ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Өтініш) негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімді заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жасаған адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.";
5-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтініш заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге байланысты жағдайларда қағаз форматта жасалады.;";
10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс сатысында қорғау және өкілдік етуге байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, ал тапсырманың орындалуы бір айдан астам уақытқа созылған жағдайда әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны қорғаумен байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Бұл қаулы адвокаттың арызы бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін де қабылдануы мүмкін.
Сот қарастырған қылмыстық іс бойынша қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу және күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталушыға немесе жәбірленушіге заң көмегін көрсету бойынша ақы төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған сот үкімін немесе басқа да сот актісі шығарған күні тапсырылады не қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Айрықша жағдайларда сот талқылауларының үздіксіз бір айдан аса созылуы кезінде сот қаулысы ай сайын шығарылады.
Азаматтық, әкімшілік іс бойынша заң көмегін көрсетуге ақы төлеу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу шеңберіндегі қаулысы адвокаттың өтініші негізінде адвокаттың өтініші келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.
Нақты іс бойынша қаулының не ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не қағаздағы жеткізгіште немесе заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Адвокаттар алқасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.
Қорғау және өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді.";
12 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Аумақтық әділет органы адвокаттың өтінішінің адвокаттардың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, қаулылар мен ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, адвокаттың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде жасайды және адвокаттың банктік шотына адвокаттың заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген адвокатқа төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.
Адвокаттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағиданың 5-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін адвокатқа қайтарады.";
13 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ағымдағы жылғы 20-желтоқсанынан кейін заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ұсынған өтініштері бойынша адвокаттарға төленуге жататын қаржыны қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады."
14 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заң консультанттың бюджеттік қаражат есебінен заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Заң консультанттың өтініші) негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімді заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жасаған заң консультант көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді."
15 - тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Заң консультанттың өтініші заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге байланысты жағдайларда қағаз форматта жасалады."
19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Азаматтық немесе әкімшілік іс бойынша заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі қаулысы, заң консультанттың өтініші негізінде заң консултантының өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ол шығарылған күні электрондық құжат нысанында жолданады.
Нақты іс бойынша ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні заң консультантқа беріледі не қағаздағы жеткізгіште немесе заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Заң консультанттар палатасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.
Өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште заң консультант нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді.
Өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс көрсетілмегені үшін заң консультант Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады."
21-тармағы мынадай редакцияды жазылсын:
"21. Аумақтық әділет органы заң консультанттың өтінішінің заң консультанттың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, заң консультанттың заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде жасайды және заң консультанттың банктік шотына заң консультанттың заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген заң консультанттың төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.
Заң консультанттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағиданың 15-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін заң консультантқа қайтарады."
2. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17603 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебі нысанына қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Адвокаттардын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтық есебі нысанына қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияды жазылсын
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарға Соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
| Қазақстан Республикасы | |
| Әділет министрі 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 381 бұйрығына 1- қосымша Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебі нысанына қосымша |
"Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Осы түсіндірме "Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы жиынтық есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) (индекс 1- (МКБЗК), мерзімділігі – ай сайын) толтыру тәртібін айқындайды.
2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бюджет қаражаты есебімен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.
3. Нысанды мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адвокат заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ай сайын жасайды.
4. Көрсеткіштер ағымдағы айдың 5-күніне нақты деректер бойынша жасалады.
5. Нысанға адвокат заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында қол кояды.
6. 1-жолда Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.
7. 2-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған азаматтардың жалпы саны көрсетіледі, барлығы.
8. 3-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.
9. 4-жолда құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны көрсетіледі.
10. 5-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтардың саны көрсетіледі, барлығы.
11. 6-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.
12. 7-жолда мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.
13. 8-жолда асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.
14. 9-жолда жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.
15. 10-жолда қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.
16. 11-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
17. 12-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
18. 13-жолда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
19. 14-жолда І және ІІ топтардағы мүгедектер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
20. 15-жолда жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
21. 16-жолда заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.
22. 17-жолда құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтардың жалпы саны көрсетіледі.
23. 18-жолда заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7- жолдардың сомасы Нысанның 6-бағанының сомасына тең) көрсетіледі.
24. 19-жолда білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар саны көрсетіледі.
25. 20-жолда процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
26. 21-жолда қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар саны көрсетіледі.
27. 22-жолда тергеу судьясының қаулыларына шағымдар саны көрсетіледі.
28. 23-жолда бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
29. 24-жолда қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі, барлығы.
30. 25-жолда кәмелетке толмағандардың мүддесінде апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.
31. 26-жолда заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
32. 27-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар саны көрсетіледі.
33. 28-жолда азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 381 Бұйрығына 2-қосымша Адвокаттардын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтақ есебі нысанына қосымша |
"Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтық есебі" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Осы түсіндірме "Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы жиынтық есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) (индекс 2-( МКБЗК), мерзімділігі – жартыжылдың, жылдың қорытындысы бойынша) толтыру тәртібін айқындайды.
2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бюджет қаражаты есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының іске асырылуы барысына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.
3. Нысан мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокаттар есебінің негізінде заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы толтырылады.
4. Көрсеткіштер ағымдағы жылдың 5 шілдесінен және 5 қантарынан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалады.
5. Нысанға адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында қол қояды.
6. 1-жолда Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.
7. 2-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған азаматтардың жалпы саны көрсетіледі, барлығы.
8. 3-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.
9. 4-жолда құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны көрсетіледі.
10. 5-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтардың саны көрсетіледі, барлығы.
11. 6-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.
12. 7-жолда мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.
13. 8-жолда асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.
14. 9-жолда жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.
15. 10-жолда қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.
16. 11-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
17. 12-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
18. 13-жолда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
19. 14-жолда І және ІІ топтардағы мүгедектер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
20. 15-жолда жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.
21. 16-жолда заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.
22. 17-жолда құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтардың жалпы саны көрсетіледі.
23. 18-жолда заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7-жолдардың сомасы Нысанның 6-бағанының сомасына тең) көрсетіледі.
24. 19-жолда білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар саны көрсетіледі.
25. 20-жолда процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
26. 21-жолда қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар саны көрсетіледі.
27. 22-жолда тергеу судьясының қаулыларына шағымдар саны көрсетіледі.
28. 23-жолда бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
29. 24-жолда қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі, барлығы.
30. 25-жолда кәмелетке толмағандардың мүддесінде апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.
31. 26-жолда заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.
32. 27-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар саны көрсетіледі.
33. 28-жолда азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.
34. 29-жолда есепті кезеңнің басындағы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны көрсетіледі.
35. 30-жолда есепті кезеңнің аяғындағы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны көрсетіледі.
36. 31-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі, барлығы.
37. 32-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде құқықтық консультация беру түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.
38. 33-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.
39. 34-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.
40. 35-жолда мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепті кезеңде азаматтық іс жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.
41. 36-жолда төлем сомасы цифрмен теңгеде көрсетіледі.
42. 37-жолда есепті кезең соңындағы берешек сомасы цифрмен теңгеде көрсетіледі.