Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 484/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 тамызда № 39627 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 172) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13349 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары – Жасанды
  интеллект және
  цифрлық даму министрі
  2026 жылғы 14 тамыздағы
  № 484/НҚ бұйрығымен
  бекітілген

Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ережесінің 15-тармағы 172) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Архитектуралық-үйлестіруші орталық – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      2) деректерді өңдеу және сақтаудың техникалық құралдары – серверлік-жабдықты, дербес жұмыс станцияларын, дербес тасымалдау құрылғыларын және деректерді сақтау жүйелерін қоса алғанда, есептеу техникасы құралдары;

      3) жалпы жүйелік бағдарламалық қамтылым — техникалық құралдардың, қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеу мен жұмыс істеуінің, сервистік бағдарламалық өнімдердің, цифрлық жүйелер мен интернет-ресурстардың компоненттерін тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық өнім;

      4) жасанды интеллект жүйесі — бір немесе бірнеше жасанды интеллект модельдерінің негізінде жұмыс істейтін цифрлық объект;

      5) құжаттарды басып шығару мен көшіру құралдары – сканерлеу, көшіру және басып шығару құрылғыларының жиынтығы;

      6) санат – цифрлық объектіні қолдану саласы мен оның функционалдық мақсатына сәйкес цифрлық объектілерді сәйкестендіруге арналған цифрлық объектілер сыныптауышының жинақталған цифрлық объектілерінің тобы;

      7) санат сипаттамасы параметрінің индикаторы – санат сипаттамасы параметрінің мәнін бағалау және өлшеу шарасы;

      8) санат сипаттамасының қосалқы параметрі – цифрлық объктінің белгілі ерекшеліктерін сипаттайтын бір жалпы параметрде бірнеше жеке параметрлерді біріктіретін біртекті өлшемшарттардың жиынтығы;

      9) санаттың сипаттамасы – сомалық мәні цифрлық объектінің тобын айқындайтын, цифрлық объктіні сипаттайтын цифрлық объектілер сыныптауышының ерекшелендіру параметрлерінің жиынтығы;

      10) санатты сипаттау параметрлері – цифрлық объектінің функционалдық, техникалық, сапалық немесе пайдалану сипаттамаларын бір мағыналы анықтайтын цифрлық объектілерін сыныптауыштың өлшемшарттары;

      11) серверлік үй-жай мен оның инженерлік инфрақұрылымы – серверлік, желілік жабдықты және құрылымдалған кәбілдік жүйелер жабдығын, сондай-ақ цифрлық деректерді жіберу құралдарын, локальдық есептеу желілерін, Интернетке және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қолжетімділікті қамтамасыз ету құралдарын қоса алғанда, байланыс құралдарын орналастыру мен жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар кешені;

      12) цифрлық объектіні сәйкестендіру (бұдан әрі – сәйкестендіру) –цифрлық объектіні бұдан әрі сыныптау мақсаттары үшін цифрлық объектіні цифрлық объектілердің сыныптауыш санаттарының біреуіне жатқызу;

      13) цифрлық объектінің сыныбы – цифрлық объектілерді сыныптау схемасына сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша берілген цифрлық объекті маңыздылығының дәйектелген деңгейі;

      14) цифрлық объектіні сыныптау (бұдан әрі – сыныптау) – цифрлық объектінің сыныбын беру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

      15) цифрлық объктілерді сыныптау схемасы – цифрлық объектілердің белгіленген санат шеңберіндегі цифрлық объекті тобының талаптарына сәйкестігін бағалау тәсілі;

      16) цифрлық объектілердің сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) – цифрлық объектілерді сәйкестендіруге, санатқа бөлуге, сипаттауға және есепке алуға бағытталған санаттардың жүйеленген тізбесі.

      Цифрлық объектінің сыныптауын жүргізгенге дейін оның меншік иесі немесе иеленуші Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сыныптауыштың тиісті санатына жататынын анықтау, кейіннен Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыныптау схемасына сәйкес объектіге оның маңыздылығының дәйектелген деңгейін көрсететін белгілі бір санат беру арқылы осы объектіні сәйкестендіруді жүзеге асырады. Цифрлық объектілердің сыныптауышы осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

2-тарау. Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      3. Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыруды және жүргізуді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      4. Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру үшін уәкілетті орган Архитектуралық-үйлестіруші орталыққа және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар ұсыну туралы еркін нысанда сұрау салу жібереді.

      Архитектуралық-үйлестіруші орталық және мүдделі мемлекеттік органдар тиісті сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсыныстар ұсынады.

      Уәкілетті орган ұсыныстар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және жинақтайды, оның нәтижелері бойынша цифрлық объектілердің сыныптауышының жобасын қалыптастырады.

      5. Санаттардың, сипаттамалардың, параметрлердің, индикаторлардың, бағалау өлшемшарттарының және сыныптау схемаларының құрамын өзгерту цифрлық объектілердің сыныптауышын жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады.

      6. Цифрлық объектілердің сыныптауышын жүргізу мыналарды:

      1) цифрлық объектілердің сыныптауышына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды жинауды, қарауды және жинақтауды;

      2) оны қолдану тәжірибесіне мониторинг жүргізуді;

      3) цифрлық объектілердің сыныптауышына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қамтиды.

      7. Архитектуралық-үйлестіруші орталықтың және мүдделі мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің сыныптауышына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары уәкілетті органға жолданады және мыналарды қамтиды:

      1) бастамашының атауы;

      2) ұсынылатын өзгерістердің сипаттамасы;

      3) оны енгізу қажеттілігінің негіздемесі;

      4) ұсынысқа жататын цифрлық объектілер туралы мәліметтер;

      5) ықтимал құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық және технологиялық салдарларды бағалау;

      6) ұсынылатын тұжырымдар.

      8. Уәкілетті орган ұсыныс тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде:

      1) ұсынылған материалдарды қарайды;

      2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не ұсыныстан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Ұсыныс қабылданбаған жағдайда уәкілетті орган бастамашыға бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап жолдайды.

      10. Цифрлық объектілердің сыныптауышын өзектендіруге мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруі;

      2) цифрлық объектілердің немесе цифрлық технологиялардың жаңа түрлерінің пайда болуы;

      3) архитектуралық, технологиялық немесе ұйымдастырушылық тәсілдердің өзгеруі;

      4) санаттар мен өлшемшарттардағы олқылықтардың, қайталанудың не екіұштылықтың анықталуы;

      5) цифрлық объектінің сыныбын бірізді айқындаудың мүмкін болмауы;

      6) сыныптауышты мониторингтеу және қолдану практикасының нәтижелері;

      7) сыныптауышты халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес келтіру қажеттілігі негіз болып табылады.

  Цифрлық объектілердің
сыныптауышын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Цифрлық объектілердің сыныптауыш санаттары

Коды

Цифрлық объектілердің сыныптауыш санаттарының атауы

1. Цифрлық ресурстар

1.1.

Жеке және заңды тұлғалардың сәйкестендіру деректері

1.2.

Жеке және заңды тұлғалардың мүліктері мен мүліктік құқықтары туралы деректер

1.3.

Жеке және заңды тұлғалардың білімі мен біліктілігі туралы деректер

1.4.

Жеке тұлғалардың туыстық байланыстары туралы деректер

1.5.

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы мәліметтер

1.6.

Жылжымайтын мүлік объектілері туралы деректер

1.7.

Инфрақұрылым объектілері туралы деректер

1.8.

Көлік құралдары туралы деректер

1.9.

Кірістер мен шығыстар туралы деректер

1.10.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы деректер

1.11.

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметі туралы деректер

1.12.

Шарттық және өзге міндеттемелер туралы деректер

2. Қолданбалы бағдарламалық қамтылым

2.1.

Стратегиялық басқару (SM, Strategy Management)

2.1.1.

Бизнес-жоспарлау жүйесі (PLN, Business PlaNning system)

2.1.2.

Кәсіпорынның тиімділігін басқару (EPM, Enterprise Performance Management)

2.1.3.

Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі (DSS, Decision Support System)

2.1.4.

Тәуекелдерді басқару жүйесі (RMS, Risk Management System)

2.2.

Бизнес-аналитика (BI, Business Intelligence)

2.2.1.

Нақты уақыттағы аналитикалық өңдеу (OLAP, Online Analytical Processing)

2.2.2.

Болжам және үлгілеу жүйесі (FMS, Forecasting and Modeling System)

2.2.3.

Есептілікті құру және жинақтау құралдары (ERMS, Enterprise Reporting Management Services)

2.3.

Қаржы-шаруашылық қызметті басқару

2.3.1.

Кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау (ERP, Enterprise Resource Planning)

2.3.2.

Персоналды басқару жүйесі (HRM, Human Resource Management)

2.3.3.

Қызметкерлердің өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі (ESS, Employee Self-Service Management)

2.3.4.

Корпоративтік оқытуды басқару жүйесі (ELMS, Enterprise Learning Management System)

2.3.5.

Жұмыс уақытын есепке алу жүйесі (TTS, Time Tracking Software)

2.3.6.

Кадрлық есепке алу жүйесі (PPS, Payroll Processing System)

2.3.7.

Персоналдың дарындарын, мансабын және сабақтастығын басқару (TMS, Talent Management System)

2.3.8.

Сыйақыларды басқару (CMMS, CoMpensation Management System)

2.3.9.

Жеңілдіктер мен әлеуметтік бағдарламаларды басқару (BMS, Benefits Management System)

2.3.10.

Іссапарларды басқару жүйесі (TRMS, TRavel Management System)

2.3.11.

Персоналды іріктеу және жұмысқа қабылдау жүйесі (RMS, Recruiting Management System)

2.3.12.

Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды басқару жүйесі (EHSS, Enterprise Health Safety System)

2.3.13.

Персоналды бағалау және аттестаттау тиімділігін басқару (PMS, Performance Management System)

2.3.14.

Персоналды дамыту және кадрлық резервті басқару (PDS, Personnel Development System)

2.3.15.

Заң және құқықтық қамтамасыз ету жүйесі (LMLSS, Legal Management and Legal Support System)

2.3.16.

Қаржы ақпараттық жүйелер (FIS, Financial Information System)

2.3.17.

Есептеудің автоматтандырылған жүйесі (Billing Management System, BMS)

2.3.18.

Бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесі (AMS, Accounting Management System)

2.3.19.

Сақтандыруды басқару жүйесі (ISMS, InSurance Management Systems)

2.3.20.

Инвестицияларды басқару жүйесі (IVMS, InVestment Management Systems)

2.3.21.

Төлемдерді басқару жүйесі (PYMS, PaYment Management Systems)

2.3.22.

Салықтарды басқару жүйесі (TXMS, TaXation Management System)

2.3.23.

Ахуалдық орталық (SOC, Security Operation Center)

2.3.24.

АТ қызметтерін басқару жүйесі (ITSM, Information Technology Service Management)

2.3.25.

Сервис деңгейін басқару құралдары (SLM, Service Level Management)

2.3.26.

Жария ету және мониторинг құралдары (AMT, Alerts and Monitoring Tools)

2.3.27.

Ақауларды басқару (FMS, Fault Management System)

2.3.28.

Ақпараттандыру бойынша активтерді басқару (ITAMS, IT Asset Management System)

2.3.29.

Лицензияны басқару (LMS, License Management System)

2.3.30.

Қолдау қызметінің құралдары (SDT, Service Desk Tools)

2.3.31.

Сатып алуды басқару жүйесі (PSS, Procurement Planning System)

2.3.32.

Өндірістік активтерді басқару (EAM, Enterprise Asset Management)

2.4.

Аукциондарды ұйымдастыру және қаражат жинау жүйесі (AFMS, Auction and Fundraiser Management Software)

2.5.

Күрделі құрылысты басқару жүйесі (CCMS, Capital Construction Management System)

2.6.

Коммуналдық меншікті басқару құралдары (UMS, Utilities Management System)

2.7.

Логистиканы және дистрибуцияны басқару (LDM, Logistics and Distribution Management)

2.7.1.

Жеткізулер тізбегін басқару (SCM, Supply Chain Management)

2.7.2.

Өнім берушілермен өзара іс-қимылды басқару (SRM, Supplier Relationship Management)

2.7.3.

Логистикалық ақпараттық жүйелер (LGMS, Logistics Management System)

2.7.4.

Қойманы басқару жүйесі (WMS, Warehouse management)

2.7.5.

Автокөлік қауіпсіздігі және бақылау жүйесі (TMS, Transportation Management Systems)

2.7.6.

Көлік құралдарын және құралдандыруды басқару жүйесі (MRO, Maintenance, Repair and Operations)

2.7.7.

Автошаруашылықты басқару жүйесі (FMS, Fleet Management System)

2.8.

Жөндеулерді кешенді басқару (TPM, Total Productive Maintenance)

2.9.

Қызметті ақпараттық қамтамасыз ету (IMS, Information Management System)

2.9.1.

Корпоративтік ақпаратты басқару (ECM, Enterprise Content Management)

2.9.2.

Білім базалары (KBS, Knowledge Base System)

2.9.3.

Ақпараттық-анықтамалық жүйе (RMS, Reference Management System)

2.9.4.

Ақпараттық-іздестіру жүйесі (IRS, Information Retrieval Systems)

2.10.

Электрондық сөздіктер (EDS, Electronic Dictionary Software)

2.11.

Жазбаларды басқару жүйесі (RM, Records Management)

2.12.

Өндірісті басқару жүйесі (MES, Manufacturing Execution System)

2.12.1.

Диспетчерлік басқару және деректерді жинау (SCADA, Supervisory Control and Data Acquisition)

2.12.2.

Өндірістік процестер мониторингінің жүйесі (MMPS, Monitoring of Manufacturing Processes System)

2.12.3.

Тауарлық ақпаратты кодтау құралдары (PCLS, Product Coding and Labeling Software)

2.12.4.

Бар-кодтау құралдары (BCS, Bar Coding Software)

2.12.5.

Таңбалау құралдары (LMS, Label Making Software)

2.12.6.

Өндірісті диспетчерлендіру және өнімді жедел есепке алу (CAM, Computer-Aided Manufacturing)

2.13.

Қызметті қамтамасыз ету

2.13.1.

Операцияларды қолдау жүйесі (OSS, Operation Support System)

2.13.2.

Ішкі бақылауды жедел басқару (OPCS, Operation Process Control System)

2.13.3.

Жобаларды басқару жүйесі (PMS, Project Management System)

2.13.4.

Электрондық құжат айналымы жүйесі (DMS, Document Management System)

2.13.5.

Тапсырмаларды басқару және бақылау (TKMS, TasK Management Software)

2.14.

Тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты басқару (CRM, Customer Relationship Management)

2.14.1.

Байланыс орталығы жүйесі (CCCS, Customer Contact Center System)

2.14.2.

Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының жүйесі (CECS, Customer Engagement Center System)

2.14.3.

Қашықтықтан қызмет көрсету (CSAS, Customer Service Automation System)

2.14.4.

Тұтынушылар туралы ақпаратты талдау (CIA, Customer Information Analysis)

2.14.5.

Клиенттер мен шоттарды басқару (CAM, Customer Account Management)

2.14.6.

Қоғамдық пікірді талдау (SRM, Social Relationship Management)

2.14.7.

Тұтынушылардың байланыстары мен профильдерін басқару (CCPM, Customer Contact and Profile Management)

2.14.8.

Тұтынушылармен кері байланыс (EFM, Enterprise Feedback Management)

2.14.9.

Электрондық кезекті басқару (EQMS, Electronic Queue Management Systems)

2.14.10.

Сауалнама және сұрау жүргізу құралдары (OSM, Online Survey Management)

2.14.11.

Таратуларды басқару жүйесі (CAMS, CAmpaign Management System)

2.15.

Пайдаланушы және қолда бар құралдар (USR, Users Tools)

2.15.1.

Кеңсе қызметін автоматтандыру құралдары (OFS, Office Suite)

2.15.2.

Мәтін редакторы (WPS, Word Processing Software)

2.15.3.

Кесте редакторы (SPS, Spreadsheet Processing Software)

2.15.4.

Іскерлік графика және презентация редакторы (PPS, Presentation Processing Software)

2.15.5.

Графикалық редактор (GES, Graphic Editing Software)

2.15.6.

Күнтізбені жоспарлау (PIM, Personal Information Manager)

2.15.7.

Органайзерді басқару құралдары (CTMS, Contact Manager Software)

2.15.8.

Аударма құралдары (TT, Translation Tools)

2.15.9.

Файл менеджерлері (FMT, File Management Tools)

2.15.10.

Веб-браузер (WBS, Web Browser Software)

2.15.11.

Файлдарды беру құралдары (MFTS, Managed File Transfer Software)

2.16.

Ұжымдық жұмыс құралдары (CSCW, Computer-Supported Cooperative Work)

2.16.1.

Бейнеконференция жүйесі (VCS, Video Conference System)

2.16.2.

Жедел хабар алмасу жүйесі (IMS, Instant Messaging System)

2.16.3.

Электрондық пошта алмасу құралдары (EMS, Electronic Mail Software)

2.16.4.

Корпоративтік ақпараттық портал (EIP, Enterprise Information Portal)

2.16.5.

Блог және баспа платформасы (BPP, Blogging and Publishing Platforms)

2.16.6.

Әлеуметтік коммуникациялардың корпоративтік құралы (ESNS, Enterprise Social Networking Software)

3. Жүйелік бағдарламалық қамтылым

3.1.

Операциялық жүйелер (OS, Operation System)

3.2.

Бұлттық инфрақұрылымды және виртуализацияны басқару құралдары (CVMS, Cloud and Virtualization Management Software)

3.3.

Бұлтты инфрақұрылымды басқару құралдары (CIMS, Cloud Infrastructure Management Software)

3.4.

Аппараттық виртуалдандыру құралдары (HVS, Hardware Virtualization Software)

3.5.

Бағдарламалық виртуалдандыру құралдары (SWVS, SoftWare Virtualization Software)

3.6.

Деректер қоймаларын виртуалдандыру құралдары (STVS, STorage Virtualization Software)

3.7.

Корпоративтік мобильді құрылғыларды басқару (EMM, Enterprise Mobile Management)

3.8.

Корпоративтік мобильді қосымшаларға арналған платформа (MEAP, Mobile Enterprise Application Platform)

3.9.

Мобильді құрылғыларды басқару құралдары (MDMS, Mobile Device Management Software)

3.10.

Геоақпараттық жүйе (GIS, Geographic Information System )

3.11.

Деректерді басқару (DM, Data Management)

3.11.1.

Дерекқорды басқару жүйесі (DBMS, Data Base Management System)

3.11.2.

Деректер қоры (DW, Data Warehouse)

3.11.3.

Негізгі деректерді басқару (MDM, Master Data Management)

3.11.4.

Нормативтік-анықтамалық ақпаратты басқару (RDM, Reference Data Management)

3.11.5.

Контентті басқару жүйесі (CMS, Content Management System)

3.11.6.

Деректерді енгізу нысандарын басқару құралдары (EFMS, Electronic Forms Management Software)

3.12.

Құжаттарды ағындық тану құралдары (OCRS, Optical Character Recognition Services)

3.13.

Деректерді алу, түрлендіру және жүктеу құралдары (ETLS, Extract Transform Load Services)

3.14.

Деректер сапасын басқару (DQM, Data Quality Management)

3.15.

Деректерді архивтеу құралдары (AMS, Archive Management Tools)

3.15.1.

Резервтік көшірме құралдары (BMS, Backup Management Tools)

3.15.2.

Деректерді сақтауды оңтайландыру құралдары (SOT, Storage Optimization Tools)

3.15.3.

Деректерді жинау құралдары (DMT, Data Mining Tools)

3.15.4.

Деректерді конверсиялау құралдары (DCVT, Data ConVersion Tools)

3.15.5.

Деректерді қысу құралдары (DCT, Data Compression Tools)

3.16.

Бағдарламалық қамтылым әзірлеуді басқару (AMT, Application Management Tools)

3.16.1.

Бағдарламалық қамтылымды әзірлеу құралдары (ADT, Application Development Tools)

3.16.2.

Бағдарламалық қамтылым өмірлік циклін басқару құралдары (ALMS, AppLication Management Software)

3.16.3.

Бағдарламалық қамтылымды тестілеу құралдары (ATS, Application Testing Software)

3.16.4.

Бағдарламалық қамтылым өнімділігін басқару құралдары (APMT, Application Performance Management Tools)

3.16.5.

Бағдарламалық қамтылым талаптарын басқару құралдары (RMT, Requirements Management Tool)

3.16.6.

Бағдарламалық қамтылымды сапасын басқару құралдары (QMSS, Quality Management System Software)

3.16.7.

Бағдарламалық қамтылымды жобалау құралдары (CASE, Computer-Aided Software Engineering)

3.16.8.

Бағдарламалық қамтылым конфигурациясын басқару құралдары (SCM, Software Configuration Management)

3.16.9.

Нұсқаларды басқару жүйесі (VCS, Version Control Software)

3.17.

Интеграция және ақпараттық өзара іс-қимыл құралдары (IMS, Integration Management Software)

3.17.1.

Корпоративтік қосымшалардың интеграциясы (EAI, Enterprise Application Integration)

3.17.2.

Корпоративтік сервистік шина (ESB, Enterprise Service Bus)

3.17.3.

Хабарлама кезегін ауыстыру құралдары (MQS, Message Queue Software)

3.17.4.

Бизнес-процестерді интеграциялау құралдары (BPIS, Business Process Integration Software)

3.17.5.

Бизнес-процестер жай-күйінің мониторингі (BAMS, Business Activity Management System)

3.18.

Бизнес-процестерді басқару (BPMS, Business Process Management System)

3.18.1.

Бизнес-қағидаларды басқару (BRMS, Business Rules Management System)

3.18.2.

Бизнес-процестерді талдау құралдары (BPAT, Business Process Analysis Tools)

3.19.

Қауіпсіздікті басқару (SMT, Security Management Tools)

3.19.1.

Ақпараттың тарап кетуінің алдын алу жүйесі (DLP, Data Leak Prevention)

3.19.2.

Басып кіруді болдырмау жүйесі (HIPS, Host-based Intrusion Prevention System)

3.19.3.

Вирусқа қарсы құралдар (AVR, Antivirus)

3.19.4.

Антиспам құралдары (ASGS, Anti-Spam Filter Software)

3.19.5.

Желіаралық экранның қауіпсіздік менеджері (FSM, Firewall Security Manager)

3.19.6.

Құпия ақпаратты ішкі қатерлерден қорғау (IPC, Information Protection and Control)

3.19.7.

Сәйкестендіруді және кіруді басқару (IAM, Identity and Account Management)

3.19.8.

Желіні басқару және мониторинг құралдары (NNM, Network Node Manager)

3.19.9.

Диагностика құралдары (DT, Diagnostic Tools)

3.19.10.

Биометриялық сәйкестендіру жүйесі (BIDS, Biometric Identification System)

3.19.11.

Қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі (ACMS, Access Control Management System)

3.19.12.

Бейнебақылау жүйесі (VMS, Video Monitoring System)

3.19.13.

Каталогтар қызметі (ADS, Active Directory Service)

3.19.14.

Электрондық цифрлық қолтаңба инфрақұрылымы (PKI, Public Key Infrastracture)

3.19.15.

Оқыс оқиғалар мен ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйелері (SIEM, Security Information and Event Management)

3.20.

Утилиттер (UTL, UTiLities)

3.20.1.

Кірістірілетін бағдарламалық қамтылым (FWR, FirmWaRe)

3.20.2.

Бірыңғай уақыт жүйесі (CTSS, Compatible Time-Sharing System)

3.21.

Жасанды интеллект жүйелері (AIS, Artificial Intelligence Systems)

3.21.1.

Жасанды интеллекттінің аналитикалық (болжамдау) жүйелері (APAIS, Analytical (Predictive) Artificial Intelligence Systems)

3.21.2.

Шешімдерді автоматты түрде қабылдау жөніндегі жасанды интеллекттінің басқару жүйелері (ADMC, Artificial Intelligence Systems for Automated Decision-Making and Control)

3.21.3.

Мәтінді, бейнені, музыканы, кодты және т.б. жасау бойынша жасанды интеллекттінің генеративтік жүйелері (GAIS, Generative Artificial Intelligence Systems)

3.21.4.

Адаммен қарым-қатынас жасау бойынша жасанды интеллекттінің диалогтық жүйелері (CAIS, Conversational Artificial Intelligence Systems)

4. Цифрлық инфрақұрылым объектілері

4.1.

Деректерді өңдеу құралдары

4.1.1.

Суперкомпьютер

4.1.2.

Серверлік консоль

4.1.3.

Микроконтролер

4.1.4.

Моноблок

4.1.5.

Мэйнфрейм

4.1.6.

Нетбук

4.1.7.

Ноутбук

4.1.8.

Планшет

4.1.9.

Жұмыс станциясы

4.1.10.

Сервер

4.2.

Деректерді сақтау құралдары

4.2.1.

Деректерді сақтау жүйесі

4.2.2.

Деректердің желілік жинақтауышы

4.2.3.

Таспалы кітапхана

4.3.

Серверлік бөлме және оның инженерлік инфрақұрылымы

4.4.

Үздіксіз қуаттау көзі

4.5.

Серверлік шкаф

4.6.

Телекоммуникациялық шкаф

4.7.

Байланыс арналары және телекоммуникациялық инфрақұрылым

4.8.

Коммутациялық панель

4.9.

Маршрутизатор

4.10.

Модем

4.11.

Желілік коммутатор

4.12.

Желілік концентратор

5.

Цифрлық жазбалар

6.

Цифрлық активтер

7.

Цифрлық деректер өнімдері

  Цифрлық объектілердің
сыныптауышын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Цифрлық объектілердің сыныптауыш схемасы

      1. Цифрлық ресурстарды сыныптауыш схемасы:

      Цифрлық ресурстар үшін сақталатын ақпараттың кеңінен қолдануымен, тұтастығымен және маңыздылығымен айқындалатын 3 сынып белгіленеді, оның ішінде:

      1-сынып (ең жоғары): алғашқы және (немесе) эталонды цифрлық ресурс – цифрлық ресурстың қолжетімсіздігі, жойылуы немесе жарамсыздығы елеулі жағымсыз әлеуметтік, саяси немесе экономикалық салдарға және цифрлық ресурсты пайдаланушы үшін функциялардың бөлігін орындау мүмкінсіздігіне әкеледі;

      2-сынып (орташа): қайталама цифрлық ресурс – цифрлық ресурстың қолжетімсіздігі, жойылуы немесе жарамсыздығы орташа жағымсыз әлеуметтік, саяси немесе экономикалық салдарға, өнімділіктің төмендеуіне және (немесе) цифрлық ресурсты пайдаланушы үшін функциялардың бөлігін орындау мүмкінсіздігіне әкеледі;

      3-сынып (ең төмен): операциялық немесе туынды цифрлық ресурс – цифрлық ресурстың қолжетімсіздігі, жойылуы немесе жарамсыздығы цифрлық ресурсты пайдаланушы үшін елеулі салдарға әкелмейді.

"Цифрлық ресурстар" 1-санатының сыныптамалық сипаттамасы

Кеңінен қолдануы

Тұтастығы

Маңыздылығы

Сынып деңгейі

Жоғары
[2.1; 3]

Орташа
[1.1; 2]

Төмен
[0.5; 1]

Жоғары
[2,6; 3,5]

Орташа
[1,4; 2,5]

Төмен
[0,4; 1,3]

Жоғары
[3,6; 4,5]

Орташа
[2,5; 3,5]

Төмен
[1,2; 2,4]

Алғашқы және эталонды цифрлық ресурс

X



X


X



Қайталама цифрлық ресурс


X



X

X


Операциялық немесе туынды цифрлық ресурс



X


X


X

      2. Қолданбалы бағдарламалық қамтылым сыныптау схемасы:

      Қолданбалы бағдарламалық қамтылым үшін 3 сынып белгіленеді, олар қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық қамтылуына, күрделілігіне, сындарлылығына және құндылығына сәйкес айқындалады, оның ішінде:

      1-сынып (ең жоғары): басымдығы жоғары қолданбалы бағдарламалық қамтылым – аса маңызды цифрлық жүйелер, интернет-ресурстар және бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ тәуекел дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйелері, олардың жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтатылуы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға не қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымы немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін елеулі теріс салдарға алып келетін;

      2-сынып (орташа): орташа басымдықтағы қолданбалы бағдарламалық қамтылым – ауқымды ведомствоаралық және ведомстволық цифрлық жүйелер, интернет-ресурстар және бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ тәуекел дәрежесі орташа жасанды интеллект жүйелері, олардың істен шығуы бір немесе бірнеше мемлекеттік орган қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігінің төмендеуіне алып келетін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, азаматтарына және коммерциялық ұйымдарына материалдық залал келтіруі мүмкін;

      3-сынып (ең төмен): төмен басымдықтағы қолданбалы бағдарламалық қамтылым – ведомстволық үлгілік цифрлық жүйелер, интернет-ресурстар және бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ тәуекел дәрежесі ең төмен жасанды интеллект жүйелері, олардың істен шығуы бір мемлекеттік органның немесе оның жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне барынша аз әсер ететін.

"Қолданбалы бағдарламалық қамтылым" 2-санатының сыныптау сипаттамасы

Қамтылуы

Күрделілігі

Сынып деңгейі

Жоғары
[1.6; 2.5]

Орташа
[1.1; 1.5]

Төмен
[0.6; 1]

Жоғары
[2.1; 3]

Орташа
[1.1; 2]

Төмен
[0.4; 1]

Басымдығы жоғары қолданбалы бағдарламалық қамтылым

X



X



Басымдығы орташа қолданбалы бағдарламалық қамтылым


X



X


Басымдығы төмен қолданбалы бағдарламалық қамтылым



X



X

      кестенің жалғасы

Маңыздылығы

Құндылығы

Жоғары
[3.1; 4]

Орташа
[2.1; 3]

Төмен
[0.5; 2]

Жоғары
[2.6; 3.5]

Орташа
[1.6; 2.5]

Төмен
[0.2; 1.5]

X



X




X



X




X



X

      3. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтылымды сыныптау схемасы:

      Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтылым үшін бағдарламалық қамтылымның қуаттылығы мен әмбебаптығына сәйкес айқындалатын 3 сынып белгіленеді:

      1- сынып (ең жоғары): платформалық және қамтамасыз етуші бағдарламалық қамтылым – 1 және 2-топтағы қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеуге және пайдалануға бағытталған өнеркәсіптік ауқымды бағдарламалық қамтылым;

      2- сынып (ең төмен): жүйелік бағдарламалық қамтылым – кіші жұмыс топтары мен жеке жұмыс станцияларының, сондай-ақ 3-топтағы қолданбалы бағдарламалық қамтылым жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық қамтылым.

"Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтылым" 3 санаттың сыныптау сипаттамасы

Қуаты

Әмбебаптылығы

Топ деңгейі

Жоғары
[2,6; 3]

Орташа
[1,4; 2,5]

Төмен
[1; 1,3]

Жоғары
[2,7; 3,5]

Орташа
[1,8; 2,6]

Төмен
[1; 1,7]

Платформалық және қамтамасыз етуші бағдарламалық қамтылым

X



X



Жүйелік бағдарламалық қамтылым



X



X

      4. Цифрлық инфрақұрылым объектілері сыныптауышының схемасы:

      Қуаты мен сенімділігіне сәйкес айқындалатын цифрлық инфрақұрылым объектілері үшін 3 сынып белгіленеді, оның ішінде:

      1-сынып (ең жоғары): өнімділігі жоғары деректерді өңдеу мен сақтаудың техникалық құралдары – өнімділік пен сенімділіктің жоғары деңгейі бар жабдықтар;

      2-сынып (орташа): өнімділігі орташа деректерді өңдеу мен сақтаудың техникалық құралдары – өнімділіктың орташа статистикалық сипаттамасы мен сенімділікке арнайы талаптары бар жабдықтар;

      3-сынып (ең төменгі): Өнімділігі төмен деректерді өңдеу мен сақтаудың техникалық құралдары – өнімділік сипаттамасының заманауи талаптарына сәйкес келмейтін және сенімділікке арнайы талаптары жоқ жабдықтар.

"цифрлық инфрақұрылым объектілері" 3-санатының сыныптау сипаттамасы

Қуаты

Сенімділігі

Сынып деңгейі

Жоғары
[2.6; 3.5]

Орта
[1.6; 2.5]

Төмен
[0.3; 1.5]

Жоғары
[2.1; 2.5]

Орта
[1.1; 2]

Төмен
[0.2; 1]

Өнімділігі жоғары деректерді өңдеу мен сақтаудың техникалық құралдары

X



X



Өнімділігі орташа деректерді өңдеу мен сақтаудың техникалық құралдары


X



X


Өнімділігі төмен деректерді өңдеу мен сақтаудың техникалық құралдары



X



X

      5. Цифрлық жазбалар схемасы:

      Цифрлық жазбалар үшін 3 сынып белгіленеді, олар маңыздылығы, сенімділігі және аса маңыздылығына сәйкес анықталады.

      1-сынып (ең жоғары) – жазба жоғары маңыздылыққа ие, деректердің сенімді қорғалуын және тұтастығын қамтамасыз етеді, оның қолжетімсіздігі ауыр зардаптарға әкеледі.

      2-сынып (орташа) – жазба орташа маңыздылыққа ие, негізгі сенімділік қамтамасыз етіледі, оның істен шығуы орташа, бірақ басқарылатын зардаптарға әкеледі.

      3-сынып (ең төменгі) – жазба маңыздылығы төмен, сенімділігі минималды, оның қолжетімсіздігі елеулі зиян келтірмейді.

"Цифрлық жазбалар" 5-санаттың сыныптау сипаттамасы

Маңыздылық

Сенімділік

Аса маңыздылық

Сынып деңгейі

Жоғары
[2,1; 3]

Орташа
[1,1; 2]

Төмен
[0,5; 1]

Жоғары
[2,6; 3,5]

Орташа
[1,4; 2,5]

Төмен
[0,4; 1,3]

Жоғары
[3,6; 4,5]

Орташа
[2,5; 3,5]

Төмен
[1,2; 2,4]

Аса маңызды цифрлық жазбалар

X



X



X



Маңызды цифрлық жазбалар


X



X



X


Күнделікті цифрлық жазбалар



X



X



X

      6. Цифрлық активтерді сыныптау схемасы:

      Цифрлық активтер үшін 3 сынып белгіленеді, олар құнына, реттелуіне және тәуелділігіне сәйкес анықталады.

      1-сынып (ең жоғары) – цифрлық актив жоғары құндылыққа ие, қатаң реттеу талаптарына (лицензиялау, қадағалау органдарының бақылауы) жатады және мамандандырылған инфрақұрылымға (мысалы, блокчейн немесе банктік желі) қатты тәуелді, оның болмауы елеулі қаржылық және жүйелік тәуекелдерге әкеледі.

      2-сынып (орташа) – цифрлық актив орташа құндылыққа ие, азырақ қатаң реттеледі (тек хабарлама немесе жеңілдетілген тіркеу талап етілуі мүмкін) және сыртқы технологияларға ішінара тәуелді – ол мамандандырылған инфрақұрылымға тұрақты қолжетімділіксіз де жұмыс істей алады, бірақ оның болмауы тиімділікті төмендетеді.

      3-сынып (ең төменгі) – цифрлық актив төмен құндылыққа ие, міндетті реттеуге жатпайды (лицензия талап етілмейді) және арнайы инфрақұрылымға тәуелді емес (кез келген жалпы АТ ортасында жұмыс істей алады), сондықтан оның жоғалуы елеулі салдарға әкелмейді.

"Цифрлық активтер" 6-санатының сыныптау сипаттамасы

Құндылық

Реттеу

Тәуелділік

Сынып деңгейі

Жоғары
[2,1; 3]

Орта
[1,1; 2]

Төмен
[0,5; 1]

Жоғары
[[2,6; 3,5]

Орта
[1,4; 2,5]

Төмен
[0,4; 1,3]

Жоғары
[3,6; 4,5]

Орта
[2,5; 3,5]

Төмен
[1,2; 2,4]

Ірі цифрлық активтер

X



X


X



Орташа цифрлық активтер


X



X



X


Кіші (қосалқы) цифрлық активтер



X



X



X

      7. Цифрлық деректер өнімдерін сыныптау схемасы:

      Цифрлық деректер өнімдері үшін қолдану ауқымына, қолжетімділік деңгейіне және қабылданатын шешімдерге әсер етуіне сәйкес анықталатын 3 сынып белгіленеді.

      1-сынып (ең жоғары) – өнім жоғары маңызға ие, жоғары сенімділікпен қамтамасыз етіледі (резервтік көшіру, тұтастықты бақылау) және оның қолжетімсіздігі мемлекеттік немесе ірі бизнес-процестер үшін ауыр зардаптарға әкеледі.

      2-сынып (орташа) – өнім орташа маңызға ие, негізгі сенімділік іске асырылған (қорғау және резервтеу бойынша стандартты шаралар) және оның істен шығуы жекелеген салаларға немесе ведомстволарға орташа, басқарылатын зиян келтіреді.

      3-сынып (ең төменгі) – өнім төмен маңызға ие, минималды сенімділікпен сипатталады (міндетті резервтік көшірудің болмауы) және оның болмауы елеулі зиян келтірмейді – ол тек анықтамалық немесе ашық ақпарат ретінде қызмет етеді.

"Цифрлық деректер өнімдері" 7- санаттың сыныптау сипаттамасы

Ауқымы

Қолжетімділік

Әсері

Сынып деңгейі

Жоғары
[2,1; 3]

Орта
[1,1; 2]

Төмен
[0,5; 1]

Жоғары
[2,6; 3,5]

Орта
[1,4; 2,5]

Төмен
[0,4; 1,3]

Жоғары
[3,6; 4,5]

Орта
[2,5; 3,5]

Төмен
[1,2; 2,4]

Басымдығы жоғары телекоммуникациялық желілер, байланыс құралдары

X



X



X



Басымдығы орташа телекоммуникациялық желілер, байланыс құралдары


X



X



X


Басымдығы төмен телекоммуникациялық желілер, байланыс құралдары



X



X



X

  Цифрлық объектілердің
сыныптауышын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Цифрлық объектілердің сыныптауышы

Санаты

Санат сипаттамасы

Санат сипаттамасының параметрі

Салмақ коэффициенті

Санат параметрінің индикаторы

Бал

1-санат цифрлық ресурс

1.1 Ауқымы
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,1-ден 3-ке дейін
Орта – 1,1-ден 2-ге дейін
Төмен – 0,6-дан 1-ге дейін

1.1.1 Қамту

1,5
(Басты)

Жергілікті – ұйымның бір құрылымдық бөлімшесі қызметінің жай-күйі мен нәтижелерін сипаттайтын ақпараттан тұрады

0,2


Салалық – бір немесе бірнеше сала ұйымының жеке саласының шеңберіндегі қызметінің жай-күйі мен нәтижелерін сипаттайтын ақпараттан тұрады

0,6


Аралық – бірнеше ұйым қызметінің жай-күйі мен нәтижелерін сипаттайтын ақпараттан тұрады

0,8


Ұлттық – Қазақстан Республикасы ауқымда бірнеше салалары бойынша қызметінің жай-күйі мен нәтижелерін сипаттайтын ақпараттан тұрады

1


Интернационалдық – өңірлік және (немесе) халықаралық ауқымда бір не бірнеше салалар бойынша қызметінің жай-күйі мен нәтижелерін сипаттайтын ақпараттан тұрады

1,5


1.1.2 Күрделілігі

0,5
(Базалық)

Каталог – тек бір деректер объектісі туралы тәртіпке келтірілген ақпараттан тұрады

0,3


Матрица – екі және одан көп деректер объектілері туралы ақпараттан тұрады

0,5


1.1.3 Деректерді жаңарту мерзімі

1
(Негізгі)

Жыл сайын – деректер регламенттелген жыл сайынғы цикл шеңберінде немесе жасалған сұрау салу бойынша өте сирек жаңартылады

0,1


Тоқсан сайын - деректер регламенттелген цикл шеңберінде немесе жасалған сұрау салу бойынша өте сирек жаңартылады

0,2


Ай сайын - деректер регламенттелген цикл шеңберінде немесе жасалған сұрау салу бойынша ай сайын жаңартылады

0,4


Апта сайын – деректер апта сайын есептілік шеңберінде не деректерді ауқымды енгізу жолымен ай сайынғы негізде тұрақты жаңартылады

0,6


Күн сайын – деректер бір күн ішінде ақпараттарды енгізе отырып, операциялық қызметті орындау процесінде жаңартылады

0,8


Сағат сайын – деректер бір сағатқа дейін кідірумен операциялық қызметті орындау процесінде жаңартылады

0,9


Нақты уақыт режимінде – деректер кідіріссіз операциялық қызметті орындау процесінде жаңартылады

1

1.2 Тұтастығы
Бағалау параметрі:
Жоғары – 3,1-ден 4,5-ға дейін
Орта – 1,6-дан 3-ке дейін
Төмен – 0,6-дан 1,5-ға дейін

1.2.1 Сақталатын деректердің толықтығы

1,5
(Басты)

Ең төмен - бейіндік сала объектілерінің, оның ішінде операциялық деректер, архивтік деректерсіз жалпы санының 25%-дан көп емесінен тұрады

0,2


Кідірісті – бейіндік сала объектілерінің, оның ішінде кідірісті операциялық деректер, архивтік деректерсіз жалпы санының 65%-дан көп емесінен тұрады

0,4


Ішінара – бейіндік сала объектілерінің, оның ішінде ішінара немесе толық жедел есеп алу, бірақ архивтік деректерсіз жалпы санының 85%-дан көп емесінен тұрады

0,7


Толық - бейіндік сала объектілерінің, оның ішінде архивтік деректерінің жалпы санының 85-100%-нан тұрады

1,5


1.2.2 Толықтыру әдісі

0,5
(Базалық)

Қолмен жинау, өңдеу және енгізу - деректер бірнеше тәуелсіз әкімшілік көздерден қолмен жиналады, өңделеді және цифрлық ресурстарға енгізіледі

0,2


Қолмен енгізу – деректер олардың туындау орнында және процесінде цифрлық ресурсқа қолмен енгізіледі

0,3


Автоматтандырылған өңдеу – деректер қағаз құжаттарды сканерден өткізу немесе деректерді автоматты түрде өңдеу арқылы, оның ішінде айырып тану, үлгілік нысандарды жүктеу не цифрлық ресурстардың және олардың бөліктерінің деректер қорының көшірмесін жүктеу арқылы қалыптасады

0,4


Автоматты жинау – деректер ықпалдастыру арқылы беделді алғашқы көзден деректерді автоматтандырылған режимде алу жолымен қалыптасады

0,5


1.2.3 Басқарылушылығы

0,5
(Базалық)

Жүйесіз - цифрлық ресурстың бірыңғай иесі немесе меншік иесі айқындалмаған, ресурс бірнеше құрылымдық бөлімшелерден немесе аумақтық бөлімшелерден бөлек құрылады, деректерді жинау және цифрлық ресурсқа енгізуді реттейтін регламент бекітілмеген

0


Интуитивті – цифрлық ресурстың иесі немесе меншік иесі ресми емес айқындалған, толтыру бойынша жұмыстар ресми емес не ауызша уағдаластық бойынша келісілген түрде жүргізіледі

0,2


Белгілі – деректерді жинау және цифрлық ресурсқа енгізуді реттейтін регламент бекітілген және цифрлық ресурстың иесі немесе меншік иесі ресми анықталған

0,3


Басқарылатын – деректерді жинау және цифрлық ресурсқа енгізуді реттейтін регламент бекітілген және цифрлық ресурстың иесі немесе меншік иесі ресми анықталған, ал цифрлық ресурстың дұрыстығы мен өзектілігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен белгіленген

0,5

1.3 Маңыздылығы
Бағалау параметрі:
Жоғары – 3,6-дан 5-ке дейін
Орта – 2,6-дан 3,5-ға дейін
Төмен – 1,3-тен 2,5-ке дейін

1.3.1 Қолжетімділік деңгейі

1,5
(Басты)

Жалпыға қолжетімді – меншік иесі немесе иеленушісі қол жеткізу немесе пайдалану шарттарын белгілемей ұсынатын не тарататын цифрлық ресурстар, сондай-ақ ұсынылу нысанына және тарату тәсіліне қарамастан, оларға қол жеткізу еркін болып табылатын мәліметтер.

0,4


Құпия – мемлекеттік құпияларды құрамайтын, бірақ оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен не олардың меншік иесі немесе иеленушісі арқылы шектелген мәліметтерді қамтитын цифрлық ресурстар.

0,8


Қатаң құпия – Қазақстан Республикасы азаматтарының және резидент еместерінің дербес деректерінен тұратын цифрлық ресурс

1


Құпия - Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтен тұратын цифрлық ресурстарға жатқызылған цифрлық ресурстар

1,5


1.3.2 Сақталатын деректердің типтері

1
(Негізгі)

Өңделмеген бастапқы деректер – сурет, бейне және аудио файлдар не мәтіндік құжаттар сияқты әртүрлі форматтарда сақталатын құрамдастырылмаған не әлсіз құрамдастырылған цифрлық ресурстар

0,2


Статистикалық және біріктірілген деректер –қорытылған және (немесе) бірнеше цифрлық ресурстардан түрлендірілген, өңделген және біріктірілген деректер

0,4


Талдамалы деректер – одан әрі іріктеу және талдау үшін дайындалған өңделген және бір немесе бірнеше әкімшілік көздерден құрамдастырылған деректер

0,6


Транзакциялық деректер және метадеректер – қызметтің нәтижелері бойынша жинақталған немесе оларды сәйкестендіру, іздеу, бағалау, оларды басқару мақсаттар үшін мәндердің сипаттамаларын білдіретін құрамдастырылған операциялық деректер

0,8


Негізгі және анықтамалық деректер (шебер-деректер) – пәндік саланың объектілерін бастапқы есепке алудың құрамдастырылған деректері не салалық және ведомствоаралық (жүйелік емес) анықтамалық деректер және сыныптауыштар, олар шешімдер қабылдау үшін негіз болады, сирек өзгереді және транзакциялық болып табылмайды

1


1.3.3 Маңыздылығы

1
(Негізгі)

Операциялық -цифрлық ресурстар деректерінің негізінде күн сайынғы операциялық шешімдер қабылданады және ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік органдардың іске асырылатын функцияларын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жоспарлы құжаттарды және нормативтік-құқықтық актілерді орындаудың күнделікті әкімшілік рәсімдері орындалады.

0,6


Тактикалық - цифрлық ресурстар деректерінің негізінде жылға, жартыжылдыққа немесе тоқсан сайын кезеңге орта мерзімді тактикалық шешімдер қабылданады және (немесе) мемлекеттік органдардың бақылау функциялары, оның ішінде бақылау-қадағалау қызметін жоспарлау, жоспарлы құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау орындалады

0,8


Стратегиялық – цифрлық ресурстар деректерінің негізінде 3 және одан көп жыл мерзімге ұзақ мерзімді стратегиялық шешімдер қабылданады және (немесе) мемлекеттік органдардың стратегиялық және реттеу функциялары, оның ішінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау, Қазақстан Республикасының заңнамасының реттеу, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздікті және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметін салалық үйлестіру және мемлекеттік активтерді басқару орындалады

1


1.3.4 Бірегейлігі

1
(Негізгі)

Тәуелсіз көшірме – егер деректер қатар және тәуелсіз бірнеше құрылымдық бөлімшелер және (немесе) мемлекеттік органдар және (немесе) салалық кәсіпорындар жүргізген жағдайда құрылады

0


Қосалқы (ілікпе) көз – деректер цифрлық ресурсқа өз бетімен енгізілмейді және беделді бастапқы деректер көзінен бастап түрінде жинастырылады

0,2


Ұйым үшін бастапқы деректер көзі – ресми түрде ұйым үшін беделді бастапқы ақпарат көзі болып анықталған цифрлық ресурс, осыған ұқсас цифрлық ресурстар жүргізілмейді не қосалқы болып табылады, бұл ретте ресми түрде жеке сала және (немесе) Үкімет үшін беделді бастапқы деректер көзі анықталмаған болады

0,8


Сала және (немесе) үкімет үшін бастапқы деректер көзі - ресми түрде сала және (немесе) үкімет үшін беделді бастапқы ақпарат көзі болып анықталған цифрлық ресурс, осыған ұқсас цифрлық ресурстар жүргізілмейді не қосалқы болып табылады

1

2-санат қолданбалы бағдарламалық қамтылым

2.1 Қамту
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,1-ден 2,5-ға дейін
Орта – 1,1-ден 2-ге дейін
Төмен – 0,6-дан 1-ге дейін

2.1.1 Ауқымы (құрамдас параметр)

1,5
(Басты)




2.1.1.1 Ішкі пайдаланушылар

1
(Негізгі)

Жоқ – ұйымның қызметкерлері немесе мемлекеттік қызметшілер пайдаланбайды

0


Объектілік - 0,1-ден 1%-ға дейін ұйымның қызметкерлері тіркелген және бағдарламалық өнімді белсенді пайдаланушылар болып табылады

0,1


Локальдық – 1-ден 30%-ға дейін ұйымның қызметкерлері тіркелген және бағдарламалық өнімді белсенді пайдаланушылар болып табылады

0,2


Ведомстволық – аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін қоса алғанда 30%-дан астам ұйым және қызметкерлері тіркелген бағдарламалық өнімді белсенді пайдаланушылар болып табылады

0,3


Ведомствоаралық – 5-тен 30%-ға дейін саланың ұйым қызметкерлері және (немесе) мемлекеттік қызметшілер тіркелген және бағдарламалық өнімді белсенді пайдаланушылар болып табылады

0,6


Республикалық – 30%-дан астам саланың ұйым қызметкерлері және (немесе) мемлекеттік қызметшілері тіркелген және бағдарламалық өнімді белсенді пайдаланушылар болып табылады

0,8


2.1.1.2 Сыртқы пайдаланушылар

0,5
(Базалық)

Жоқ – халыққа ақпаратты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылмайды

0,1


Шамалы талап етілген – 0,1%-дан 1%-ға дейінгі экономикалық белсенді халық бағдарламалық өнімді белсенді пайдаланушылар болып табылады

0,2


Қалыпты талап етілген – 1%-дан 5%-ға дейінгі экономикалық белсенді халық бағдарламалық өнімді белсенді пайдаланушылар болып табылады

0,3


Талап етілген – 5%-дан 10%-ға дейінгі экономикалық белсенді халық бағдарламалық өнімді белсенді пайдаланушылар болып табылады

0,4


Ең жоғары талап етілген – 10%-дан астам экономикалық белсенді халық бағдарламалық өнімді белсенді пайдаланушылар болып табылады

0,5


2.1.2 Қуаты

1
(Негізгі)

Шағын – шекті жүктемесі 100-ге дейін қатарлас пайдаланушылар және (немесе) жүйенің есептеу торабына сағатына 400 мың транзакцияны құрайды

0,4


Орташа – шекті жүктемесі 250-ге дейін қатарлас пайдаланушылар және (немесе) жүйенің есептеу торабына сағатына 1 миллион транзакцияны құрайды

0,6


Ірі – шекті жүктемесі 500-ге дейін қатарлас пайдаланушылар және (немесе) жүйенің есептеу торабына сағатына 2 миллион транзакцияны құрайды

0,8


Өте ірі - шекті жүктемесі 500-ден астам қатарлас пайдаланушылар және (немесе) жүйенің есептеу торабына сағатына 4 миллион транзакцияны құрайды

1

2.2 Күрделілігі
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,1-ден 3-ке дейін
Орта – 1,1-ден 2-ге дейін
Төмен – 0,4-тен 1-ге дейін

2.2.1 Архитектура түрі

0,5
(Базалық)

Тұтас – бағдарламалық қамтылым сәулеті, онда пайдаланышылық интерфейс және деректерге қолжетімділік бірыңғай платформа базасында бір бағдарламаға біріктірілді, оның барлық құрамдас бөліктері бір бағдарламаның құрамдас бөліктері болып табылады және жеке жұмыс істей алмайды, ол құрамдас бөліктердің жоғары тәуелділігіне әкеледі, себебі деректердің жалпы құрылымы және өзара тығыз ықпалдастырылған құрамдас бөліктер пайдаланылады

0,2


Құрамдас бөліктік – кең әлсіз байланысқан қайтара қолданылатын әзірленген құрамдас бөліктерден не жан-жақтылықты және құрамдас бөлік өзара әлсіз тәуелділікпен сипатталатын әртүрлі өнім берушілер мен өнім берушілердің дайын құрамдас бөліктік блоктарынан тұратын бағдарламалық қамтылым сәулеті

0,4


Әркелкі – бағдарламалық қамтылым сәулеті, ол кезінде барлық оның құрамдас бөліктерінің жоғары артықтығы бар, әр түрлі функционалдық сипаты және қолдану саласы (шешілетін міндеттер сыныбы) бар әр түрлі стандартты шешімдер мен технологиялық платформа базасында әзірленген жеке цифрлық жүйелер болуы мүмкін, сондай-ақ бір-біріне тәуелсіз сәтті жұмыс істейді және дами алады.

0,5


2.2.2 Қол жеткізу әдісі

1
(Негізгі)

Сыртқы контур – Интернет пайдаланушылары және (немесе) Интернеттің жалпыға қолжетімді сегменттері арқылы қосымшалармен өзара іс-қимылға қатысушылар үшін қолжетімді бағдарламалық қамтылым

0,2


Ішкі (жабық) контур – пайдаланушылар және (немесе) Интернеттің жабық контурында "корпоративтік, жергілікті желілерде) немесе шектеулі сегменттерде (мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы) қосымшалармен өзара іс-қимылға қатысушылар үшін қолжетімді бағдарламалық қамтылым

0,3


Трансшекаралық – басқа елдердің пайдаланушылары және (немесе) мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар үшін қолжетімді бағдарламалық қамтылым

0,5


Гибридтік – пайдаланушылар не сыртқы және (немесе) ішкі контурда және (немесе) траншекаралық контурда қосымшалармен ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар үшін қолжетімді бағдарламалық қамтылым

1


2.2.3 Функционалдылық (құрамдас параметр)

1,5
(Басты)


1,5


2.2.3.1 Функционалдық қамту

0,5
(Базалық)

Кіші – бағдарламалық қамтылым ұйымның типтік қамтамасыз ету функцияларын автоматтандыруды қамтамасыз етеді

0,1


Орташа – бағдарламалық қамтылым ұйымның негізгі қызметін және салалық функцияларын автоматтандыруды қамтамасыз етеді

0,2


Жоғары – бағдарламалық қамтылым ұйымның салалық және типтік қамтамасыз ету функцияларын автоматтандыруды бір уақытта қамтамасыз етеді

0,5


2.2.3.2 Пайдаланушылар рөлдерінің көлемі

0,5
(Базалық)

Стандартты – бағдарламалық қамтылым пайдаланушылар рөлдерінің түрлерінің саны 3-тен аспайды

0,1


Төтенше – бағдарламалық қамтылым пайдаланушылар рөлдерінің түрлерінің саны 3-тен 5-ке дейін құрайды

0,2


Жоғары – бағдарламалық қамтылым пайдаланушылар рөлдерінің түрлерінің саны 5 астам құрайды

0,5


2.2.3.3 Пайдалану нұсқаларының көлемі

0,5
(Базалық)

Стандартты – жүйеге бірегей пайдалану нұсқаларының (функцияларының) тізбесі 20-дан кем құрайды және (немесе) пайдаланушының рөлге бірегей пайдалану нұсқаларының (функцияларының) тізбесі 6-дан аспайды

0,1


Төтенше - жүйеге бірегей пайдалану нұсқаларының (функцияларының) тізбесі 20-дан 40-қа дейін құрайды және (немесе) пайдаланушының рөлге бірегей пайдалану нұсқаларының (функцияларының) тізбесі 6-дан 9-ға дейін құрайды

0,2


Жоғары – жүйеге бірегей пайдалану нұсқаларының (функцияларының) тізбесі 40-тан асады және (немесе) пайдаланушының рөлге бірегей пайдалану нұсқаларының (функцияларының) тізбесі 10-нан астамды құрайды

0,5


2.2.4 Іске асыру тәсілі

1,5
(Басты)

Бастапқы дайын шешім – бағдарламалық қамтылымның 60%-дан астам функционалдығы және логикасы жалпыға қолжетімді (белгілі) әдістеме базасында ұйымдастырылған және қосымша баптауларсыз бастапқы түрде пайдаланылады

0



Толықтырылған дайын шешімдер - бағдарламалық қамтылымның 60%-дан астам функционалдығы және логикасы бағдарламалық қамтылым баптаудың стандартты құралдарын пайдалана отырып, тапсырыс берушінің бизнес-процестерін ұйымдастыру әдістемесіне бейімделген

0,4



Бейімделген (кастомизирлік) дайын шешімдер – бағдарламалық қамтылымның 60%-дан астамы дайын бағдарламалық қамтылым негізінде әзірленген, олардың жұмыс істеу функционалдығы және логикасы бағдарламалық қамтылымды баптаудың стандартты құралдарын пайдаланусыз болмашы (бастапқы күйден 20%-дан кем) өзгертілген

0,6





Пысықталған дайын шешімдер - бағдарламалық қамтылым 60%-дан астамы дайын не еркін бағдарламалық қамтылым негізінде әзірленген, олардың жұмыс істеу функционалдығы және логикасы жаңғыртылған не бағдарламалық қамтылым баптаудың стандартты құралдарын пайдаланусыз айтарлықтай қайта әзірленген (бастапқы күйден 20%-дан көп)

0,8


Гибридтік шешім – өзіне дайын және әзірленген құрамдас бөліктерді біріктіретін композиттік шешімдер болып табылатын бағдарламалық өнім

1,2


Тапсырыс берілген әзірлеме - оның құқығы әзірлеушіге тиесілі тапсырыс берушінің не өнім берушінің процестердің ұйымдастыру әдістемесінің ерекшелігіне сәйкес бөгде әзірлеушімен әзірленген бағдарламалық өнім

1,5


2.2.5 Технологиялық платформа көлемі

0,5
(Базалық)

Қалыпты - пайдаланылатын жалпы жүйелік бағдарламалық қамтылым және технологиялық платформалар саны 1-ден 4-ке дейін бағдарламалық өнімді құрайды

0,2


Төтенше - пайдаланылатын жалпы жүйелік бағдарламалық қамтылым және технологиялық платформалар саны 5-тен 8-ге дейін бағдарламалық өнімді құрайды

0,3


Жоғары - пайдаланылатын жалпы жүйелік бағдарламалық қамтылым және технологиялық платформалар саны 8 астам бағдарламалық өнімді құрайды

0,5



2.2.6 Деректерді сақтау архитектурасы

0,5
(Базалық)

Орталықтандырылған - бір торапта орналасқан деректер қорының жалғыз көшірмесі бар

0,1


Бөлінген - қиылыспайтын бірнеше тораптар бойынша бөлінген деректер қорының жалғыз көшірмесі бар

0,2


Қосарлас – деректер қорының ішкі жиындарының бірнеше көшірмелері бар, мұнда әрбір торапта деректер қорының туынды фрагменті бар не мұнда деректер қорының бірнеше көшірмелері кейін бір торапқа қосылады

0,3


Гибридтік – деректерді сақтаудың бірнеше схемаларының комбинациясы болып табылады

0,5

2.3 Маңыздылығы
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 3,1-ден 4-ке дейін
Орта – 2,1-ден 3-ке дейін
Төмен – 0,5-тен 2-ге дейін

2.3.1 Сезгіштік

1
(Негізгі)

Елеусіз - сүйемелденетін процестер қандай да бір әлеуметтік, саяси және қаржылық салдарсыз 3-тен 14 күн аралығы мерзімде ұзақ уақыт ішінде бағдарламалық өнімді қолданусыз балама қол режимде орындалуы мүмкін және жұмыс істеу қабілеті қалпына келтіру бойынша деректерді көшіру үшін қосымша еңбек шығындарын талап етпейді

0,1


Сезгіш - сүйемелденетін процестер елеулі әлеуметтік, саяси және қаржылық салдарсыз 1-3 күн аралығы мерзімде бағдарламалық өнімді қолданусыз балама қол режимде орындалуы мүмкін, бірақ бұл өнімділіктің төмендеуіне әкеледі және талап етілетін деңгейде процестерді орындау үшін қосымша адамзат ресурсын тартуды талап етеді

0,4


Маңызды – сүйемелденетін процестер бағдарламалық өнімді қолданусыз балама қол режимде, бірақ 3-тен 24 сағат ішінде өте қысқа уақыт кезеңі ішінде ғана орындалуы мүмкін, ол болмашы әлеуметтік, саяси және қаржылық салдарға алып келуі мүмкін, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бөлігінде азаматтар мен коммерциялық ұйымдар үшін қосымша әкімшілік және экономикалық шығындарға, сондай-ақ стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға толық жетпеуге не оларға жетудің мерзімін елеу кейінге қалдыруға әкеледі

0,6


Қызмет үшін маңызды – сүйемелденетін процестер балама қол режимінде орындалуы мүмкін емес, ол елеулі әлеуметтік, саяси және қаржылық салдарға, маңызды инфрақұрылымдар мен негізгі ресурстар объектілері жұмысының бұзылуына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мүмкіндігінің болмауына және стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға жету мүмкіндігінің жоқтығына әкеледі

0,8


Қауіпсіздік үшін маңызды - сүйемелденетін процестер балама қол режимінде орындалуы мүмкін емес, ол ұйымдастырушылық, ішкі және ұлттық қауіпсіздіктің бұзылуына әкеледі және (немесе) мүлікті, адамдардың денсаулығы мен өмірін қауіп-қатерге тігеді

1


2.3.2 Пайдалану жиілігі

0,5
(Базалық)

Өте сирек – бағдарламалық өнім жылына 1-2 рет қолданылады, ал бағдарламалық өнімді пайдалану уақытының 95%-ының жүктемесі жоқ немесе ең төмен жүктемесі болады

0,2


Сирек – бағдарламалық қамтылым ай сайын не апта сайын қолданылады, ал бағдарламалық өнімді пайдалану уақытының 80%-ының жүктемесі жоқ немесе ең төмен жүктемесі болады

0,4


Қалыпты - бағдарламалық қамтылым күн сайын қолданылады, бұл ретте орта жүктеме мен шекті жүктеме арасындағы айырмашылық 1 000 ретті құрайды

0,6


Жиі - бағдарламалық қамтылым күніне бірнеше рет қолданылады, бұл ретте орта жүктеме мен шекті жүктеме арасындағы айырмашылық 100 ретті құрайды

0,8


Өте жиі - бағдарламалық қамтылым тұрақты қолданылады, бұл ретте орта жүктеме мен шекті жүктеме арасындағы айырмашылық елеусіз

1


2.3.3 Ақпараттық тәуелділік (құрамдас параметрі)

1
(Негізгі)




2.3.3.1 Шығыс деректер ағыны

0,5
(Базалық)

Өте төмен - бағдарламалық қамтылым басқа цифрлық жүйелерге ақпарат бермейді

0


Төмен - бағдарламалық қамтылым 1-ден 4-ке дейін цифрлық жүйелерге ақпарат береді

0,2


Қалыпты - бағдарламалық қамтылым 5-тен 10-ға дейін цифрлық жүйелерге ақпарат береді

0,3


Жоғары - бағдарламалық қамтылым 10-нан 15-ке дейін цифрлық жүйелерге ақпарат береді

0,4


Өте жоғары - бағдарламалық қамтылым 15-тен астам цифрлық жүйелерге ақпарат береді

0,5


2.3.3.2 Маңызды деректер ағынын қолдау

0,5
(Базалық)

Жоқ - шығыс ақпараттық ағындар жоқ

0


Өте төмен - деректерді алушы-қосымшалардың өнімділігі мен дұрыстығы болмашы төмендейді, ал процестерді сүйемелдеу сапасы мен функциялары өзгермейді

0,1


Төмен - бағдарламалық қамтылым бас тартқан жағдайында деректерді алушы-қосымшалардың өнімділігі мен дұрыстығы болмашы төмендейді, ал қосымшалардың бас тартқан жағдайында процестерді сүйемелдеу сапасы мен функциялары өзгермейді, бірақ жұмыс қабілеттілігі бұзылмайтын болады

0,2


Қалыпты - бағдарламалық қамтылым бас тартқан жағдайында деректерді алушы-қосымшалардың өнімділігі мен дұрыстығы елеулі төмендейді

0,3


Жоғары – бағдарламалық қамтылым бас тартқан жағдайда деректерді алушы-қосымшалардың процестер мен функцияларды сүйемелдеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі болмайды және пайдаланыла алмайды

0,4


Өте жоғары - деректерді алушы-қосымшалардың жұмыс істеу қабілеті бағдарламалық қамтылым бас тартқан жағдайында бұзылатын болады

0,5


2.3.4 Ақпараттың маңыздылығы

1,5
(Басты)

Төмен -бағдарламалық өнімде құрылатын, өңделетін немесе берілетін барлық цифрлық ресурстар цифрлық ресурстардың 3-сыныбына жатады және операциялық немесе туынды болып табылады

0,2


Қалыпты - бағдарламалық өнімде құрылатын, өңделетін немесе берілетін бірде-бір цифрлық ресурс цифрлық ресурстардың 1 сыныбына жатпайды, бұл ретте бағдарламалық өнімде құрылатын, өңделетін немесе берілетін немесе өңделетін тым болмаса бір цифрлық ресурс цифрлық ресурстардың 2 сыныбына жатады және қайталама болып табылады

0,6


Жоғары - ең кем дегенде қосымшада құрылатын, өңделетін немесе берілетін бір цифрлық ресурс цифрлық ресурстардың 1 сыныбына жатады және бастапқы және (немесе) эталонды болып табылады

1

2.4 Құндылығы
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,6-дан 3,5-ға дейін
Орта – 1,6-дан 2,5-ға дейін
Төмен – 0,2-ден 1,5-ға дейін

2.4.1 Автоматтандыру деңгейі

1,5
(Басты)

Төмен - бағдарламалық өнім функциялар мен процестерді базалық ішінара автоматтандыруды қамтамасыз етеді

0,1


Ішінара - бағдарламалық өнім функциялар мен процестерді бейінді ішінара автоматтандыруды қамтамасыз етеді

1


Жоғары - бағдарламалық өнім функциялар мен процестерді бейінді толық автоматтандыруды қамтамасыз етеді

1,5


2.4.2 Функциональдық қамту

0,5
(Негізгі)

Жергілікті бейінді шеңберде мамандандырылған шешім – ақпараттық сүйемелдеуді және бір құрылымдық бөлімшенің не саланың жеке функциялары мен процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді

0,1


Салалық шешім – ақпараттық сүйемелдеуді және жеке сала шеңберінде функциялар мен процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді

0,3


Салааралық шешім - ақпараттық сүйемелдеуді және бірнеше салалар шеңберінде функциялар мен процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді

0,5


2.4.3 Нәтиженің маңыздылығы

1
(Негізгі)

Дұрыс – бағдарламалық өнімді пайдаланудан анық пайда жоқ не айқындалуы мүмкін емес және объективті негізделген

0


Қоғамдық пайда - бағдарламалық өнімді пайдалану сапалы нәтижелерге әкеледі немесе жанама пайдаға әкеледі, мұнда анық экономикалық әсер және нақты пайда алушылар айқындау мүмкін емес, атап айтқанда әлеуметтік игліктерге қолжетімділіктің артуы, денсаулық сақтау немесе білім деңгейінің артуы, қауіпсіздіктің күшеюі, қылмыстылық деңгейінің төмендеуі, өмір сүру деңгейінің жақсаруы, экономикалық даму деңгейінің жоғарылуы және инвестициялық климаттың жақсаруы, Қазақстан Республикасы беделі мен имиджінің артуы, үкімет қызметінің ашықтығының жоғарылауы (әкімшілік деректер ашықтығының артуы, азаматтардың мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және мемлекетті басқаруға қатысуын жеңілдету)

0,2


Ұйымның (үкіметтің) шығындарын қысқартуды қамтамасыз ету арқылы ішкі пайдалар - бағдарламалық өнімді пайдалану ұйым қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін, оның ішінде бюджеттік қаражаттар мен активтерді (шығындарды төмендету және алып тастау, қаржылық залалдарды азайту), адам ресурстарын (өнімділікті арттыру, ресурстарды босату, жұмыс циклдерін қысқарту), ақпараттық өзара іс-қимылдарды (ақпаратты беру, алу және өңдеу мерзімін қысқарту, шешімдерді қабылдау сапасын арттыру) тиімді пайдалануды артыру арқылы анық пайдаға әкеледі

0,4


Ұйым (үкімет) үшін қосымша табыс алу арқылы ішкі пайдалар - бағдарламалық өнімді пайдалану жіберілген және анық емес пайданың үстелуі есебінен қосымша табыс алу, активтерді тиімды басқаруды арттыру арқылы анық пайда әкеледі

0,6


Қазақстан Республикасының клиенттері/халқы (резиденттері емес) үшін сыртқы пайда - бағдарламалық өнімді пайдалану бақылау және қадағалау қызметінің салдарын қысқарту (уақытша шығындарды қысқартуға қаржылық ұсталымдарды қысқарту), қызметтерді тиімді ұсынуды қамтамасыз ету (қызметтерді ұсынудың жаңа нысандары, әкімшілік кедергілерді төмендету, қолжетімділік пен сапаны арттыру) арқылы анық пайдаға әкеледі

0,8


Кешенді пайда - бағдарламалық өнімді пайдалану бірнеше топтардан, оның ішінде ұлттар, ұйымдар мен Қазақстан Республикасының халқы (резиденттері емес) үшін пайда алуға әкеледі

1

3-санат
Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтылым

3.1 Қуаты
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,6-дан 3,5-ға дейін
Орта – 1,6-дан 2,5-ға дейін
Төмен – 0,3-тен 1,5-ға дейін

3.1.1 Өнімділік

1,5
(Басты)

Дербес – жеке пайдалану немесе 3-тен 7 адамға дейінгі кіші жұмыс топтарының пайдалануына арналған бағдарламалық өнім

0,5


Офистік - адам саны 10 000 дейін ұйымдардың пайдалануына арналған бағдарламалық өнім

1


Өнеркәсіптік - адам саны 10 000 дейін ұйымдардың пайдалануына арналған бағдарламалық өнім

1,5


3.1.2 Кеңінен қолданылуы

0,5
(Базалық)

Жоқ – бағдарламалық өнім виртуалдау мен кластерлеу технологияларын қолдамайды

0



Ішінара - бағдарламалық өнім виртуалдау мен кластерлеу технологияларын ішінара қолдайды

0,3



Толық - бағдарламалық өнім виртуалдау мен кластерлеу технологияларын толық қолдайды

0,5


3.1.3 Кеңейтуге дайындық

1
(Негізгі)

Дистрибутив - бағдарламалық өнім орындалатын файл, бейін немесе орнату пакеті ретінде ұсынылады

0,5



Контейнер – бағдарламалық өнім docker-контейнерлер арқылы кеңейтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді

0,8



Дайын сервис – бағдарламалық өнім өндіруші немесе өнім беруші Интернет –ресурсынан дайын сервис түрінде ұсынылады не кеңейтуді ұйымдастыруға және пайдаланушыларға жалға алынатын сервис ретінде ұсынуға мүмкіндік береді (Platform-as a-Service, PaaS)

1

3.2 Әмбебаптық
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,7-ден 3,5-ке дейін
Орта – 1,8-ден 2,6-ға дейін
Төмен – 1-ден 1,7-ге дейін

3.2.1 Бейімделуі

1
(Негізгі)

Ең төмен – бағдарламалық өнім өзгертілмейді, өзара іс-қимылға арналған құжатталған бағдарламалық интерфейстер (application program interface) жоқ және бағдарламалық кодқа қол жеткізу мүмкіндігі жоқ

0




Қалыпты - бағдарламалық өнімнің техникалық құжаттамасы мен бағдарламалық өнімнің күйге келтірулерін және жұмыс істеу параметрлерін өзгерту жолымен бағдарламалық өнімнің мүмкіндіктерін тапсырыс берушінің талаптарына икемдеу бойынша кіріктірілген құралдары, сондай-ақ бағдарламалық өніммен өзара іс-қимыл жасауға арналған бағдарламалық интерфейстер және хаттамалары бар

1




Жоғары - бағдарламалық өнімнің бастапқы бағдарламалық коды, соның ішінде бағдарламалық өніммен өзара іс-қимыл жасауға арналған бағдарламалық интерфейстер және хаттамаларының толық жиынтығы, тапсырыс берушінің талабы бойынша талдау мен өзгерту үшін қолжетімді



3.2.2. Шешілетін міндеттердің әртүрлілігі

1,5
(Басты)

Бейінді мамандырылған – қолданбалы бағдарламалық қамтылымның құрамдас бөлігі ретінде немесе белгілі бейінді мамандандырылған міндеттерді шешу үшін өз бетінше пайдаланылатын бағдарламалық өнім

1





Жалпы мақсатты - қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және (немесе) пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасайтын бағдарламалық өнім

1,5



3.2.3. Тасымалдануы

0,5
(Базалық)

Платформаға тәуелді — белгілі бір аппараттық платформамен және/немесе операциялық жүйемен қатаң байланысқан және солармен шектелген бағдарламалық өнім.

0





Кросс-платформалық — бірнеше аппараттық платформада және/немесе операциялық жүйеде жұмыс істейтін бағдарламалық өнім.

0,5



3.2.4. Баламасының болуы

0,5
(Базалық)

Жоқ – ұқсас бағдарламалық өнімдер жоқ

0




Шектеулі- нарықта 1 немесе 2 баламалы бағдарламалық өнім бар

0,3




Толық – нарықта 3 артық бағдарламалық өнім бар

0,5

4-санат деректерді өңдеу және сақтаудың техникалық құралдары

4.1 Қуаты
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,6-дан 3,5-ке дейін
Орта – 1,6-дан 2,5-ке дейін
Төмен – 0,3-тен 1,5-ке дейін

4.1.1.Өнімділік

1,5
(Басты)

Өнімділігі төмен (low-end) – сыныптау сәтінде жабдық өнімділіктің жалпы қабылдаған сынақ нәтижелері бойынша бірінші 300 санына кірмейді:
Серверлер - TPC-C, TPC-E, TPCx-HS, Standard Performance Evaluation Corporation (SPEC.org) өнімділігін тестілеу;
Жұмыс станциялары мен олардың жеке құрамдас бөліктер Passmark, Futuremark;
Тасымалдау құрылғылары - Antutu BenchMark PCMark, Basemark өнімділігін тестілеу;
Деректерді сақтау жүйелері - SPC-1C дан Storage Performance Council дейін өнімділігін тестілеу

0,3





Өнімділігі орташа (middle-end) – сыныптау сәтінде жабдық өнімділіктің жалпы қабылдаған сынақ нәтижелері бойынша 300 және 100 арасында

1





Жоғары санатты — жіктеу кезінде жабдық кеңінен танылған өнімділік сынақтарының нәтижелері бойынша үздік 100-дік қатарына кіреді.

1,5



4.1.2.Өндіріс мерзімі

1
(Негізгі)

Ескі – жабдық 5 жылдан астам уақыт бойы өндіріледі

0



Ескіретін - жабдық 3-тен 5 жылға дейінгі уақыт бойы өндіріледі

0,5



Жаңа - жабдық 1-ден 3 жылға дейінгі уақыт бойы өндіріледі

1



4.1.3. Кеңінен қолданылуы

1
(Негізгі)

Жоқ – кеңінен қолданылуы сүйемелденбейді

0


Тік бағытта кеңінен қолданылуы – өзгерту және (немесе) жаңа құрамдас бөліктерді қосу мүмкіндігін сүйемелдеу

0,5


Көлденең бағытта кеңінен қолданылуы – виртуалдау арқылы бірыңғай есептеу ресурсына жабдықтарды біріктіру мүмкіндігін сүйемелдеу

1

4.2, Сенімділігі
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,1-ден 2,5-ға дейін
Орта – 1,1-ден 2-ге дейін
Төмен –0,2-ден 1-ге дейін

4.2.1. Дайындығы

1,5
(Басты)

Стандартты орындау – стандартты сипаттамалары бар, артық құрамдас бөліктері жоқ, ал дайындық деңгейі 95% төмен құрайды

0,2


Күшейтілген шешімдер – кейбір артық құрамдас бөліктері бар, тоқтаусыз құрамдас бөліктерінің бөліктерін ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал дайындық деңгейі 95-тен 99% шегінде

0,5


Кластерлік шешімдер – олардың жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін артық негізгі құрамдас бөліктері бар, тоқтаусыз құрамдас бөліктерінің бөліктерін ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал дайындық деңгейі 99-дан 99,9% шегінде

1


Тұрақты дайындығын шешу – олардың жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін артық негізгі құрамдас бөліктері бар, тоқтаусыз құрамдас бөліктерінің бөліктерін ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал дайындық деңгейі 99,9% -дан астамды құрайды

1,5


4.2.2. Қорғалған орындалу

0,5
(Базалық)

Стандартты орындау – сертификаты немесе қорғалған орындауы жоқ

0


Сертификатталған –киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаты бар

0,1


Жартылай қорғалған – қорғалған орындау, суға төзімді, соққыға төзімді және қорғалған орындау талаптарына ішінара сәйкес келеді (стандарттар MIL-STD-810G және MIL-STD-461F)

0,3


Толық қорғалған - қорғалған орындауы бар, төтенше температураға және агрессивті ортаға (қатты діріл, соққы, шаң басу, ылғал, вандализм) төзімді және қорғалған орындау талаптарына толық сәйкес келеді (стандарттар MIL-STD-810G және MIL-STD-461F)

0,5


4.2.3. Өнеркәсіптік орындау

0,5
(Базалық)

Стандартты орындау – өнеркәсіптік орындауы жоқ

0


Өнеркәсіптік орындауы бар – өнеркәсіптік автоматтандыру міндеттерін шешу үшін арналған, түрлі сыртқы әсерлерге тұрақтылығымен, өнеркәсіптік желілерге қосылу мүмкіндігімен ерекшеленеді

0,5

5-санат цифрлық жазбалар

5.1 Маңыздылығы
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,1-ден 3-ке дейін
Орта – 1,1-ден 2,0-ге дейін
Төмен –0,6-дан 1,0-ге дейін

5.1.1. Салдары

1,5
(Басты)

Қолжетімсіздік, қирау немесе зақымдану елеулі теріс әлеуметтік, саяси және экономикалық салдарға әкеледі

2,5

1,0
(Негізгі)

Бас тартудың қалыпты, басқарылатын салдары бар.

1,5

0,5
(Базалық)

Бас тарту айтарлықтай зиян келтірмейді

0,8

5.2 Сенімділік
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,6-ден 3,5-ке дейін
Орта – 1,6-ден 2,5-ке дейін
Төмен –0,5-тен 1,5-ке дейін

5.2.1. Қауіпсіздік

1,5
(Басты)

Сенімді қорғаныс пен тұтастыққа кепілдік беріледі, резервтік көшірме және тұтастықты бақылау қамтамасыз етіледі

3,0

1,0
(Негізгі)

Негізгі сенімділік қамтамасыз етіледі (стандартты қорғау және резервтік шаралар)

2,0

0,5
(Базалық)

Ең аз сенімділік, міндетті сақтық көшірме жоқ

0,5


5.3 Аса маңыздылық
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,6-дан 3-ке дейін
Орта – 1,6-дан 2,5-ке дейін
Төмен –1,1-ден 1,5-ке дейін

5.3.1. Салдары

1,5
(Басты)

Қолжетімсіздік аса маңызды салдарға (әлеуметтік, саяси, экономикалық) әкеледі

2,5

1,0
(Негізгі)

Орындалмауы орташа, басқарылатын зақымға әкеледі.

1,5

0,5
(Базалық)

Бас тарту елеулі салдарларды тудырмайды

0,7

6-санат Цифрлық активтер

6.1. Маңыздылық
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,1-ден 3,0-ке дейін
Орта– 2,1-ден 3,0-ке дейін
Төмен – 0,6-дан 1,0-ге дейін

6.1.1.Құны

1,5
(Басты)

Актив жоғары құндылыққа ие және мемлекет/ірі бизнес үшін аса маңызды

2,5

1,0
(Негізгі)

Қолжетімді баға, ішінара ауыстыру мүмкін

1,5

0,5
(Базалық)

Төмен құны, қатаң қауіпсіздік талаптары жоқ

0,8

6.2. Реттеулік
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,6-дан 3,5-ке дейін
Орта – 1,6-дан 2,5-ке дейін
Төмен – 0,5-тен 1,5-ке дейін

6.2.1. Реттеу

1,5
(Басты)

Қатаң нормативтік талаптарды сақтай отырып (лицензиялау, қадағалау органдарының қадағалауы)

3,0

1,0
(Негізгі)

Реттеуі орташа (тек хабарландыру/жеңілдетілген тіркеу).

2,0

7-санат цифрлық деректер өнімдері

0,5
(Базалық)

Міндетті реттеуге жатпайды (лицензиялар қажет емес)

1,0

6.3. Инфрақұрылымға тәуелділік
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,6-дан 3,5-ке дейін
Орташа – 1,6-дан 2,5-ке дейін
Төмен – 0,5-тен 1,5-ке дейін

6.3.1. Қолжетімділік

1,5
(Басты)

Мамандандырылған инфрақұрылымға қатты тәуелді (блокчейн, банк желісі)

2,5


1,0
(Негізгі)

Ішінара тәуелділік; жұмыс мамандандырылған инфрақұрылымға тұрақты қол жеткізбеуі мүмкін, бірақ оның болмауы тиімділікті төмендетеді

1,5


0,5
(Базалық)

Іс жүзінде нақты инфрақұрылымнан тәуелсіз, ол кез келген жалпы АТ ортасында жұмыс істей алады

0,7

7.1. Ауқымы
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,1-ден 3-ке дейін
Орташа – 1,1-ден 2,0-ге дейін
Төмен – 0,6-дан 1,0-ге дейін

7.1.1 қолданылуы

1,5
(Басты

Өнім кең ауқымда (ұлттық/халықаралық) қолданылады

2,5


1
(Негізгі)

Өнім жекелеген салаларда/ұйым ішінде қолданылады

1,5

0.5
(Базалық)

Шектеулі қолдану (ішкі, көмекші, анықтамалық ақпарат)

0,8

7.2. Қол жетімділік
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,6-ден 3,5-ке дейін
Орташа – 1,6-дан 2,5-ке дейін
Төмен – 0,5-тен 1,5-ке дейін

7.2.1. Пайдаланылуы

1,5
(Басты)

Қол жеткізу және пайдалануға шектелмеген жалпыға қолжетімді

3,0

1
(Негізгі)

Қолжетімділік пайдаланушылар тобымен шектелген (ішкі, корпоративтік)

2,0

0.5
(Базалық)

Қатаң құпия, тек арнайы рұқсаттары бар қолжетімділік.

1,0

7.3. Шешім қабылдауға әсері
Бағалау параметрлері:
Жоғары – 2,1-ден 3,0-ке дейін
Орташа –1,1-ден 2,0-ге дейін
Төмен – 0,5-тен 1,0-ге дейін

7.3.1. Шешім қабылдау

1,5
(Басты)

Өнімнің қолжетімділігі басқару/экономикалық шешімдер үшін аса маңызды

2,5

1
(Негізгі)

Өнім шешімдерге орташа әсер етеді

1,5

0.5
(Базалық)

Өнімнің болмауы елеулі салдар тудырмайды

0,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады