Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 479 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 шiлдеде № 39275 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
Б. Аленов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 7 шілдедегі № 479
  бұйрығымен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі

      1. "Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Күзетпен ұстауды қоспағанда кодекстің 137-бабында көзделген бұлтартпау шарасының бірі қолданылған күдіктілер, айыпталушылар - жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған, не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда ішкі істер органдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалпы тәртіпте құжаттандырады.

      Күзетпен ұстауды қоспағанда кодекстің 137-бабында көзделген бұлтартпау шарасының бірі қолданылған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын күдіктілер, айыпталушылар - азаматтығы жоқ адамдардың, шетел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған, не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда ішкі істер органдары жалпы тәртіпте құжаттандырады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бұлтартпау шарасы - күзетпен ұстау қолданылған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын күдіктілер, айыпталушылар - Қазақстан Республикасының азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шетел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда ішкі істер органдары қоғамнан уақытша оқшалауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелер тұрған жерде жалпы тәртіпте құжаттандырады.";

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 607 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21161 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 85) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларда:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 85) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемесі жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін беру тәртібін айқындайды.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18 жасқа толмаған адамдар және сот әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып береді.";

      10-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өтініш беруші туралы мәліметтердің дұрыстығын анықтау үшін қазақстандық және шетелдік уәкілетті органдардан ақпаратты сұратады:

      1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын беру туралы өтініш берушіге 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын берген ішкі істер органына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша №1 нысандағы өтініштің көшірмесін беру және өтініш берушіге 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының берілу фактісін және фотосуреттердің ұқсастығын растау үшін, сондай-ақ ерекше белгілердің болуы тұрғысынан (шет мемлекеттің азаматтығы, паспортты айырбастау, жоғалту туралы, құзыретті органдардың сұрау салуы) № 2 нысандағы 1974 жылғы үлгідегі паспорттардың берілуін есепке алу кітабы туралы сұрау салу жолдайды;

      басқа мемлекеттің уәкілетті органына паспортпен немесе жеке басты куәландыратын басқа құжатпен құжаттау туралы;

      туу туралы акт жазбасы туралы - өтініш беруші қайтадан берілген туу туралы куәлікті ұсынған жағдайда, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына сұрау салу жолдайды;

      өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында тұруы туралы - ПД мекенжай-анықтама бюросының архивіне, Мемлекеттік архивтерге, ауылдық округ әкімдіктеріне, білім беру және қорғаныс органдарына тұруы туралы;

      басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылғандығын растау;

      3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің барлық сервистері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер базасы бойынша адамды тексеруді жүзеге асырады, адамды Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды не оны жоғалтуды, Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматы ретінде тіркелуді есепке алу бойынша тексеруді жүргізеді. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында болу фактісін растау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өтуі туралы мәліметтер сұратылады.

      Сұрау салулар адамның паспорттық деректері бойынша, сондай-ақ олар өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні бойынша жолданады.

      Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан жауаптар болмағанда, жолдаған күннен бір ай өткеннен кейін сұрау салу қайта жолданады.

      Бұл ретте материалды қарау мерзімі біруақытта өтініш берушіге хабарлай отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді қорытынды негізінде тоқтатылады.

      Материалды қарау мерзімдерін жаңғырту сұратылған мәліметтердің түсуі арқылы жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші ұсынған шет мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтату туралы құжатты ішкі істер органдары ІІМ Қазақстан Республикасы ратификациялаған, көші-қон саласындағы Келісімдерге сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органдарына сұрау салу жолдау арқылы немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті арқылы түпнұсқалығына тексереді.

      Сұрау салулардың нәтижелері іс материалдарына тігіледі.

      Өздері туралы хабарлайтын ақпаратқа сәйкестігін немесе айырмашылығын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарға қатысты фотосуреттер бойынша жеке басына тану жүргізіледі.

      Жеке басын тануды өтініш берушінің жақын туыстары немесе өтініш берушіні кемінде 10 жыл танитын адамдар жүзеге асырады.

      Танушы адамдардан тиiстi адамды қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай белгiлерi мен ерекшелiктерiне қарай тани алатыны туралы алдын ала жауап алынады. Егер танушы адам көрсетілген фотосуреттердің бірін көрсетсе, одан сол адамды қандай белгілері немесе ерекшеліктері бойынша танығандығын түсіндіруді сұрайды.

      Жеке басын тану үшін фотосуреттерді ұсыну туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама (бұдан әрі - тану хаттамасы) толтырылады.

      Тану хаттамасын көші-қон қызметінің қызметкері өтініш берушінің фотосуреті бойынша біруақытта өтініш берушімен келбеті мен жасында қатты айырмашылықтар жоқ жыныстас басқа адамдардың 3 фотосуретін ұсына отырып жасайды. Фотосуреттер тігілген және көші-қон қызметі бөлінісінің елтаңбалы мөрімен бекітілген болуы тиіс. Хаттамада тану шарттары, барысы, нәтижелері көрсетіледі және мүмкіндігіне қарай танушы адамның түсініктемелері сөзбе-сөз жазылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өтініш оң қаралған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы анықтама беріледі, бұл ретте бұрын шет мемлекеттің азаматтығында тұрған адамдардан Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұруға ықтиярхаты (болған жағдайда) алып қойылады.";

      Қағидаларға 7-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 10-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау қағидалары" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33001 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау қағидалар осы тізімге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Халықты тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында халықты тіркеу тәртібін айқындайды.

      Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді (есепке алуды), сондай-ақ уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуды тіркеу арқылы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының халқын тіркеу "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" (бұдан әрі - ХҚТ ТП) және "Шетел азаматтарды құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" (бұдан әрі - ШҚТ ТП) цифрлық жүйелеріне мәліметтерді енгізу және оларды "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына көшіру арқылы жүзеге асырылады.";

      3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады:

      Қазақстан Республикасының азаматтарын (он төрт жасқа толған) -Мемлекеттік корпорация немесе "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы уәкілетті органның аумақтық бөліністері;

      халықтың көші-қоны саласындағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды - Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органның аумақтық бөліністері.

      Тіркеу орны оның заңды мекенжайы болып табылады.

      Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.

      Он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi болып олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi танылады.

      4. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу тұрғын үйдің меншік иесiнiң/иелерінің (жалға берушінің) жазбаша берген келiсiмiмен не электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      Тіркеуге меншік иесінің (жалға алушының) меншік құқығын растау үшін уәкілетті орган мекенжайдың тіркеу коды (МТК) бойынша "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үйге меншік құқығы пайда болуының негіздерін растайтын меншік иесі туралы мәліметті цифрлық жүйелерден алады.

      Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, сондай-ақ адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.

      Астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Тұрғынжай меншік иесінің жұбайын (зайыбын), жекжаттарын, жақын туыстарын, олардың жұбайлары (зайыптары) мен балаларын, өзінің қамқорлығындағы немесе қамқоршылығындағы адамдарды, сондай-ақ астанада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерді тіркейтін жағдайларды қоспағанда, осы тұрғынжайда тіркелген, жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын адамдар болмаған жағдайда, астананың аумағында белгіленген нормативтерден асырып тіркеуге жол берілмейді.

      Белгіленген нормативтерден асырып тіркеу кезінде азаматтардың осы санаттарға қатынасын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен не азаматтар ұсынған құжаттар бойынша алады.

      5. Тұрғылықты жерi бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеуге:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында мемлекет ішінде қоныс аударатын, сондай-ақ шет елдерден тұрақты тұрғылықты жерге не уақытша тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.

      6. Босқын мәртебесiн алған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болатын жері бойынша есепке алуға жатады.

      7. Тіркелуге (есепке алуға) жататын адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикадан тыс жерлерден келген Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа тұрғылықты жеріне, уақытша болатын (тұратын) жеріне келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (16 жасқа дейінгі балалар - туу туралы куәлік) түпнұсқада немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы;

      2) тұрғын үй иесінің/иелерінің не сенім білдірілген адамның (тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның қатысуы қажет) жеке басын куәландыратын құжат және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланатын ғимараттарда және үй-жайларда тіркеген кезде - ұйым (мекеме) әкімшілігінің тіркеу туралы қолдаухаты) өтініш білдірген адамды тұрақты не уақытша тіркеуге тұрғын үй иесінің/иелерінің не сенім білдірілген адамның жазбаша келісімі.

      Тұрғын үй иесін өзіне тиесілі тұрғын үйге тіркеу кезінде оның тіркелуге келісімі ұсынылмайды.

      Қазақстан Республикадан тыс жерлерден тұрақты тұрғылықты жерге келген Қазақстан Республикасының азаматтары паспортын (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта паспортын жоғалтқан не қолданылу мерзімі өткен жағдайда - қайтып оралуға арналған куәлік), бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжатты не бұрын тұрған елінің құзыретті органы берген азаматтығының жоқтығы туралы құжатты (анықтаманы) ұсынады.

      Бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжаты, азаматтығының жоқтығы туралы құжаты (анықтамасы) болмаған кезде азамат бұрын тұрған елінен көрсетілген құжаттардың бірі сұратылған (алынған) кезеңге уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеледі.";

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мынадай:

      1) Қазақстан Республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;

      2) сот тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп таныған;

      3) тіркеуден шығарылатын адамның қатысуынсыз және оның жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің/иелерінің өтініші бойынша;

      4) қайтыс болған;

      5) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға бұрын берілген рұқсат күшін жойған;

      6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту/шығу, одан айыруды тіркеу кезінде адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылуға тиіс.

      10. Қазақстан Республикасының халқын жаңа тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу кезінде цифрлық жүйеде бұрынғы мекенжайы бойынша тіркеуден алу бір уақытта жүзеге асырылады.

      Иелерінің қайтыс болуына байланысты олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының жарамсыздар санатына көшірілген не азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан ақпарат келіп түскен күн көрсетілген цифрлық жүйелерде қайтыс болғандарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару күні болып табылады.

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына енгізілген және "цифрлық үкімет" веб-порталына берілетін мекенжай туралы мәліметтер жеке тұлғаны тұрғылықты жері бойынша тіркеу мекенжайын немесе тұрғылықты жері, уақытша болатын (тұратын) жерi бойынша тіркеуден шығаруды, уақытша болатын (тұратын) жерi бойынша, сондай-ақ бір мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мәліметтерді тіркеуді растау болып табылады.

      "Цифрлық үкімет" порталы арқылы:

      жеке тұлғалар – өзінің тіркелген мекенжайы туралы;

      тұрғын үй иелері – бір мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мәліметтерді алады.

      Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекаралас аумағының тұрғындары Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өткен жағдайда тіркеу мекенжайын растайтын құжат Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге 3-қосымшаға сәйкес шекара маңы аумағындағы елді мекенде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын мәліметтер болып табылады.

      Шекара маңы аумағындағы тұрғындарға тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Мемлекеттік корпорация немесе "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы береді.

      11. Егер тiркеу немесе тiркеуден шығару кезiнде осы Қағидалардың талаптарын бұзуға жол берілсе, тiркеу немесе тiркеуден шығару туралы шешiмдi ресiмдеген уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі, сондай-ақ жоғары тұрған уәкілетті орган немесе сот оның күшін жояды.

      Мүдделi заңды немесе жеке тұлғалар тұрғылықты жерi бойынша тiркеудiң күшiн жою немесе оны қалпына келтiру туралы талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде мәлiмдейді.

      Мекенжайы бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінде (бұзылған, жойылған, бөлшектелген) не цифрлық жүйеде жоқ жеке тұлғаларды тіркеу анықталған жағдайларда уәкілетті орган жүргізілген тексеру нәтижелері туралы шығарылған қорытынды негізінде адамдарды тіркеуден шығаруды жүзеге асырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.".

  Өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізіміне
1-қосымша
  Азаматтығы жоқ адамдардың
құқықтық мәртебесін анықтау
жөніндегі қағидаларға
7-қосымша

      фотосуреттің орны

      (35 x 45 мм)

Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу үшін № ____анықтама берілді

      Тегі_______________________________________________________

      Аты ___________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Туған күні _________________________________________________

      "Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңына сәйкес азаматтығы жоқ адам болып табылады.

      Негіздеме:

      Облыстың ПД бастығының 20__жылғы "___"_______№ _____қорытындысы

      ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы _________________________
                                                (қолы) мөр орны

      Анықтаманың түбіртегі № _____

      Тегі _____________________________________________________________

      Аты _____________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________________

      Туған күні ________________________________________________________

      "Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес азаматтығы жоқ адам болып табылады.

      Негіздеме:

      облыстың ПД 20 __ жылғы "___" ________ № _____қорытындысы

      Инспектор ____________________
                        (қолы)

      Анықтаманы алдым 20___жылғы_________________ "____" ____________.
      (қолы)

  Өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізіміне
2-қосымша
  Азаматтығы жоқ адамдардың
құқықтық мәртебесін анықтау
жөніндегі қағидаларға
10-қосымша

Шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиядан өтуі туралы

АНЫҚТАМА

      ____________________________________________________________берілді
      (Т. А. Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжат құжатта көрсетілсе), туған күні)

      ЖСН_____________________________________________________________

      Тіркеу идентификаторы: KZ_________________________________________

      Ішкі істер органының атауы _________________________________________

      Дактилоскопиялау жүргізген ________________________________________
                        (лауазымы,атағы, Т. А. Ә. (егер ол қызметкердің жеке басын
                                    куәландыратын құжатта көрсетілсе,)

      ________________________________________
      (дактилоскопиялау күні) (қызметкердің қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Анықтама ұлттық паспортты көрсеткен кезде жарамды

  Өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізіміне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 531 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау тәртібін айқындайды.

      2. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына "Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсатты алу туралы қолдаухатпен жүгiнген кезде өздерiнің төлем жасау қабiлеттiгiн растайды.

      Өтінiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем жасау қабiлеттігiн растау үшiн iшкi iстер органдарына тұрақты тұруға қалдыру туралы - өтінішхат берілген күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бiр мың үш жүз жиырма еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш тең немесе баламасынан асатын;

      3. Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетел азаматының және азаматтығы жоқ адамның келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.

  Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар алуға
үмiткер шетел азаматтарының және
азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасында
болу кезеңiнде өздерiнiң төлем
жасау қабiлеттігін растау
қағидаларына
қосымша

      _______________________________________

      (банк мекемесінің атауы)

      __________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________
      (тегін, атын, әкесінің атын, (бар болған жағдайда) туған күнін, паспорттық
                        деректерін көрсету)

      20__ж. "___" ____________ шығыс № ___________________

      хатпен берілген шетел азаматының (азаматтығы жоқ адамның) банк шотының

      бар-жоғын растайтын құжаттың түпнұсқалығы туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын.

      Ақпарат сұраған:

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________________       (ішкі істер органы басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні, (бар болған жағдайда)

      _______________________

      (лауазымды адамның қолы)

      ____________________________________________
      ішкі істер органына (шетел азаматының, азаматтығы жоқ адамның тегі,
      аты, әкесінің аты, (бар болған жағдайда) ақпарат беруге келісемін.

      ___________________ _____________________

            (қолы)             (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады