ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34563 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларында:
8-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпарат көзі ретінде конгломераттардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік цифрлық жүйелердің және өзге де ашық көздердің мәліметтері пайдаланылады;".
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |
