"Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 173-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38597 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларында:

      132-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "132. Жауапкершілікті беру шарт шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар:

      1) өзінің барлық оң теңгерімсіздіктерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан Заңның 15-10-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін арттыру коэффициентіне көбейтілген электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және қаржы-есеп айырысу орталығымен не электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісімен электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шартында көрсетілген электр энергиясын сатуға арналған баға бойынша тиісті көлемде теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу арқылы жабады;

      2) өзінің барлық теріс теңгерімсіздіктерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және есеп айырысу-қаржы орталығымен не электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісімен қолданыстағы электр энергиясын сатып алу-сату шартында көрсетілген электр энергиясын сатуға арналған баға бойынша уәкілетті орган Заңның 15-10-бабының 5-тармағына сәйкес айқындаған тәртіппен есептелетін төмендету коэффициентіне көбейтілген баға бойынша сатады.

      Осы тармақта көрсетілген арттыру коэффициентінің мәні операциялық тәулік сағаты үшін 1-ге теңестіріледі, онда оң теңгерімсіздік мәні жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын желіге жіберудің жоспарлы мәнінен жол берілетін ауытқу мәнінен аспайды.

      Осы тармақта көрсетілген төмендету коэффициентінің мәні операциялық тәулік сағаты үшін 1-ге теңестіріледі, онда теріс теңгерімсіздік мәнінің модулі жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын желіге жіберудің жоспарлы мәнінен жол берілетін ауытқу мәнінен аспайды.

      Қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шартын жасасқан жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін осы тармақтың екінші және үшінші бөлігінде көрсетілген коэффициенттердің мәні осы шарттардың қолданылу кезеңіне 1-ге теңестіріледі.

      2023 жылғы 1 шілдеден кейін электр энергиясының бірыңғай сатып алушысымен ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасаған, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін арттыру және азайту коэффициенттерінің мәндері мынадай тәртіппен айқындалады;

      оң теңгерімсіздіктің мәні рұқсат етілген ауытқу диапазонынан асатын операциялық тәуліктің сағаты үшін осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген көбейту коэффициентінің мәні 1-ге теңестіріледі;

      теріс теңгерімсіздіктің модулі рұқсат етілген ауытқу диапазонынан асатын операциялық тәуліктің сағаты үшін, азайту коэффициентінің мәні 1-ге теңестіріледі.

      2025 жылғы 13 сәуірден бастап желіге электр энергиясын жіберуді жүзеге асыратын және 2023 жылғы 1 шілдеден кейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін көбейту және азайту коэффициенттерінің мәндері мынадай тәртіппен айқындалады:

      оң теңгерімсіздіктің мәні рұқсат етілген ауытқу диапазонынан асатын операциялық тәуліктің сағаты үшін көбейту коэффициентінің мәні 1,3-ке теңестіріледі;

      теріс теңгерімсіздіктің модулі рұқсат етілген ауытқу диапазонынан асатын операциялық тәуліктің сағаты үшін азайту коэффициентінің мәні 0,7-ге теңестіріледі.

      Бұл ретте аталған энергия өндіруші ұйымдар үшін көбейту және азайту коэффициенттерінің мәні 2026 жылғы 1 мамырдан бастап 1-ге теңестіріледі.

      2025 жылғы 13 сәуірден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушысымен ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін көбейту және азайту коэффициенттерінің мәндері мынадай тәртіппен айқындалады:

      оң теңгерімсіздіктің мәні рұқсат етілген ауытқу диапазонынан асатын операциялық тәуліктің сағаты үшін, көбейту коэффициентінің мәні 1,3-ке теңестіріледі;

      теріс теңгерімсіздіктің модулі рұқсат етілген ауытқу диапазонынан асатын операциялық тәуліктің сағаты үшін азайту коэффициентінің мәні 0,7-ге теңестіріледі.

      2025 жылғы 13 сәуірден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін рұқсат етілген ауытқу мәндері жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтыну тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын желіге жоспарлы жіберу мәнінен +/-5 пайыз диапазонына тең болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энерегетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады