ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 40) және 42) тармақшалараны сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидалары және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысаны, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 273 бұйрығымен |
|
| бекітілген |
Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 24-бабының 40) және 42) тармақшаларына сәйкес әзірленді және сертификаттау құқығына конкурс өткізу тәртібін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1. конкурстық комиссия – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына конкурс өткізу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы құратын алқалы орган;
2. конкурсқа қатысушы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауды жүзеге асыруға ниет білдірген және осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі нысанындағы заңды тұлға;
3. уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына конкурс өткізу тәртібі
3. Конкурс өткізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) уәкілетті органның сертификаттауды жүргізу құқығына өтінімдер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастыруы;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі нысанындағы заңды тұлғаның осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар топтамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім беруі;
3) комиссияның ұсынылған өтінімдер мен құжаттарды қарауы;
4) уәкілетті органның конкурс жеңімпазы туралы шешім қабылдауы;
5) конкурс жеңімпазымен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт жасасу.
4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі нысанындағы заңды тұлғалар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.
5. Конкурсқа қатысушының өтінімі мынадай жағдайларда қаралмайды, егер:
1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмесе;
2) конкурсқа қатысушы өз мүшелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаса;
3) конкурсқа қатысушы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін құжаттарды ұсынса.
6. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін өтінімдер болмаған жағдайда, уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарландыруды қайта жариялайды.
Конкурсқа қатысушылар хабарландыру қайта жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін де өтінімдер болмаған жағдайда, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты конкурс өткізілмеді деп танылғаны туралы хабарландыру жарияланады.
7. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдарды қарауды комиссия жүзеге асырады, оның шешімі бойынша жеңімпаз айқындалады.
Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.
Конкурстық комиссияның құрамы уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысымен бекітіледі және тақ саннан, бірақ бес адамнан кем емес адамнан тұрады.
Конкурстық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан кезде заңды болып саналады.
Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы, комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Конкурстық комиссияның шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
8. Құжаттарды қарау және конкурс жеңімпазы туралы шешім қабылдау мерзімі өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
9. Конкурс жеңімпазы туралы шешім уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
10. Конкурс жеңімпазы туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарт 3 (үш) жыл мерзімге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
11. Конкурстық комиссия қызметінің мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым уәкілетті органның ведомствосына беріледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Уәкілетті орган ведомствосының шағымы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылдаған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жіберілмейді.
Шағымды қарайтын орган ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын шағым берген конкурсқа қатысушыны алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстаным білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтініш
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды
(сарапшыларды) сертификаттау құқығын Сертификаттау орталығы ретінде
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
беруіңізді сұраймын.
Қызметтің мынадай түрі бойынша (қажеттісінің астын сызу):
жобалау;
құрылыс-монтаж жұмыстары;
техникалық қадағалау;
авторлық қадағалау;
іздестіру қызметі;
ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қарап
тексеру;
құрылыс жобаларын әзірлеу және (немесе) сараптау;
Қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі:
_____________________________________________________________
Байланыс деректері:
___________________________________________________
(электрондық пошта мекенжайы, жұмыс және ұялы телефон нөмірлері)
Күні 20__ ж. "____" ______________
Ұйым басшысы:
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы)
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған үлгілік шарт нысаны
________ қ. 20__ жылғы "__" __________
Осы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын бір тараптан сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның ведомствосы атынан ____________________ негізінде әрекет ететін _______________________ және бұдан әрі "Сертификаттау орталығы" деп аталатын екінші тараптан ____________________ негізінде әрекет ететін _______________________ арасында мыналарды:
1) Уәкілетті орган осы Шартты жасасуға және оның орындалуын бақылауға тікелей байланысты өкілеттіктерге ие екенін;
2) Тараптар Шарт оның талаптарын іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтінін уағдаласқанын назарға ала отырып жасалды және төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1-тарау. Шарттың мәні
1. Осы Шарттың мәні сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауды жүргізу құқығын беру болып табылады.
2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
2. Сертификаттау орталығы:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізуге;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне деректерді енгізе отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификатын беруге;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) қызметін ішкі бақылау (мониторингтеу) тәртібін әзірлеуге және бекітуге;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) үшін біліктілікті арттыру графигін бекітуге;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) анықталған бұзушылықтары туралы мәліметтерді бұзушылықтар анықталған кезден бастап сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне енгізуге және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге;
6) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын жол берілген бұзушылықтар үшін сертификатталған маманға (сарапшыға) шаралар қолдануға, оның ішінде сертификаттың қолданысын тоқтатуға;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) қызметін мониторингтеуді жүзеге асыруға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Уәкілетті орган:
1) осы Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
4. Сертификаттау орталығы:
1) мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу арқылы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауға байланысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысуға;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
5. Уәкілетті орган:
1) Шарттың орындалуы бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
2) осы Шартта белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тексерулер жүргізуге құқылы.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6. Шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Шартқа сәйкес жауапты болады.
7. Шарт орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, Уәкілетті орган Сертификаттау орталығына анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, оларды жою қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Бұзушылықтар жоюды Сертификаттау орталығы хабарлама алынған күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырады.
8. Тараптар осы Шартты мерзімінен бұрын:
1) Тараптардың келісімі бойынша;
2) Сертификаттау орталығы осы Шарттың 7-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, Уәкілетті органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен;
3) еңсерілмейтін күш мән-жайлары болған кезде бұзуға құқылы.
9. Уәкілетті орган Сертификаттау орталығын Шартты бұзудың болжамды күнінен 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар ете отырып, мынадай :
1) Сертификаттау орталығы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
2) Уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
10. Уәкілетті орган Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Сертификаттау орталығы Уәкілетті органды 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар ете отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
4-тарау. Еңсерілмейтін күш
11. Егер міндеттемелерді орындамау немесе орындауды кешіктіру еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
12. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі апаттар, коммуникациялардың бұзылуы және т.б.) және өзге де төтенше әрі алдын алу мүмкін емес оқиғалар жатады.
13. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, зардап шеккен Тарап олардың туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа оқиғаның басталу күні мен мән-жайларын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.
14. Мұндай мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және салдарларды барынша азайту үшін барлық шараларды қолданады.
5-тарау. Құпиялылық
15. Тараптар осы Шартты оның қолданыс мерзімі ішінде іске асыру бойынша жұмысқа қатыстыарлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде құпиялылықты сақтайды.
16. Тараптардың ешқайсысы басқа тараптардың жазбаша келісімінсіз мына жағдайларды қоспағанда:
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылған кезде;
2) ақпарат тарап келісім бойынша мұндай банк немесе қаржы ұйымы мұндай ақпараттың құпиялылықты сақтау міндеттемесін өзіне алу шартымен қаржы қаражатын алған банкке немесе өзге қаржы ұйымына ұсынылған кезде;
3) ақпарат кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа Сертификаттау орталығының кез келген банктік шоттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік банктерде ашылған шоттарына қолжетімділігі бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынылған кезде Шарттың мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп саналатын және осы Шарттың ережелерін іске асырумен байланысты, өзге де ақпаратты жария етуге құқылы емес.
6-тарау. Дауларды реттеу
17.Шартты түсіндіруге немесе қолдануға байланысты кез келген дау консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
18. Реттелмеген даулар сот тәртібімен шешіледі.
7-тарау. Қорытынды ережелер, Шарттың күшіне енуі және тоқтатылуы
19. Осы Шарт 3 (үш) жыл мерзімге, ұзарту мүмкіндігінсіз жасалады және 20 жылғы "_" _________ дейін қолданылады.
20. _________ қ. "___" ____________ ______ жылы әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде, тең заңды күші бар екі данада жасалды, әр тарапқа 1 (бір) данадан беріледі. Осы Шарт ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Уәкілетті орган Сертификаттау орталығы
___________________ _________________
