БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31967 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 29 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 25-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" және "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" және "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" және "Жеке және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.";
7- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Қауымдастық жөніндегі тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін мерзім 2 жұмыс күні деп белгіленеді, көрсетілген мерзім Қауымдастық жөніндегі тізбенің 2-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
23- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Аудит жөніндегі тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін мерзім 2 жұмыс күні деп белгіленеді, көрсетілген мерзім Аудит жөніндегі тізбенің 2-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне енгізілмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";
27- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.".
Қағидаларға 1, 4, 5, 8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
|
| 2026 жылғы 19 тамыздағы | |
| № 94 Бұйрыққа 1-қосымша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша |
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Републикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттiк қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетунәтижесі | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар |
11) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 19 тамыздағы № 94 Бұйрыққа 2-қосымша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіптік қауымдастықты аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін өтініш
___________________________________________________________-ға
(мемлекеттік органның толық атауы)
_______________________________________________________ -дан
(толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)
жүзеге асыруға берілген 20__ жылғы "____" _______________ № _____ аккредиттеу
туралы куәлікті қайта ресімдеуді сұраймын.
Мынадай негіз (негіздер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
1) куәлікте қателердің (қате жазулардың) анықталуы ________________;
2) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырылуы
_________________________________;
3) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының орналасқан
мекенжайының өзгеруі _________________________________;
4) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының атауының өзгеруі
_________________________________;
5) қауымдастық жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық-құқықтық
нысанының өзгеруі_________________________________;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
_________________________________.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________
Телефондар _______________________________________________ ____________
парақ қоса беріледі.
Осы өтініш арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға КҚ аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
4) өтініш иесі КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімдігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады
Басшы ____________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20 жылғы "_____" ________________________
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
|
| 2026 жылғы 19 тамыздағы № 94 Бұйрыққа 3-қосымша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 5-қосымша |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 19 тамыздағы |
|
| № 94 Бұйрыққа 4-қосымша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеу қағидаларына 8-қосымша |
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін өтініш
___________________________________________________________ -ға
(халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомство
аккредиттеген ұйымның толық атауы)
_________________________________________________________ -дан
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)
жүзеге асыруға берілген 20__жылғы "____" _______________№_________
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуді сұраймын.
Мынадай негіз (негіздер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
1) қателердің (қате жазулардың) анықталуы _____________________;
2) жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі_________;
3) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырылуы
___________________________________;
4) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының орналасқан мекенжайының
өзгеруі___________________________________;
5) дара кәсіпкер-аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының қайта тіркелуі,
оның атауының өзгеруі___________________________________;
6) аудит жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық-құқықтық нысанының
өзгеруі___________________________________;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың
болуы___.
Жеке немесе заңды тұлғаның мекенжайы __________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________
Телефондар ________________________________________________
____________ парақ қоса беріледі.
Осы өтініш арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
4) өтініш иесі аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімдігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады.
__________________________________________________ (қолы)
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20 жылғы "_____" _____________________________
Өтініш
________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша жеке және заңды
тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру үшін халықтың анитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аккредиттеуші орган ретінде
аккредиттеуді сұраймын.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны: __________________________________________;
2. Құрылған жылы: _____________________________________;
3. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (анықтама)___________________;
4. Мекенжайы: ________________________________________;
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
5. Қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі _________________________;
Ұйымның басшысы: __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Байланыс деректері: _________________________________________
(электрондық пошта, жұмыс және ұялы телефондар)
Осы өтініш арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға КҚ аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
4) өтініш иесі КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімдігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады.
Күні 20__жылғы "____" ______________.
Өтініш 20 _______жылғы "____" ________ қарауға қабылданды.
_______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған жауапты адамның қолы, тегі)
Өтініш
____________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
аккредиттеуді сұраймын.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны: __________________________________________;
2. Құрылған жылы: ____________________________________;
3. Жеке немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік
(анықтама)_________________________________________________;
(№, кім және қашан берді)
4. Мекенжайы: ____________________________________________;
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
5. Қоса берілетін құжаттар _____________________ ________________________.
Ұйымның басшысы __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Күні 20__жылғы "____" ______________. _________________________________
(құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)
Осы өтініш арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға
КҚ аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатыны;
4) өтініш иесі КҚ-ны аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде цифрлық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімдігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады.
