"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 24 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 маусымда № 38987 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 24 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Субсидиялау облигациялар бойынша жүзеге асырылады:

      1) облигациялар шығару есебінен тартылған қаражатты нысаналы пайдалану – облигациялар шығару есебінен тартылған қаражат кейіннен сыйақы мөлшерлемесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған - халықтың әлеуметтік осал топтары ретінде тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар үшін жылдық 7%, халықтың әлеуметтік осал топтары ретінде өзге санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаж және Қазақстан Республикасының өзге де азаматтары мен қандастар ретінде тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар үшін жылдық 9%.

      2) субсидиялауға жататын облигациялар шығарылымының/шығарылымдарының жалпы көлемі 1 700 000 000 000 (бір триллион жеті жүз миллиард) теңгеден артық емес.

      3) облигацияның айналыс мерзімі - 8 (сегіз) жылдан аспайды.

      4) облигация бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі, бұрын шығарылған облигацияларды қосымша орналастыру кезінде облигациялар бойынша өтелетін сыйақы мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме деңгейінен аспайды.

      Бұл ретте, облигация бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі, бұрын шығарылған облигациялар қосымша орналастыру кезінде облигациялар бойынша өтелетін сыйақы мөлшерлемесі уәкілетті органның келісімі бойынша бұрын шығарылған субсидияланатын облигацияларды орналастыру күніне немесе қосымша орналастыру күніне жылдық +1,5%-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қағидаларына 1,2,3,4 – қосымшалары осы бұйрыққа 1,2,3,4 – қосымшаларға сәйкес редакцияда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде өзгеріссіз.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын реттеу және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі
2026 жылғы 16 маусымдағы
№ 305 Бұйрыққа
1 – қосымша
  Тұрғын үй жағдайларын
жақсарту мақсатында
ипотекалық тұрғын үй
қарыздарын одан әрі беру үшін
эмитент шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
Қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарты

      ______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
атынан _______________________________________________________________________,
негізінде әрекет ететін ________, бұдан әрі "уәкілетті орган" деп аталатын, біржағынан және
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
атынан ________________________________________________________________________,
негізінде әрекет ететін __________, бұдан әрі "Эмитент" деп аталатын, екінші жағынан,
бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, ал жеке "Тарап" не жоғарыда көрсетілгендей,
шығарылған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидиялау
шартын (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы жасасты:

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Осы шарттар бойынша уәкілетті орган облигациялар бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялауды мынадай шарттарда жүзеге асырады:

Нысаналы мақсаты

__________________________________

Осы Шартты жасасу күніне арналған сома

__________________________________

Валюта

__________________________________

Сыйақы мөлшерлемесі

__________________________________

Сыйақы мөлшерлемесі

__________________________________

Мерзімі

__________________________________

      2. Субсидиялау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      3. Эмитент сатып алған облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатпайды.

      4. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі______% мөлшерінде субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының ______ мөлшеріндегі бөлігін уәкілетті орган жыл сайын өтейді.

      5. Субсидиялау мерзімінің басталуы: ____________жыл. Бұл ретте субсидиялау _______жыл ішінде жүзеге асырылады.

      6. Уәкілетті орган осы Шартқа қол қойылғаннан және эмитент субсидиялауға өтінім бергеннен кейін субсидиялар төлейді

      7. Эмитент оны алуға құқығы бар және эмитенттің бағалы бумаларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғаларға купондық сыйақы сомасын, сыйақы төлеу жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басында (эмитент тіркеушісінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) (бұдан әрі – тіркелген күні) толық төлеуді жүзеге асырады. Сыйақы төлеу тіркелген күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде облигация ұстаушылардың тізілімінде тіркелген облигация ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақша (теңгемен) аудару жолымен жүзеге асырылады.

      8. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - купондық сыйақы мөлшерлемесін субсиидялау қағидасы) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ережесі 15-тармағының 420-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялау бойынша бюджет қаражатының болған кезде, эмитенттің банктегі ағымдағы шотына қаражат аудару жолымен жүзеге асырады.

      9. Тараптар осы Шарт шеңберінде төлем күні демалыс немесе мереке күніне келетін жағдайда, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізілетініне келісті.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      10. Уәкілетті органның құқықтары:

      1) осы Шарттың 8-тармағына сәйкес купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражатты эмитенттің банк шотына уақытылы жібереді;

      2) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады;

      3) купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес іске асыру мониторингін жүзеге асырады.

      11. Уәкілетті органның міндеттері:

      1) қаражаттың мақсатты пайдаланылуына эмитентке тексеру жүргізеді. Эмитенттен облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

      2) орталық депозитарийден эмитент туралы, сондай-ақ купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысатын облигацияларды орналастыру туралы құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады;

      3) есепті қалыптастыру мақсатында осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде эмитенттен оның қызметінің нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қосымша сұратады;

      4) тараптар үшін көзделген осы Шартта белгіленген Эмитенттің міндеттемелерін орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және оларды Эмитенттің уақытылы орындауын талап етеді.

      12. Эмитенттің құқықтары:

      1) шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды;

      2) купондық сыйақының толық сомасын оны алуға құқығы бар және сыйақы төлеу жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басында (эмитент тіркеушісінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғалардың шоттарына уақтылы аударады.

      3) Уәкілетті органға жазбаша сұрау салу бойынша облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың нысаналы пайдаланылуына, купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу құқығын береді.

      13. Эмитенттің міндеттері:

      Уәкілетті органнан купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бөлігінде субсидиялар төлеуді талап етеді.

3-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      14. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________ 20___ бойынша, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде – олар толық орындалғанға дейін әрекет етеді.

4-тарау. Жауапкершілік

      15. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

5-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      16. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайларда төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және сол сияқтылар) салдарынан болса жауапкершіліктен босатылады.

      17. Еңсерілмейтін күш, яғни төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар туындаған кезде Тарап осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін орындау мүмкін еместігі туындаған жағдайда, осындай мән-жайлар туралы екінші Тарапқа басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақытылы хабарлайды. Бұл ретте форс-мажорлық мән-жайлардың сипаты, қолданылу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.

      18. Уақтылы хабарлама болмаған кезде Тарап екінші Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламау салдарынан келтірілген зиянды өтейді.

      19. Еңсерілмейтін күштің, яғни төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың басталуы осы Шартты орындау мерзімінің олардың қолданылу кезеңінің ұлғаюына әкеп соғады.

      20. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартады.

6-тарау. Дауларды шешу

      21. Осы Шарттың орындалуына байланысты туындаған қандай да бір дау туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін күш-жігер жұмсайды.

      22. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, осы дау және оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

7-тарау. Құпиялылық

      23. Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпараттың, банктік құпияның, сондай-ақ осы Шартты жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпараттың құпия болып табылатындығына және осы Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтындығына келіседі.

      24. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық және кәсіпкерлік заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.

      25. Тараптар осы Шарттың болуы мен талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      26. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

8-тарау. Қорытынды ережелер

      27. Осы Шартқа қол қою арқылы Тараптар банк, коммерциялық және қызметтік құпияны сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Шарттың іске асырылуы туралы ақпаратты ашуға өзара келісім береді.

      28. Осы Шарттың ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана тараптар үшін жарамды және міндетті деп танылады.

      29. Осы Шарт екі (2) бірдей данада қазақ және орыс тілдерінде әрқайсысы бірдей заң күші бар Тараптардың әрқайсысы үшін Бір (1) данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      30. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары

Уәкілетті орган
______________________
басып шығару орны

Эмитент
______________________
басып шығару орны

______________________
______________________
______________________
______________________

______________________
______________________
______________________
______________________

Төлеу кестесі Сәйкестендіру коды: (IBAN форматындағы бірегей 20 таңбалы код)

Сыйақыны өтеу күні

Эмитент төлейтін сыйақы сомасы

Уәкілетті орган өтейтін сыйақы сомасы

Есептелген сыйақының жиынтығы

Уәкілетті орган
______________________
басып шығару орны

Эмитент
______________________
басып шығару орны

______________________
______________________
______________________
______________________

______________________
______________________
______________________
______________________

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі
2026 жылғы 16 маусымдағы
№ 305 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
2 қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: http://www.mps.gov.kz.

      Әкімшілік нысанның атауы: Субсидиялауға ұсыныс.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: №ФИСКВ-1.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде.

      ЖСН/БСН



      Жинау әдісі: электронды түрде.

Субсидиялауға ұсыныс

      Эмитент: ______________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Кімге: _________________________________________________________
_______________________________________________________________
(уәкілетті органының атауы)

      1. Эмитент туралы мәліметтер:

1

Эмитенттің атауы


2

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


3

Эмитент туралы мәліметтер: БСН*


4

Банк деректемелері


5

Байланыс телефондары


      2. Субсидиялауға жататын облигациялық қарыздар туралы ақпарат:

Облигациялар проспектісі (ISIN (НИН)**)

Облигациялық қарыз сомасы, теңге

Купондық сыйақы, % облигациялардың

Айналыс мерзімінің аяқталу күні

1

2

3

4

5

1





2





3





4





      Осымен расталады:

      1) қаржы берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімін қоспағанда, Эмитенттің қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкроттық сатысында тұрмайды, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмайды;

      2) ұсыныста көрсетілген облигациялық қарыз бойынша купондық сыйақы басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайды.

      Қосымша:

      облигациялар шығару проспектісінің көшірмесі _______ парақта;

      облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ________ парақта;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен______парақтағы үзінді көшірме.

      Эмитент басшысының немесе оның орнындағы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _______________________________

      Берілген күні "___"_______ 20 __ жыл.

      Ескерту:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      * БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ** ISIN (НИН) – халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі).

  "Субсидиялауға ұсыныс"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Субсидиялауға ұсыныс" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: ФИСКВ-1 және кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Субсидиялауға ұсыныс" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды эмитент толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды эмитент Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-тармақта ұсыныста эмитенттің атауы, ұсыныс жолданған мемлекеттік органның атауы және эмитент туралы мәліметтер көрсетіледі.

      7. 2-тармақта:

      1) 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанында облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі)) көрсетіледі;

      3) 3-бағанында облигациялық қарыз сомасы көрсетіледі;

      4) 4-бағанында купондық сыйақы көрсетіледі;

      5) 5-бағанында айналыс мерзімінің аяқталу күні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі
2026 жылғы 16 маусымдағы
№ 305 Бұйрыққа
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органының атауы)

Субсидиялауға өтінім

      "____" __________20__жыл
Осы арқылы, эмитент _______________________ келісімге сәйкес
_________________ сомасында _____________________ теңге,
"_____" _______20__ жылдан бастап "_____" _________20__ жылға
дейінгі кезең үшін "___" ___________ 20___ бастап банк шотына
субсидиялар төлеуді сұрайды.
Эмитент басшысы (сенімхат бойынша өкіл)
__________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі
2026 жылғы 16 маусымдағы
№ 305 Бұйрыққа
4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсудиялау Қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: http://www.mps.gov.kz.

      Әкімшілік нысанның атауы: Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: №ФИСКВ-2.

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде.

      ЖСН/БСН



      Жинау әдісі: электронды түрде.

Эмитенттің атауы

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі))

Облигациялық қарыз сомасы

Облигациялар айналысының барлық мерзіміне барлығы субсидиялар көзделген, теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеушілік, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (нақты), теңге

Банктік шоттағы субсидиялардың қалдығы, теңге

Барлығы

Есепті кезең үшін

Барлығы

Есепті кезең үшін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











2











Қорытынды:











      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
__________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
Есеп тапсырылған күн "___" __________ 20 ___ жыл.

  "Субсидияларды нақты
пайдаланылуы туралы есеп"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: ФИСКВ-2 және кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды эмитент толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды эмитент Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2- тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Есептің 1-бағанында эмитенттің атауы көрсетіледі.

      7. 2-бағанда бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      8. 3-бағанда облигациялар аңдатпасы (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі)) көрсетіледі.

      9. 4-бағанда облигациялық қарыз сомасы көрсетіледі.

      10. 5-бағанда облигациялар айналысының барлық мерзіміне, барлық кезең үшін және есепті кезең үшін субсидиялар теңгемен көрсетіледі.

      11. 6 және 7-бағандарда барлық кезеңге және есептік кезеңде аударылған субсидиялар теңгемен көрсетіледі.

      12. 8 және 9-бағандарда барлық кезеңдегі және есептік кезеңдегі ауытқулар (артық төлем, жетіспеушілік) теңгемен көрсетіледі.

      13. 10-бағанда пайдаланылмаған субсидиялардың қайтарылғаны (нақты), теңгемен көрсетіледі.

      14. 11-бағанда банктік шотта жатқан субсидиялар қалдығы теңгемен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады