"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2026 жылғы 12 тамыздағы № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 тамызда № 39594 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарын тану тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аттестаттау ісі – Қазақстан Республикасы азаматының, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжатын тану үшін жіберілетін құжаттар топтамасы;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сараптамалық бағалау – білім туралы шетелдік құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, оның иегерінің оқуын жалғастыруға және/немесе жұмысқа орналасуына қол жеткізу мақсатында академиялық және (немесе) кәсіби құқықтарын бере отырып, оның тең маңыздылығын ресми түрде белгілеу;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) цифрлық құжаттар сервисі – "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған цифрлық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      6. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "цифрлық үкіметтің" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына хабарлайды.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы жібереді.";

      10-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында заңдық күші бар білім туралы құжаттарды тану мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімін жүргізеді, шетелдік деректер базасында құжат туралы мәліметтер болмаған кезде білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болу фактісін растауды алу мақсатында берген елдің тану мәселелері бойынша уәкілетті органына ресми сұрау салуды жібереді;

      Діни білім туралы құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері тиісті саланың мамандарын тартады.

      Халықаралық шарттар болмаған кезде, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық мамандық бойынша құжаттар түскен кезде білім туралы құжаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау жолымен тану рәсімін жүргізеді, қажет болған кезде тиісті салалардың мамандарын тартады;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Шетелдік білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда, зертханаларда кадрлар даярлаудың медициналық, фармацевтикалық бағыттары бойынша, оның ішінде интернатурадан өту туралы алынған білім туралы құжаттар мынадай тәртіппен танылады:

      егер білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған болса, білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу;

      білім туралы құжат берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру сәтінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын белгілеу;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған санынан бейінді сарапшыларды тарта отырып, білім деңгейін бағалау;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері тану/сараптамалық бағалау негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарады не Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі;";

      11-тармақта:

      3) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық шарттар болмаған кезде, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық мамандықтар бойынша құжаттар түскен кезде, Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, білім туралы құжаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау жолымен тану рәсімін жүргізеді, қажет болған кезде тиісті салалардың мамандарын тартады.";

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер білім беру ұйымы, ғылыми орталық немесе білім туралы құжат берген зертхана 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ресми сұрау салуына (электрондық пошта немесе ресми түрде) жауап бермесе, Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтару туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің тану/сараптамалық бағалау негізінде оң жауабы алынған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарылады не Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі;";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өзара тану туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білімі туралы құжаттар медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық мамандықтары бар тұлғаларды қоспағанда, мынадай тәртіппен танылады:";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өзара тану туралы халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде, оның ішінде педагогика бағытындағы білім туралы құжаттар мынадай тәртіппен сараптамалық бағалау жүргізіле отырып танылады:";

      18-тармақ алып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қазақстан Республикасы азаматының, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжаттарын тану рәсімі екі кезеңде жүргізіледі:";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген.";

      25-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы, ғылыми орталық немесе зертхана көрсетілетін қызметті берушінің ресми сұрау салуына (электрондық пошта арқылы не ресми түрде) 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімдейді;";

      27-тармақта:

      3) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер ғылыми дәреженің берілгені туралы құжатты берген білім беру ұйымы, ғылыми орталық немесе зертхана көрсетілетін қызметті берушінің ресми сұрау салуына (электрондық пошта арқылы не ресми түрде) 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімдейді;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ғылыми дәреженің берілгені туралы құжатты тану туралы бұйрық не Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады;";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызмет берушіге жолдайды.";

      33-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасына немесе Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының нормаларына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.";

      көрсетілген бұйрықтың 1, 2, 3 және 7-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 5, 6, және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін атқарушы
Г. Кобенова

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 12 тамыздағы
№ 383 бұйрығына
1-қосымша
  Жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі
білім туралы құжаттарды
тану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігінің
"Жоғары білім беруді
дамыту ұлттық орталығы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
______________________
______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) *
______________________
______________________
Азаматтығы:
* _____________________
*_______________________
Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік):
*_____________________
_____________________
(нөмірі, сериясы, күні
және кім бергені)
_____________________
_____________________
Тұрғылықты мекенжайы:
______________________
______________________
_______________________
(ел, облыс, қала, аудан, көше
атауы, үй және пәтер нөмірі)
Байланыс
деректері*____________
*Тел.:_________________
______________________
*Эл.пошта: ________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электрондық пошта адресі)
Жұмыс немесе оқу орны:
*_____________________
_____________________
_____________________
______________________

Өтініш

      Сізден білім туралы құжатты *___________________________________________________
(жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)
_________________________________________ мақсатымен тануды өтінемін.
Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі*
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(диплом, аттестат, куәлік, сертификат)
Кім берген*___________________________________________________________________
(білім беру ұйымының, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің толық атауы)
Мамандық/бағыты бойынша*____________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(толық атауы)
Берілген біліктілік/ дәреже*_____________________________________________________
(толық атауы)
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім
беремін. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы үшін толық жауап беремін.
"___"______________20____жыл
_____________________________
(жеке қолы)
*- толтырылуы міндетті.

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 12 тамыздағы
№ 383 бұйрығына
2 қосымша
  Жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі
білім туралы құжаттарды
тану қағидаларына
2-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Сіздің Қағидаларда көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. _______________________;

      2. _______________________;

      3. _______________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ______________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      Телефон: __________________________________

      Алдым: _____________________________________________________________

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)/қолы

      20_____жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 12 тамыздағы
№ 383 бұйрығына
3-қосымша
  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім
туралы құжаттарды тану
қағидаларына
3-қосымша

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану" мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану"

2

Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса)

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктердің телнұсқаларын беру

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету тәртібі

Барлық кіші түрлер үшін:

1) Мемлекеттік корпорация арқылы;

2) "цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал) арқылы.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күні

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы заңдастырылмаған және апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 35 (отыз бес) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 45 (қырық бес) жұмыс күні

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 24-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні

Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде-35 (отыз бес) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 40 (қырық) жұмыс күні

Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде-60 (алпыс) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 65 (алпыс бес) жұмыс күні

Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 77 (жетпіс жеті) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 82 (сексен екі) жұмыс күні

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктердің телнұсқасын беру туралы өтінішті қарау мерзімі:

Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні.

Портал арқылы жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні.

Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша: Электрондық (ішінара цифрландырылған) /қағаз түрінде:

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

– Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;

- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;

- осы Тізбенің 11-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2) порталға жүгінген кезде:

– Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжатты электрондық нысанда тану туралы куәлік;

- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес электрондық нысанда білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;

- осы Тізбенің 11-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген адамның мөрімен және қолымен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру шарты:

- көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі Мемлекеттік корпорация арқылы жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырылады;

- порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мерзімінде талап етілмеген құжаттарды сақтау шарты:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік корпорация құжаттардың сақталуын бір ай бойы қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара цифрландырылған) /қағаз түрінде.

8

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

1. Қазақстан Республикасының резиденттері үшін төлем мөлшері:

р/с№

Қызмет атауы

1 бірліктің бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК)

1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану

10 АЕК

2

Шетелде диссертация қорғаған адамдардың құжаттарын тану (ғылыми дәреже беру туралы құжат)

10 АЕК

3

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру

3 АЕК

2. Жеңілдікті төлем келесі санаттар үшін қарастырылуы мүмкін:
1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2) мүгедектігі бар адамдар;
3) көп балалы отбасылар;
4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
5) аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылған өзге де санаттар:

р/с

Қызмет атауы

1 бірліктің бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК)

1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану

8 АЕК

2

Шетелде диссертация қорғаған адамдардың құжаттарын тану (ғылыми дәреже беру туралы құжат)

8 АЕК

3

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру

2 АЕК

3. Бейрезиденттер үшін төлем мөлшері:

р/с №

Қызмет атауы

1 бірліктің бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК)

1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану

15 АЕК

2

Шетелде диссертация қорғаған адамдардың құжаттарын тану (ғылыми дәреже беру туралы құжат)

15 АЕК

3

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру

8 АЕК

Мемлекеттік қызметті көрсету құнын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 146-бабына сәйкес айқындалып Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қарастыруға қабылдаған жағдайда, төлем қайтарылмайды.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады;

2) Мемлекеттік корпорацияда - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Кодекске сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады.

3) Порталда - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілісті есептемегенде тәулік бойы жүзеге асады (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

3) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесі мөрдің аудармасын қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

Құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде білім туралы құжат берілген кезде, егер бұл шарт (келісім) білім туралы құжаттарды заңдастырудан және (немесе) апостильдеуден босатуды көздесе немесе мұндай шарт (келісім) болмаған жағдайда, білім туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесі, сондай-ақ мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесін, олардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.

4) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін – білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар).

5) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді);

6) егер білім туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өткен болса, бұйрықтың көшірмесі не тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме қоса берілсін.

7) күндізгі оқу нысаны бойынша алынған медициналық, фармацевтикалық немесе педагогикалық мамандық бойынша білімі туралы құжаттың иегері халықаралық академиялық рейтингтердің алғашқы 1000 позициясына кіретін ЖЖОКБҰ берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын іске асыру орны бойынша оқу процесіне қатысуын растайды.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

- портал арқылы жүгінген кезде:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі және мөрдің аудармасын қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

Құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде білім туралы құжат берілген кезде, егер бұл шарт (келісім) білім туралы құжаттарды заңдастырудан және (немесе) апостильдеуден босатуды көздесе немесе мұндай шарт (келісім) болмаған жағдайда, білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі, сондай-ақ мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесін, олардың қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.

3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін – білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар).

4) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді).

5) Егер білім туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өткен болса, бұйрықтың көшірмесі не тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме қоса берілсін.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау/бас тарту мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

2. Ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы куәлік алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

2-1. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жатса, ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді Қағидаларға 1-қосымшаға мынадай құжаттарды қоса бере отырып:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

2-2. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның қазақ немес орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болған жағдайда) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) шетелдік азаматтың ЖЖОКБҰ шақыруын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі/қағаз түрінде;

5) жұмыс орны бойынша куәландырылған Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметін растайтын электрондық көшірме/көшірме.

2-3. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) электрондық көшірмесі/қағаз түрінде ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберу еркін нысандағы құжатпен расталады.

2-4. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген адамдар санатына жатпаса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) диссертация электронды түрде (CD-диск). Шет тіліндегі диссертацияға авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (кемінде 40 (қырық) мың баспа белгісі) көшірмесі қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда нәтижелер, зерттеудің мақсаттары, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі;

5) "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҰМҒТСО) анықтамасының көшірмесі (еркін нысанда) және диссертация қорғалған елдің уәкілетті органының немесе ЖЖОКБҰ-ның диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы анықтамасы (еркін нысанда, бар болса).

6) ғылыми еңбектер тізімі.

3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;

3) Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар);

4) тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса);

5) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін-білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар);

6) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген кезде талап етілмейді) ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

11

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы;

4) білім туралы құжатты беру фактісін растау туралы сұрау салуға теріс жауап немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болмауы;

5) Қазақстан Республикасы Халықаралық құқық субъектісі ретінде танымайтын елдердің білімі туралы құжаттарды не шетелдік білім беру ұйымын беру елінің білім беру саласындағы уәкілетті органы мойындамаса;

6) Сараптама кеңесінің теріс қорытындысы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік білім беру бағдарламасының білім беру деңгейлерінің және (немесе) даярлау бағыттарының (мамандықтардың, кәсіптердің) ешқайсысына сәйкес келмеуі;

8) білім туралы құжатты беру фактісін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растау туралы сұрау салуға жауаптың болмауы.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.

Осы тармақтың 1), 2), 6) және 8) тармақшаларына сәйкес бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жаңа төлем жүргізбейді.

12

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүруді, бағдарлануды жүзеге асыру қабілеттерінен немесе мүмкіндігінен толық немесе жартылай айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 57-20-83. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 12 тамыздағы
№ 383 бұйрығына
4-қосымша
  Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім
туралы құжаттарды тану
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігінің "Жоғары білім
беруді дамыту ұлттық
орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
___________________________
___________________________
(ол болған жағдайда)
Азаматтығы:
*___________________________
___________________________
Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік):
*__________________________
___________________________
(нөмірі, сериясы, күні
және кім бергені)
___________________________
___________________________
Тұрғылықты мекен жайы: _____
___________________________
(ел, облыс, қала, аудан, көше
атауы, үй және пәтер нөмірі)
___________________________
Байланыс деректері*_________
*Тел.:______________________
*Эл.пошта: ________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электрондық пошта адресі)
___________________________
___________________________
Жұмыс немесе оқу орны:*_____
___________________________

Өтініш

      Сізден _________________________________________________________
(білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын беру)
Себебі _________________________________________________________
(куәліктің жоғалуы/бүлінуін/ тегі, аты немесе әкесінің аты (ол болған
жағдайда) өзгеруі және т.б.)
Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі _____________________
________________________________________________________________
(диплом, аттестат, куәлік, сертификат)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(білім беру ұйымының, елдің толық атауы)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
мамандық бойынша (толық атауы)
берілген біліктілік/дәрежесі ________________________________________
_________________________________________________________________
(толық атауы)
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
20_____жылғы "____"___________
_____________________ (жеке қолы)
*- толтырылуы міндетті.

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 12 тамыздағы
№ 383 бұйрығына
5-қосымша
  Жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім
туралы құжаттарды
тану қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Білім туралы шетелдік құжатты тану туралы КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты)
БТ № ______________
Осы білім туралы құжат________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)
_____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________атына
берілген оқу орны _____________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің атауы)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында танылып
______________________________________________________________________
__________________________________________________ құқығымен куәландырылады
оқуды жалғастыру және (немесе) жұмысқа орналасу)
Негіздеме:_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нөмірі мен күні)
Басшы_________________________М.О (қолы)
Тіркеу нөмірі № __________________________
20__ жылғы "____"_______________________

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 12 тамыздағы
№ 383 бұйрығына
6-қосымша
  Жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім
туралы құжаттарды
тану қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Білім туралы шетелдік құжатты тану туралы КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты)
БТ І № __________
Осы білім туралы құжат__________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)
_______________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________________________________
атына берілген оқу орны
_______________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның, ғылыми орталықтың,
зертхананың, елдің атауы)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_______ Қазақстан Республикасында (деңгейі/білім дәрежесі, мамандығы
немесе білім беру бағдарламасы/ біліктілік, кадрларды дайындау бағыты
бойынша)________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______ сәйкес құқықтық теңдігімен танылсын
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(білім алуға және (немесе) кәсіби қызметке қол жеткізу)
Негіздеме:_____________________________________________________________
______________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нөмірі мен күні)
Басшы ________________ М.О (қолы)
Тіркеу нөмірі № ___________________
20 ___ жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 12 тамыздағы
№ 383 бұйрығына
7-қосымша
  Жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім
туралы құжаттарды
тану қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ғылыми дәреже беру туралы шетелдік құжатты тану туралы КУӘЛІК

      (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның нотариалды расталған аудармасымен нақты)
БТ ІІ № ____________________
____________________________________________________________________
атына (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның, ғылыми орталықтың, зертхананың, елдің атауы)
оқу орнымен берілген _________________________________________________
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі және берілген күні)
_____________________________________________________________ осы ғылыми
дәрежесі туралы құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік
шеңберінің 8 (сегізінші) деңгейіне
____________________________________________________________________
______________________________________________________ даярлық бағыты
бойынша____________________________________________________________
философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор дәрежесіне сәйкес деп танылады.
Негіздеме: ________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нөмірі мен күні)
Басшы ___________________________ М.О (қолы)
Тіркеу нөмірі № ____________________
20_____ жылғы "____" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады