БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35570 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларының:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органның цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) Сыйлықтарды алу конкурсына қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес материалдар мен құжаттар;
3) ғылыми ұйымдардың және ЖЖОКБҰ консультативтік-кеңесші органының өтінішхаты (ұсынымы);
4) жеке басын куәландыратын құжаты;
5) қолданыстағы жиырма таңбалы ағымдағы шот туралы хабарлама.
Конкурсқа құжаттар уәкілетті орган конкурс туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде цифрлық жүйе арқылы қабылданады.
Бұрын Сыйлыққа ие болған үміткерлер осы Қағидалардың 8-тармағындағы 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес жаңа материалдар мен құжаттарды ұсынады.";
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Нәтижелер Комиссия айқындаған үміткерлердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерінің балдары бойынша сараланған тізімдер түрінде ғылым салалары бойынша цифрлық жүйеде жеке ресімделеді. Нәтижелер әрбір қатысушы мүшенің қолымен расталған секция хаттамасымен бекітіледі және Комиссияның қорытынды отырысына қарауға беріледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес шағым жасалады.
Комиссияның шешімдеріне шағымдану конкурстың алдын ала нәтижелері ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік бір күн ішінде цифрлық жүйе арқылы апелляциялық комиссияға шағым беру арқылы жүзеге асырылады.
Шағымдану кезеңінде ғылыми жетістіктер туралы мәліметтердегі және растайтын құжаттардағы өзгерістерге жол берілмейді.
Апелляциялық комиссияны уәкілетті орган құрады және онда Комиссия мүшелері болмайды.
Апелляциялық комиссияның төрағасы апелляциялық комиссия мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен сайланады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде негізделген жауапты цифрлық жүйеде жариялайды.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлiгi
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2026 жылғы 13 шілдедегі № 333 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
| "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
"Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру конкурсына үміткердің өтінімі
Маған – тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) "Үздік ғылыми қызметкер" конкурсына қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1. | Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру нөмірі) | |
2. | Туған күні, айы, жылы | |
3. | Жұмыс орны (қысқартуларсыз) | |
4. | Лауазымы (қысқартуларсыз) | |
5. | Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді) | |
6. | Ғылыми дәрежесі/атағы | |
7. | Марапаттаулар, көтермелеулер (мемлекеттік, ведомстволық) | |
8. | Ғылым саласы | |
9. | ОРКИД (ORCID) (ғылыми авторларды сәйкестендірудің әріптік-сандық коды) | |
10. | Рисочерайди (ResearcherID) (бар болған жағдайда Web of Science (Уэп оф сайнс) базасындағы ғалымның идентификаторы) | |
11. | Автор айди (Author ID) (Автор айди) (бар болған жағдайда Scopus (Скопус) базасындағы автордың ерекше номері) | |
12. | Хирш индексі | |
13. | Электрондық мекен-жайы | |
14. | Байланыс телефоны (үй, ұялы) |
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2026 жылғы 13 шілдедегі № 333 Бұйрыққа 2-қосымша |
|
| "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларына 2-қосымша Нысан |

