"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 434 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39034 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10043 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппараты мен оның ведомстволарының, аумақтық органдарының және ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің ішкі істер органдары қызметкерлеріне (бұдан әрі – ішкі істер органдарының қызметкерлері), ішкі істер органдарының оқу орындарының курсанттарына қолданылады және көрсетілген адамдар санаттарына ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу тәртібін реттейді.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындары курсанттарын ақшалай ұстау түрлерінің бірі стипендия болып табылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ақшалай ризықты төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне белгіленген мерзімінен бұрын ақшалай ризықты демалысқа кететін және қызмет бойынша ауысатындарға – ағымдағы және келесі айларға, бірақ демалысқа немесе жаңа қызмет орнына кетуге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге жол беріледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ішкі істер органдарының кадрында қалдыра отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппаратына, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратына және өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризық пен өзге де төлемдер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қосымша төлем Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар аумағында тұрғаны үшін және экологиялық зардап шеккен аймақтарда тұрғаны үшін Қазақстан Республикасының "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" және "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" заңдарында айқындалатын мөлшерде және тәртіппен коэффициенттерді қолдана отырып, еңбекақы белгіленеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің, шет елдер оқу орындарының курсанттарына, магистранттарына, докторанттарына жүргізілетін төлемдер.";

      19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жоғары оқу орындарының курсанттарына оқу орнына қабылданған күннен бастап лауазымдық жалақы (стипендия) төленеді.

      20. Курсанттардың лауазымдық жалақылары курсанттардың лауазымдық жалақыларын (стипендияларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту арқылы айқындалады.

      21. Оқу курсына байланысты лауазымдық жалақы (стипендия) алатын, келесі курсқа көшірілген курстанттарға осы оқу курсы бойынша жалақы (стипендия) келесі курсқа көшкені туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бірақ жаңа оқу жылы басталардан ерте емес мерзімде төленеді.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Ішкі істер органдарына диплом алу алдындағы практикадан өту үшін жіберілген және ішкі істер органдарының штаттық лауазымына тағайындалған курсанттарға диплом алдындағы практикадан өтетін жері білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өтуі үшін оқу орындарына іссапарға жіберілген күн бойынша штаттық лауазымда болу кезеңіне ақшалай қаражат төленеді, ол туралы ақшалай аттестатта тиісті жазбалар жасалады.

      24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының курсанттарына каникулдық демалыстар кезеңінде тұрғылықты тұратын жеріне барып-қайтуға қалааралық автомобиль (таксиден басқа), темір жол және су көлігімен жол жүру құны төленеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Шет елдердің құқық қорғау органдарының (полиция) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу түрінде оқитын қызметкерлерге каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына барып-қайтуға арналған шығыстар өтеледі.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Оқу орындарының курсанттары каникулдық демалыста болған уақытта оларға оқу уақытында алатын лауазымдық жалақысы (стипендия) төленеді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Ішкі істер органдарының кадрында қалдыра отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппаратына, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратына және өзге де мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге ақшалай өтемақыны іссапарға жіберілгенге дейін олар штатында тұрған орган төлейді.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне қызметтік тұрғын үй беру тәртібін, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган қызметкеріне, әскери қызметшіге және тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымды атқаратын құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне қатысты қызметтік тұрғын үй беру, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібі, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаттары мен негіздері "Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 487 қаулысымен және "Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысымен бекітілген.";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызмет бойынша орнын ауыстыру және жоғарылату кезінде көтерме жәрдемақы төлеу.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Бір елді мекеннен кемінде елу километр алыстағы екінші елді мекенге көшуіне байланысты ішкі істер органдары қызметкерінің қызмет бойынша орнын ауыстыру және жоғарылату кезінде оған екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге көшкен отбасы мүшелерінің әрқайсысына жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.

      Ішкі істер органдары қызметкерінің қызмет бойынша орнын ауыстыру және жоғарылату кезінде оған мемлекет есебінен он тоннаға дейін меншікті мүлкін тасымалдауға шығындар, сондай-ақ онымен бірге көшкен отбасы мүшелерін қоса отырып, темір жол, су, автомобиль көлігіндегі жолақысы өтеледі.

      Қызмет бойынша орнын ауыстыру және жоғарылату кезінде көтерме жәрдемақыға, көліктегі жолақысы үшін және меншікті мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      72-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) оқу орындардың курсанттарына – оқу орындарының ауыспалы құрамының тізімінен алынған күні бойынша лауазымдық жалақы (стипендия) төленеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      ішкі істер министрі Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады