Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 сәуірде № 38524 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 9 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      Мына:

      1) "Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 288 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14659 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысының 9-тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22239 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және Қағидалардың 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін 8-тармағының 5) тармақшасын, 13-тармағының 5) және 6) тармақшаларын, 15-тармағының бірінші абзацын қоспағанда, алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мына:

      1) Қағидалардың 8-тармағы 5) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақшаның мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "8) Қағидалар мен банктің ішкі қағидаларының талаптарына сәйкес, оның ішінде банктің ақпараттық жүйесін қолдана отырып, клиенттің құжаттарын дұрыс ресімдеуді және банкке беруді қамтамасыз етеді;";

      2) Қағидалардың 13-тармағы 5) және 6) тармақшаларының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақшалардың мынадай редакцияда қолданылатынын:

      "5) клиентті осындай ақпаратқа қол жеткізу тәртібі мен тәсілін түсіндірумен банктің ақпараттық жүйесінде өтінішті қарау мәртебесін өз бетінше қадағалау мүмкіндігі туралы хабардар ету;

      6) банктің оң шешім қабылдауы кезінде, оның ішінде банктің ақпараттық жүйесінің көмегімен заңнама және банктің ішкі қағидалары талаптарына сәйкес клиенттің банк құжаттарына қол қоюын қамтамасыз ету;";

      3) Қағидалардың 15-тармағының бірінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақшалардың қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын:

      "15. Банктік қарыз шарты жасалғанға дейін уәкілетті агент клиентке банк ұсынған ақпаратты ауызша жеткізеді, сондай-ақ банктің ақпараттық жүйесінде банк бекіткен қарыз шарттарымен өз бетінше танысу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Көрсетілген ақпаратқа мыналар кіреді:".

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 20 сәуірдегі
№ 71 қаулысымен бекітілді

Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары

      Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 57-бабының 9 және 10-тармақтарына сәйкес әзірленді және банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына (бұдан әрі - банк) клиенттерді тарту, клиенттердің банк талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру және клиенттердің құжаттарын банкке беру бойынша қызмет көрсететін тұлғаның қызмет тәртібін белгілейді.

      Қағидалармен белгіленген талаптар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) клиент – қаржы өнімін сатып алуға ниет білдірген және (немесе) қаржы өнімін тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) қаржы өнімі – Банктер туралы заңның 22-бабы 2-тармағының 1), 2), 8), 10) және 11) тармақшаларына, сондай-ақ 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес банктер ұсынатын қызмет;

      3) қаржы өнімін ұсыну туралы шарт – банк пен клиент арасында жасалатын шарт, оған сәйкес банк клиентке қаржы өнімін ұсынады;

      4) мүдделер қақтығысы – уәкілетті агенттің тікелей немесе жанама жеке мүдделері болатын жағдай (уәкілетті агенттің жеке мүдделері мен шарттық міндеттері арасындағы қайшылық);

      клиенттің қаржылық өнімді алуға қатысты шешіміне әсер етеді немесе әсер етуі мүмкін;

      уәкілетті агенттің банк алдындағы өз міндеттемелерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;

      5) өтініш – клиенттің банктің ішкі қағидаларында белгіленген нысан мен мазмұн бойынша клиенттің қаржы өнімін алуға өтініші;

      6) тапсырма шарты – сенімгер ретінде банк пен сенім білдірілген өкіл ретінде уәкілетті агент арасында жазбаша нысанда жасалатын тапсырма шарты, оған сәйкес уәкілетті агент банктің атынан және оның есебінен банктің ішкі құжаттарында айқындалған шектерде мынадай іс-әрекеттер жасауға міндеттенеді:

      клиенттерді тарту, оның ішінде клиенттерге банктің қаржылық өнімдері туралы ақпарат беру арқылы;

      клиенттерден құжаттарды қабылдау;

      клиенттердің құжаттарының банк талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;

      клиенттердің құжаттарын банкке беру;

      банктің клиентке қаржы өнімін ұсынуы үшін қажетті клиентті ресімдеудің өзге де стандартты рәсімдеріне ілеспе қызмет көрсету (жүзеге асыру);

      7) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;

      8) уәкілетті агент – банк болып табылмайтын, банкке клиенттерді тарту, клиенттердің құжаттарының банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру және клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді тапсырма шарты негізінде көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

2-тарау. Уәкілетті агент қызметінің жалпы шарттары

      2. Уәкілетті агент банкке қызметті тапсырма шартының негізінде жүзеге асырады.

      3. Тапсырма шартын жасау үшін жеке немесе заңды тұлға банкке банктің ішкі құжаттарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, банк белгілеген нысан бойынша өтініш береді.

      4. Тапсырма шарты мынадай шарттарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) тапсырма шарты жасалған күн, нөмірі, орны;

      2) тараптардың деректемелері:

      банк үшін: банктің атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банк деректемелері, байланыс телефон нөмірлері, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және банк атынан тапсырма шартын жасауға уәкілетті тұлғаның лауазымы;

      уәкілетті агент - жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, банктік деректемелері, байланыс телефон нөмірлері;

      уәкілетті агент - заңды тұлға үшін: уәкілетті агенттің атынан тапсырма шартын жасауға уәкілетті тұлғаның атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелері, байланыс телефон нөмірлері, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      3) шарттың мәні;

      4) банктің уәкілетті агентке қаржы өнімдері туралы, оның ішінде қаржы өнімдері бойынша мөлшерлемелер мен тарифтер туралы, сондай-ақ олардың өзгерістері туралы ақпарат беру тәртібі;

      5) уәкілетті агенттің клиенттерді тарту бойынша, оның ішінде клиенттерге банктің қаржы өнімдері туралы ақпарат беру, клиенттерден құжаттарды қабылдау, клиенттердің құжаттарының банк талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру және клиенттердің құжаттарын банкке беру, банктің клиентке қаржы өнімін ұсынуы үшін қажет, банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге ілеспе қызмет көрсету (жүзеге асыру) арқылы клиенттерді тарту бойынша қызметтер көрсету тәртібі:

      6) уәкілетті агенттің клиенттің өтініштері мен құжаттарын есепке алуды жүргізу тәртібі;

      7) уәкілетті агенттің клиенттердің өтініштері мен құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету тәртібі;

      8) мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      9) уәкілетті агенттің клиенттің дербес деректеріне жататын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі;

      10) тараптардың басқа да құқықтары мен міндеттері (қажет болған жағдайда);

      11) тараптардың жауапкершілігі (оның ішінде уәкілетті агенттің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі);

      12) уәкілетті агенттің комиссиялық сыйақысының мөлшері (бар болса);

      13) тапсырма шартының қолданылу мерзімі;

      14) тапсырма шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

      15) тапсырма шартын тоқтату және бұзу тәртібі.

      5. Уәкілетті агент қызметінің негізгі қағидаттары:

      1) клиентті қаржылық өнімді ұсыну шарттары туралы адал, дұрыс және толық хабардар ету;

      2) мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу;

      3) қызметтер көрсету кезінде клиенттің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету;

      4) банк пен уәкілетті агенттің функцияларын ажырату.

      6. Қаржы өнімін беру туралы шешім қабылдауға, төлем қабілеттілігін бағалауға, қаржы өнімінің жарамдылығын бағалауға, қаржы өнімін беру туралы шарт талаптарын өзгертуге байланысты функциялар банктің құзыретіне жатады және оны уәкілетті агент жүзеге асыра алмайды.

      7. Уәкілетті агент клиенттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде банктің атынан және оның мүддесі үшін жеке өзі және үшінші тұлғаларға қайта сену құқығынсыз әрекет етеді.

      Клиентке қатысты тапсырма шарты шеңберінде уәкілетті агенттің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) банктің іс-әрекеті (әрекетсіздігі) ретінде қаралады.

      8. Клиенттермен өзара әрекеттесу кезінде уәкілетті агент:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке тұлға үшін) көрсету арқылы өзін сәйкестендіреді, сондай-ақ клиентке банктің уәкілетті агенттерінің тізіліміне агентті енгізу туралы мәліметтер орналастырылған банктің интернет-ресурсы арқылы өз өкілеттіктерін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      2) банктің банк қызметін жүзеге асыруға лицензиясы туралы мәліметтерді қоса алғанда, оның мүддесінде әрекет ететін банк туралы ақпаратты жібереді;

      3) банкпен келісілген көлемде және тәртіппен қаржы өнімі туралы ақпаратты түсіндіреді (ұсынады);

      4) тапсырма шартында және Қағидаларда көзделген көлемде және тәртіппен қаржы өнімін беру туралы шарт жасау үшін қажетті құжаттарды ұсынады;

      5) Қағидалардың және Банктің ішкі қағидаларының талаптарына сәйкес клиенттің құжаттарын банкке, оның ішінде банктің ақпараттық жүйесін қолдана отырып, дұрыс ресімдеуді және беруді қамтамасыз етеді;

      6) банкке қызмет көрсету кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз етеді;

      7) мыналарға рұқсат етпейді:

      клиентте қаржылық өнімді кепілдендірілген мақұлдау күтуін қалыптастыру;

      мүдделер қақтығысының пайда болуы;

      шешім қабылдаудың жасанды жеделдігін жасауды қоса алғанда, клиентке қысым көрсету;

      клиент үшін шектеулер және (немесе) кедергілер жасау банкке тікелей жүгіну;

      клиенттің қаржы өнімін алу шарттарына, тәуекелдеріне және (немесе) салдарына қатысты жаңылыстыруға әкеп соғуы мүмкін өзге де іс-әрекеттер жасау.

      Уәкілетті агент клиенттің дербес деректерін пайдалануға және (немесе) өңдеуге тапсырма шартында және қаржы өнімін беру туралы шартта көзделген мақсаттарда ғана жол беріледі.

3-тарау. Клиенттерді тарту тәртібі

      9. Уәкілетті агент клиенттердің уәкілетті агентпен тапсырма шарттары жасалған әртүрлі банктердің қаржы өнімдері туралы ақпаратқа (өзекті және салыстырмалы түрде) тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      10. Уәкілетті агент клиентке мүдделер қақтығысына және (немесе) жеке банктің қаржылық өнімін объективті негіздемесіз алға жылжытуға әкеп соғуы мүмкін ұсынымдар бермейді.

      11. Уәкілетті агент банкке клиенттерді тарту бойынша қызметтер көрсетеді:

      1) қаржы өнімін беру туралы шарт жасау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді банкке алуға және беруге келісімді қоса алғанда, уәкілетті агенттің қатысуымен банктің қаржы өнімдерін алуға клиенттің келісімі;

      2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылған клиенттің-жеке тұлғаның (оның өкілінің) дербес деректерін жинауға және өңдеуге және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге келісімі;

      3) Клиент қаржы өнімін алуға өтініш жасаған кезде Банктер туралы заңның 2-тармағының 8), 10) және 11) тармақшаларында, 22-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге және (немесе) "Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен банкке кредиттік есепті беруге кредиттік тарих субъектісінің келісімі.

      12. Уәкілетті агент клиенттерге қызмет көрсету орындарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында шарттар жасалған банктердің атауларын, сондай-ақ банктің интернет-ресурсында орналастырылған уәкілетті агенттердің тізіліміне сілтемені қоса алғанда, оның өкілеттіктерін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпаратты орналастырады.

      13. Клиенттер тарту шеңберінде уәкілетті агент мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:

      1) клиентке шарттар жасалған банктер туралы ақпаратты жеткізу;

      2) клиентке банк айқындаған көлемде сұратылған қаржы өнімі бойынша ақпарат және құжаттар ұсыну;

      3) банктің өтініштері мен нысандарын толтыруға жәрдемдесу;

      4) клиенттің өтініштері мен құжаттарын банкке жіберу;

      5) клиентті осындай ақпаратқа қол жеткізу тәртібі мен тәсілін түсіндіре отырып банктің цифрлық жүйесінде өтінішті қарау мәртебесін өз бетінше қадағалау мүмкіндігі туралы хабардар ету;

      6) банктің оң шешім қабылдауы кезінде, оның ішінде банктің цифрлық жүйесінің көмегімен банктің заңнамасы мен ішкі қағидаларының талаптарына сәйкес клиенттің банк құжаттарына қол қоюын қамтамасыз ету;

      7) клиенттің бірінші талабы бойынша Банк туралы заңның 52-бабында көзделген және банктің директорлар кеңесі бекіткен банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы банктің қағидаларын танысу үшін клиентке ұсыну;

      8) қызмет көрсету шеңберінде алынған ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз ету.

      14. Клиенттердің құжаттарын тексеру олардың толықтығы және банктің ішкі қағидаларында белгіленген тізбеге сәйкестігі тұрғысынан ғана жүзеге асырылады.

      15. Банктік қарыз шарты жасалғанға дейін уәкілетті агент клиентке банк ұсынған ақпаратты ауызша жеткізеді, сондай-ақ банктің цифрлық жүйесінде банк бекіткен қарыз шарттарымен өз бетінше танысу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Көрсетілген ақпарат мыналарды қамтиды:

      1) сыйақы мөлшерлемелері (тіркелген немесе құбылмалы), оларды есептеу тәртібі (құбылмалы мөлшерлеме жағдайында), жылдық пайыздағы не тіркелген сомадағы мөлшерлеменің мөлшері, сондай-ақ клиенттің жүгінген күніне нақты жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі (нақты құнның) оның мөлшері туралы мәліметтерді;

      2) банктік қарыздың шекті сомасы мен валютасын, қарыз мерзімін, сондай-ақ банктік қарызды беру шарттарын;

      3) банктік қарызды алуға және оған қызмет көрсетуге (өтеуге) байланысты комиссиялардың, тарифтердің және өзге де шығыстардың тізбесі мен мөлшері;

      4) шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;

      5) банктің шешім қабылдау мерзімдері туралы мәліметтерді;

      6) Банктер туралы заңнның 53-бабының 10-тармағына және 57-бабының 4-тармағына сәйкес банктік қарыз шартының талаптары біржақты өзгеруі мүмкін жағдайларды;

      7) міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде клиенттің жауапкершілігі мен тәуекелдері туралы, сондай-ақ қарызды қамтамасыз ету туралы шарттың тарабы болып табылатын кепіл берушінің, кепілгердің, кепіл берушінің немесе өзге де тұлғаның жауапкершілігі туралы ақпарат (бар болса);

      8) клиентте туындайтын мәселелер бойынша түсініктемелер;

      9) клиенттің сұратуы бойынша – қаржы өнімін беру туралы шарттың үлгілік нысаны.

      16. Егер қаржы өнімі банктік қарыз операциясы болып табылған жағдайда,

      уәкілетті агент қаржы өнімін беру туралы шарт жасасқанға дейін уәкілетті агент осы мәселелерді дербес бағаламай, банк қалыптастырған қаржы өнімінің жарамдылығын бағалау нәтижелерін және негізгі ақпараттық құжатты клиенттің назарына жазбаша түрде жеткізеді.

      Қажет болған жағдайда уәкілетті агент банктің клиентіне банк қабылдаған шешімді түсіндіреді.

      17. Клиентке қаржы өнімін беру туралы шарт жасағанға дейін қаржы өнімінің талаптарымен танысуға мүмкіндік беріледі. Клиент шартта тиісті белгі қою арқылы қаржы өнімінің талаптарымен неғұрлым қысқа мерзімде танысқанын растайтын жағдайларды қоспағанда, танысудың ең аз мерзімі бір сағатты құрайды.

      18. Уәкілетті агент клиентке банкке жолданымдар мен шағымдар беру тәртібі туралы, сондай-ақ оның орналасқан жері, пошталық, электрондық мекенжайлары және интернет-ресурсы көрсетіле отырып, қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарлайды.

      19. Қаржы өнімі туралы ақпаратты уәкілетті агент клиентке уәкілетті агент тапсырма шартын жасасқан әрбір банк бойынша береді.

4-тарау. Клиенттердің құжаттарын тексеру тәртібі

      20. Клиенттердің құжаттарын тексеруді уәкілетті агент олардың толықтығын және шартта көзделген тәртіппен банктің ішкі қағидаларында белгіленген тізбе мен формальды түрдегі талаптарға сәйкес келуін белгілеу мақсатында ғана жүзеге асырады.

      21. Банк уәкілетті агентті банк қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларды және оларға енгізілетін өзгерістер туралы ақпаратты қоса алғанда, клиенттердің құжаттарын тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен және құжаттармен қамтамасыз етеді.

      22. Тексеру жүргізу үшін уәкілетті агент клиенттен банктің ішкі қағидаларында белгіленген тізбеге сәйкес тиісті қаржы өнімі бойынша құжаттар топтамасын сұратады.

      23. Уәкілетті агент клиент ұсынатын құжаттардың жарамдылығын оларды ұсынған күнге тексереді.

      Жарамдылық мерзімі өткен құжаттар тексеру үшін қабылданбайды және пайдаланылмайды.

      24. Уәкілетті агент клиентті (оның өкілін) сәйкестендіруді оны ұсынатын оның жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде олардың ұсынылатын құжатқа сәйкестігін анықтау арқылы жүзеге асырады.

      25. Егер клиенттің атынан оның өкілі әрекет еткен жағдайда, уәкілетті агент өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асырады.

      26. Уәкілетті агент клиент ұсынған құжаттардың банктің ішкі қағидаларында белгіленген тізбеге немесе формальды талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда, уәкілетті агент мұндай бас тартудың себептерін көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      27. Уәкілетті агенттің клиенттің құжаттарын қабылдаудан бас тартуы қаржылық өнімді ұсынудан бас тарту болып табылмайды және анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін клиенттің уәкілетті агентке және (немесе) тікелей банкке қайта жүгінуіне кедергі болмайды.

5-тарау. Клиенттердің құжаттарын банкке беру және оларды есепке алу тәртібі

      28. Уәкілетті агенттің және банктің арасында клиенттердің құжаттарын қабылдау, беру және олардың берілгенін растау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, шартта көзделген тәртіппен, нысандарда және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      29. Уәкілетті агент клиентке құжаттарды банкке берудің шартта көзделген тәсілдері туралы хабарлайды.

      30. Уәкілетті агент шартта белгіленген тәртіппен клиенттердің өтініштерін және банкке берілген құжаттарды есепке алуды жүргізеді.

      31. Уәкілетті агент клиенттердің өтініштерін және құжаттарын банк деректерімен салыстырып тексеруді салыстырып тексеру актісін жасау арқылы жүзеге асырады.

      Салыстырып тексеру актісі мынадай мәліметтерді қамтиды:

      жасаған күні және есепті кезең;

      құжаттары уәкілетті агенттің қарауында жатқан клиенттердің саны;

      құжаттары банкке берілген жеке тұлға және заңды тұлға-клиенттердің саны;

      қаржы өнімін беру туралы шарт жасаған клиенттердің саны;

      құжаттарын банк қабылдамаған клиенттердің саны;

      құжаттары банктің қарауында жатқан клиенттердің саны.

      32. Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген салыстыру актісін уәкілетті агент айына бір рет екі данада жасайды және есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей банкке жібереді.

      33. Келісу қорытындылары бойынша салыстырып тексеру актісіне уәкілетті агент пен банк есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады