабының 1-тармағында көзделген құрылыс жобалары бойынша ұсынылған құрылыс жобасының, сондай-ақ бастапқы материалдардың және (немесе) рұқсат беру құжаттарының жиынтығы мен құрамын Порталмен интеграцияланған мемлекеттік емес цифрлық жүйенің операторы өтінім түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың ережелеріне сәйкестігін тексереді.";
мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Құрылыс жобаларының жиынтығы мен құрамын, сондай-ақ құпиялылық белгісі бар немесе "қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құрылыс жобалары бойынша бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын тексеруді мемлекеттік сараптама ұйымы өтінім түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың ережелеріне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.";
13 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Осы Қағидалардың 12 және 12-1-тармақтарында көзделген көрсетілген мерзім өткеннен кейін құрылыс жобасының жиынтықталмауы немесе оның құрамы бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, тапсырыс берушіге құрылыс жобасын ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қабылдаудан бас тарту және жетіспейтін бастапқы материалдарды және рұқсат беру құжаттарын және (немесе) жобалық шешімдерді көрсете отырып, оны қараусыз қайтару туралы ресми хабарлама жіберіледі.
Құрылыс жобасының қажетті жиынтықтылығы мен құрамы расталған жағдайда Тапсырыс берушімен құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге шарт жасасу рәсімдері жүзеге асырылады.";
21 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қазынашылық органдарында тіркелуге жататын құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оған тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қазынашылық органдарына тіркеуге жібереді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін тапсырыс беруші қазынашылық органдарына тіркеуге жібермеген шарт одан әрі орындалуға жатпайды және құрылыс жобасы тапсырыс берушіге қараусыз қайтарылады.";
22 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мемлекеттік сараптама ұйымы мен сараптама ұйымдары құрылыс жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына қатысу үшін сараптама топтарын құрады, сондай-ақ мамандарды немесе мамандандырылған ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды жұмылдырады.";
23 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сараптама топтарының мүшелері:
1) тапсырыс берушілерден қажетті материалдар мен ақпаратты сұратады және алады, құжаттарды сарапшы белгілеген мерзімде ұсынады;
2) осы Қағидалардың 31, 32, 33, 34 және 78-тармақтарында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, дәлелді және негізделген ескертулер береді.";
28 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдерін мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымы белгілейді, бірақ олар келесі мерзімдерден аспайды:
1) 15 (он бес) жұмыс күні:
мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен кешігу болмаған жағдайда жобалық шешімдерді өзгертпей сметаны қайта қарауды жүргізу туралы Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - ҚР АК) 655-бабының 3-тармағына сәйкес, мердігер өтініш білдірген кезде құрылыс ресурстары құнының өсуіне байланысты шарт жасалған күнге келтірілген сметалық құны кемінде он пайызға ұлғайтылатын сметалық құжаттаманы түзету жобалары бойынша;
құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстарды бастау жоспарланған күннен бастап бір жыл өткен соң конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржыландыру көзделмеген мемлекеттік инвестициялар есебінен объектілерді салуға арналған сметалық құжаттаманы түзету жобалары бойынша;
жобалық шешімдерді өзгертпей бұрын бекітілген сметалық құжаттаманың құнын ұлғайтуды көздейтін сметалық құжаттаманы түзету жобалары бойынша;
2) 30 (отыз) жұмыс күні:
жауапкершіліктің үшінші деңгейіне жататын құрылыс объектілерін салу жобалары бойынша;
сметалық құжаттаманы есептеу әдістемесін өзгертуді көздейтін жобалық шешімдерді өзгертпей сметалық құнын түзету объектілерін салуға арналған жобалар бойынша;
3) 45 (қырық бес) жұмыс күні:
жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейлеріне жататын құрылыс объектілерін салу жобалары бойынша;
аяқталмаған құрылыс объектілерін салу немесе өз бетінше салу жобалары бойынша;
4) 60 (алпыс) жұмыс күні жалпымемлекеттік немесе мемлекетаралық маңызы бар құрылыс объектілерін, функционалдық мақсатына қарамастан бірегей құрылыс объектілерін салу жобалары бойынша.";
29 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Жүзеге асыру мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күні болатын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жағдайында сараптама жүргізу мерзімін 15 (он бес) жұмыс күніне ұзартуға жол беріледі. Мерзімді ұзарту туралы өтінішті тапсырыс беруші мынадай өлшемшарттардың бірі болған кезде береді:
1) құрылыс объектісінің бірегейлігі;
2) төмендегі бір немесе бірнеше ресми құжатқа енгізілген, жалпымемлекеттік немесе мемлекетаралық маңызы бар құрылыс объектілерінің:
халықаралық шарт;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе оның орынбасарлары берген құрылыс объектісін іске асыру жөніндегі хаттамалық және өзге де тапсырмалар.
Құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімін 15 (он бес) жұмыс күніне ұзарту мемлекеттік сараптама ұйымы сарапшысының немесе сараптама ұйымдарының ескертулері бойынша құрылыс жобасын тапсырыс беруші пысықтау мақсатында жүзеге асырылады.".
5. "Бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу және олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38775 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу және олардың сараптамасын ұйымдастыруға арналған порталды жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құрылыс жобасы – Кодекстің тиісті талаптарына жауап беретін, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру үшін сметалық есеп-қисаптарды қамтитын жобалау-сметалық құжаттама. Құрылыс жобаларына құрылыс объектілерін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;";
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жобаларды әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыруға арналған портал (бұдан әрі – Портал) – "бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу мен сараптау процестерін ұйымдастыру үшін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелерінің сервистері мен автоматтандырылған қызметтеріне орталықтандырылған қол жеткізу үшін бірыңғай алаң ұсынатын цифрлық жүйе;";
7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қала құрылысы жобалары мен құрылыс жобалары бойынша бастапқы материалдарды келісуді және (немесе) беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе ұйымдар (бұдан әрі – Келісуші инстанциялар).";
3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. "Бір терезе" қағидаты бойынша бастапқы материалдарды беру және (немесе) жобаны келісу процесін ұйымдастыру";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Бастапқы материалдарды келісу және (немесе) беру процестерін ұйымдастыруды Портал арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша келісуші инстанциялар жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 28-1 тармақпен толықтырылсын:
"28-1. Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілері үшін құрылыс жобаларын келісу және (немесе) оған бастапқы материалдарды беру процестерін ұйымдастыру мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен Порталда жүзеге асырылады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Тапсырыс беруші Портал арқылы тиісті өтінімді Порталда тіркелген келісуші органдардың қарастыруына жолдайды.";
мынадай мазмұндағы 30-1 тармақпен толықтырылсын:
"30-1. Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілері үшін құрылыс жобаларын келісу және (немесе) оған бастапқы материалдарды беру процестерін ұйымдастыру мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен Порталда жүзеге асырылады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Келісуші органның лауазымды тұлғасы ұсынылған құжаттаманы өтінімді қарау нәтижелері бойынша электрондық нысанда келісу туралы құжатты Порталға енгізеді және оны электрондық-цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып куәландырады.
Келісуші органның жеке цифрлық жүйесінің Порталмен интеграциясы болған жағдайда өтінімді қарау нәтижелері бойынша құжат интеграция арқылы ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 31-1 тармақпен толықтырылсын:
"31-1. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша құжатты тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, Портал автоматты түрде тіркейді.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Интеграция шеңберінде Портал мемлекеттік функцияларды іске асыру немесе мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелерімен (бұдан әрі - салалық цифрлық жүйелер), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық жүйелерімен деректер алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік емес цифрлық жүйелерді интеграциялауды интеграцияланатын цифрлық жүйе операторы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті рұқсатын ұсынған кезде Портал операторы жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 56-1 тармақпен толықтырылсын:
"56-1. Портал операторы Порталда сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік емес цифрлық жүйелер ұсынатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сервистерді және автоматтандырылған қызметтерді орналастырады.".
6. "Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 24 маусымдағы № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39081 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Тапсырыс беруші:
1) дербес немесе басқа мамандарды тарта отырып, салынуы белгіленген объектіні жобалауға арналған тапсырманы жасайды.
Өндірістік мақсаттағы және желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілердің жобалауға арналған тапсырмада тиісті саланың басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіші көрсетіледі.
Жобалау процесінде қосылған құн салығы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзгеруі жағдайында қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішінің жағдайларды қоспағанда, бұрын бекітілген техникалық - экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы және жобалауға арналған тапсырмаға түзету және нақтылау кезінде қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіші өзгертуге жатпайды.
Өндірістік мақсаттағы және желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілерді жаңа салудың инвестициялық жобалары бойынша жобалауға арналған тапсырмада бекітілген қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішінен асуына жол берілмейді.
Тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының қосылған құн салығы бойынша салық заңнамасы өзгерген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың ережелеріне сәйкес күтпеген шығыстар болған жағдайларда, сметалық нормалар және баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қоса алғанда, қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткішін түзетуге жол беріледі.
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органмен келіскеннен кейін, сұйытылған мұнай газын жылумен жабдықтау үшін отын ретінде таңдау кезінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жобалауға арналған тапсырманы келіседі.
Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялар қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада мәліметтері қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде қамтылған қазақстанда шығарылған құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану шарты белгіленеді.
Жобалауға арналған тапсырмада Кодекстің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтің құжаттардың ережелеріне сәйкес мүгедектігі бар адамдар және басқа да халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ "Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32613 болып тіркелген) сәйкес еңбек жағдайларын жасау шарты белгіленеді.
Кодекстің 101 бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын құрылыс жобаларының мемлекеттік банкіне енгізу жөніндегі шарт белгіленеді.
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейтін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын тұрғын үйлердің, инженерлік және көлік инфрақұрылымының, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың жаңа құрылысының жобалары бойынша жобалауға арналған тапсырмада инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құны туралы Тапсырыс берушінің шарты белгіленеді.
Құрылыстың есептік шекті құны құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады және инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаражат лимиті болып табылады.
Жобалау процесінде жобаларды іске асыру үшін тапсырыс беруші қаражатының жалпы (шекті) лимиті болып табылатын құрылыстың есептік шекті құнынын қоспағанда, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырма түзетіледі және нақтыланады. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде алынған құрылыстың сметалық құны бекітілген жобалауға арналған тапсырмада жазылған инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құнынан аспауы тиіс. Жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының әзірленген бөлімдерін қайта өңдеуді талап ететін жобалауға арналған тапсырмасына Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша түзетулер енгізу кезінде орындалған жұмыс көлемін ескере отырып, шартқа қосымша келісім жасалады.
Жобалауға арналған тапсырмада әуеайлақ маңындағы аумақ шегіндегі объектілерді жобалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүргізілетіні көрсетіледі;".