Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:
7-3-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Банктің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелері Хабарлама жіберілген күннен кейінгі айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылады.
Банк осы тармақта көрсетілген шартты (шарттарды) орындамаған жағдайда, Хабарламада жіберілген облигациялар бойынша міндеттемелер осындай орындамау анықталған айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің бірінші санатына жатқызылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"14. Қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа шамасы осы кезең үшін есептелген ең төмен резервтік талаптардың мөлшерінен кем болмайды.";
3-1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы №30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38279 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесінде:
2-тармақтың он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк Қағидалардың 3-1-қосымшасына сәйкес банктің міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигациялар туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жібереді, ол арқылы осындай облигациялар шығарылымының осы тармақта көрсетілген шарттарға сәйкестігін растайды. Хабарлама "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" цифрлық жүйесі арқылы жіберіледі.";
7-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
9-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2026 жылғы 30 маусымдағы № 75 қаулысына 1-қосымша Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 3-1-қосымша |
Банк міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигациялар туралы хабарлама
Осы хабарламамен банк ________________________________ (банктің атауы), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________ (бұдан әрі – Банк) міндеттемелері
ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің үшінші
санатына жататын облигацияларды шығару шарттары туралы хабарлайды және
олардың "Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалардың 7-3-тармағының талаптарына сәйкестігін растайды.
1. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигацияларды шығару шарттары:
Эмиссияның халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) ____________.
Шығарылымның тіркелген күні____________.
Айналыстың басталу күні __________.
Өтеу күні_____________.
Айналыс мерзімі _____ жыл _____ ай.
Эмиссия валютасы __________.
Шығарылымның көлемі ____________ эмиссия валютасының бірліктері.
Облигациялар бойынша негізгі борыштың қалдығы (банк сатып алған
облигацияларды шегергенде) _________ теңге (есепті күн _____________).
Банк сатып алған облигациялардың көлемі ______ теңге (есепті күн).
Облигациялар бойынша негізгі борыш ______,
сатып алынған облигациялар _____
есепке алынатын баланстық шоттардың нөмірлері.
Сыйақы мөлшерлемесі _____жылдық пайыз.
Опциондардың болуы: ( ) Иә ( ) Жоқ.
Опционның шарттары (эмиссия проспектісінде көрсетілген мәліметтер)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(эмиссия проспектісінің __ бетінде көрсетілген).
Қосымша ақпарат ______________________.
2. Облигациялар эмиссиясының проспектісі жарияланды (сілтеме көрсетілсін)
___________________________________________________________.
3. Осы хабарламамен Хабарламаның 1-тармағында көрсетілген облигациялар үшін мыналарды растаймыз:
1) облигациялардың айналыс мерзімі – кемінде 3 (үш) жыл;
2) облигацияларды мерзімінен бұрын (толығымен) немесе ішінара өтеуге (сатып алуға) облигация ұстаушының опционы жоқ;
3) Банк клиенттердің өтімділігін басқару үшін облигацияларды пайдаланбайды, оның ішінде оларды жекелеген облигация ұстаушылардың бастамасы немесе сұрау салуы бойынша сатып алмайды;
4) Банк облигацияларды жекелеген клиенттердің қаражатын орналастыруға балама ретінде пайдаланбайды (мысалы, клиенттердің ірі салымдары әкетілген кезде).
Банк Хабарламаның 3-тармағында көрсетілген шартты (шарттарды) орындамаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген облигацияларды жіктеу осындай орындамау анықталған ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеуге қабылданатын Банк міндеттемелерінің бірінші санаты үшін белгіленген нормативтер бойынша жүргізіледі.
Хабарлама күні _______________
Басшы немесе қол қою функциясы жүктелген адам ______________________
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 75 қаулысына 2-қосымша Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға 4-қосымша |
Ең төмен резервтік талаптарды (бұдан әрі – ЕТРТ) орындау туралы ақпарат
ЕТРТ айқындау кезеңі: ______ бастап _______ аралығы
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі: ______ бастап _______ аралығы
БСН ______________________________________
Банктің атауы ________________________
Репо операциялары бойынша түзету коэффициенті:
ұлттық валютада ___
шетел валютасында ____
1-кесте. ЕТРТ есебіне қабылданатын банк міндеттемелерінің мөлшері туралы күн сайынғы деректер (мың теңгемен)
ЕТРТ айқындау кезеңі | Ұлттық валютадағы | |||||
Міндеттемелердің бірінші санаты | Міндеттемелердің екінші санаты | Міндеттемелердің үшінші санаты | ||||
репо операциялары бойынша міндеттемелер | кері репо операциялары бойынша талаптар | ақша нарығындағы банкаралық операциялар бойынша талаптар | ||||
Күні | Датасы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 | ||||||
6 | ||||||
7 | ||||||
8 | ||||||
9 | ||||||
10 | ||||||
11 | ||||||
12 | ||||||
13 | ||||||
14 | ||||||
15 | ||||||
16 | ||||||
17 | ||||||
18 | ||||||
19 | ||||||
20 | ||||||
21 | ||||||
22 | ||||||
23 | ||||||
24 | ||||||
25 | ||||||
26 | ||||||
27 | ||||||
28 | ||||||
Орташа алынған мәні | ||||||
1-кестенің жалғасы
Шетел валютасындағы | ||||
Міндеттемелердің бірінші санаты | Міндеттемелердің екінші санаты | Міндеттемелердің үшінші санаты | ||
репо операциялары бойынша міндеттемелер | кері репо операциялары бойынша талаптар | ақша нарығындағы банкаралық операциялар бойынша талаптар | ||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Ескертпе: демалыс немесе мереке күндері үшін алдыңғы жұмыс күнінің мәндері толтырылады.
2-кесте. Резервтік активтерді есептеуге арналған күн сайынғы деректер (мың теңгемен)
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттарындағы ұлттық валютамен ақша қалдығы | Банк кассасындағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша | |
Күні | Датасы | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 | |||
7 | |||
8 | |||
9 | |||
10 | |||
11 | |||
12 | |||
13 | |||
14 | |||
15 | |||
16 | |||
17 | |||
18 | |||
19 | |||
20 | |||
21 | |||
22 | |||
23 | |||
24 | |||
25 | |||
26 | |||
27 | |||
28 | |||
Орташа алынған мәні | |||
Ескертпе: демалыс және мереке күндері үшін алдыңғы жұмыс күнінің мәндері толтырылады.
3-кесте. ЕТРТ есептеу
Жолдың коды | Жолдың аты | Міндеттемелер бойынша орташа мән (мың теңгемен) | ЕТРТ нормативі |
ЕТРТ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ұлттық валютадағы міндеттемелердің бірінші санаты | |||
2 | Ұлттық валютадағы міндеттемелердің екінші санаты | |||
3 | Ұлттық валютадағы міндеттемелердің үшінші санаты | |||
4 | Шетел валютасындағы міндеттемелердің бірінші санаты | |||
5 | Шетел валютасындағы міндеттемелердің екінші санаты | |||
6 | Шетел валютасындағы міндеттемелердің үшінші санаты | |||
7 | Мемлекеттік қолдау қаражаты (сыйақыны есептемегенде негізгі борыш) сомасының ___ (______) пайызы | х | х | |
8 | Жиыны ЕТРТ | х | х |
Ескертпе: 7-жол Қағидалардың 9-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес есептеледі.
4-кесте. Резервтік активтерді есептеу
Жолдың коды | Жолдың аты |
Сомасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттағы ұлттық валютадағы ақша қалдығының орташа алынған мәні | |
2 | Банк кассасындағы айқындау кезеңіндегі ЕТРТ-ның 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын көлемдегі ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаның орташа алынған мәні | |
3 | Резервтік активтер |
Банктің ең төмен резервтік талаптарды орындауы:
( ) Иә ( ) Жоқ
Ұйым міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигациялар туралы хабарлама
Осы хабарламамен ұйым ________________________________ (ұйымның атауы),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________ (бұдан әрі – Ұйым)
міндеттемелері ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің үшінші санатына жататын облигацияларды шығару шарттары туралы хабарлайды және олардың "Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалардың 18-тармағының алтыншы бөлігінің талаптарына сәйкестігін растайды.
1. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын Ұйым міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған облигациялар шығарылымының шарттары:
Эмиссияның халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) ____________.
Шығарылымның тіркелген күні____________.
Айналыстың басталу күні __________.
Өтеу күні_____________.
Айналыс мерзімі _____ жыл _____ ай.
Эмиссия валютасы __________.
Шығарылымның көлемі ____________ эмиссия валютасының бірліктері.
Облигациялар бойынша негізгі борыштың қалдығы (ұйым сатып алған
облигацияларды шегергенде) _________ теңге (есепті күн _____________).
Ұйым сатып алған облигациялардың көлемі ______ теңге (есепті күн).
Облигациялар бойынша негізгі борыш ______,
сатып алынған облигациялар _____
есепке алынатын баланстық шоттардың нөмірлері.
Сыйақы мөлшерлемесі _____жылдық пайыз.
Опциондардың болуы: ( ) Иә ( ) Жоқ.
Опционның шарттары (эмиссия проспектісінде көрсетілген
мәліметтер)
____________________________________________________________
___________________________________________________________
_______________________ (эмиссия проспектісінің __ бетінде көрсетілген).
Қосымша ақпарат ______________________.
2. Облигациялар эмиссиясының проспектісі жарияланды (сілтеме көрсетілсін)
___________________________________________________________.
3. Осы хабарламамен Хабарламаның 1-тармағында көрсетілген облигациялар үшін
мыналарды растаймыз:
1) облигациялардың айналыс мерзімі – кемінде 3 (үш) жыл;
2) облигацияларды мерзімінен бұрын (толығымен) немесе ішінара өтеуге (сатып
алуға) облигация ұстаушының опционы жоқ;
3) Ұйым клиенттердің өтімділігін басқару үшін облигацияларды пайдаланбайды, оның ішінде оларды жекелеген облигация ұстаушылардың бастамасы немесе сұратуы бойынша сатып алмайды;
4) Ұйым облигацияларды жекелеген клиенттердің қаражатын орналастыруға балама ретінде пайдаланбайды (мысалы, клиенттердің ірі салымдары әкетілген кезде).
Ұйым Хабарламаның 3-тармағында көрсетілген шартты (шарттарды) орындамаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген облигацияларды жіктеу осындай орындамау анықталған ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеуге қабылданатын Ұйым міндеттемелерінің бірінші санаты үшін белгіленген нормативтер бойынша жүргізіледі.
Хабарлама күні _______________
Басшы немесе қол қою функциясы жүктелген адам ______________________
