Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 19 маусымдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 маусымда № 39002 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 18 маусымдағы
№ 229
Бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12441 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 550 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21075 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22145 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 113 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29859 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады