ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.05.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 35 қаулымен бекітілген |
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Цифрлық активтер туралы заң) 4-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қою шараларын (бұдан әрі – қадағалап ден қою шаралары) қолдану тәртібі айқындалады.
2. Қадағалап ден қою шаралары Ұлттық Банк Цифрлық активтер туралы заңның 12-5-бабына сәйкес қолданылады.
3. Ұлттық Банк қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына мынадай қадағалап ден қою шараларын:
1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын;
2) қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын;
3) қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.
4. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шараларын таңдау кезінде:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің, олардың салдарының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің салдары олардың салдарының ауқымы мен айтарлықтай болуы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі, ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жай-күйге әсері;
5) таңдалған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі);
7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;
8) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер ескеріледі.
5. Ұлттық Банк қадағалап ден қоюдың қолданылған шараларының есебін жүргізеді және өзінің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде қолданылған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) туралы ақпаратты орналастырады.
6. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 66-бабына сәйкес қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына алдын-ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу орны мен уақыты туралы хабардар ете отырып, қадағалап ден қою шарасының жобасы түрінде ресімделген қадағалап ден қою шарасын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану туралы алдын-ала шешімді жібереді.
Қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы алдын-ала шешім (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және тыңдауды өткізу орны мен уақыты туралы хабарлама қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы ӘРПК-нің 73-бабының 3-бөлігінде белгіленген мерзімде қадағалап ден қою шарасын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану туралы алдын-ала шешімге қарсылық ұсынады немесе білдіреді.
7. ӘРПК-нің 96-бабына сәйкес шағым беру қолданылған қадағалап ден қою шараларының (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) орындалуын тоқтатпайды.
2-тарау. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
8. Ұлттық Банк қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметінде анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар олардың қаржылық жай-күйіне және (немесе) клиенттердің мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.
9. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы Ұлттық Банктің хатымен ресімделеді, Ұлттық Банк кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда осы шараны қолдану негіздерін және анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы хабарламаны және (немесе) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарды және (немесе) қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану мүмкіндігі туралы ескертуді қамтиды.
10. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы ӘРПК-нің 13-тарауында белгіленген тәртіппен шағымдануға жатады.
3-тарау. Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары
11. Ұлттық Банк кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын қолданады.
12. Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
13. Ұлттық Банк орындауға міндетті шараларды қабылдауға арналған жазбаша нұсқамада және жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсыну қажеттігін көрсетеді.
14. Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына әкеп соққан себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының әрбір тармағын орындауға жауапты басшы қызметкерлер қамтылады.
15. Ұлттық Банк қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы ұсынған, қаржылық жай-күйін жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған іс-шаралар жоспарын Ұлттық Банкке келіп түскен күннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Ұсынылған іс-шаралар жоспары бойынша Ұлттық Банктің ескертулері болған жағдайда және (немесе) егер жоспарланатын іс-шаралар көлемі 20 (жиырма) іс-шарадан асатын болса, іс-шаралар жоспарын қарау мерзімі тек бір рет 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы ұсынған іс-шаралар жоспарына Ұлттық Банктің ескертулері болған жағдайда, Ұлттық Банк іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шаралары қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы Ұлттық Банктің хатында көрсетілген мерзімдерде Ұлттық Банктің ескертулері ескеріліп пысықталған іс-шаралар жоспарын ұсынады немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.
Ұлттық Банк қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
Ұлттық Банк ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы оны іске асыруға кіріседі.
16. Ұлттық Банк қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторымен қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды орындау туралы жазбаша келісімді жасайды.
17. Жазбаша келісім қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды орындау туралы келісімді, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көздейді.
Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы жазбаша келісімге міндетті түрде қол қоюы тиіс. Жазбаша келісімге қол қойылғаннан кейін қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға өзіне оның талаптарын толық көлемде және онда белгіленген мерзімде орындау жөнінде міндеттемелер қабылдайды.
18. Жазбаша келісім бірдей заңды күші бар 4 (төрт) данада (қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данадан) жасалады және қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының атына ілеспе хатпен жіберіледі.
Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы жазбаша келісімнің қол қойылған 2 (екі) данасын (қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данадан) оны алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке қайтарады.
19. Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы мыналар:
осы құжаттарда көзделген мерзімдерде жазбаша нұсқамада, жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың орындалуы;
іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асырған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.
20. Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шаралар мен іс-шараларды орындауы мыналар:
1) қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап жазбаша нұсқама;
2) Ұлттық Банк мақұлдаған қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы іс-шаралар жоспарын алған күннен бастап іс-шаралар жоспары;
3) қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы жазбаша келісімге қол қойған күннен бастап жазбаша келісім үшін басталады.
Егер жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген шараларды және (немесе) жоспарланған іс-шараларды орындау мерзімдері 1 (бір) айдан асса, қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шаралардың және (немесе) іс-шаралардың кезең-кезеңімен орындалуы туралы Ұлттық Банкке ай сайын жазбаша хабарлайды.
21. Қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына байланысты емес себептер бойынша жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шараларды және (немесе) іс-шараларды осы құжаттарда белгіленген мерзімдерде орындау мүмкін болмаған жағдайда, осы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы осы құжаттарда белгіленген шараларды және (немесе) іс-шараларды орындау мерзімінен кешіктірмей Ұлттық Банкке жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шараларды және (немесе) іс-шараларды орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) мерзімді ұзарту қажеттігінің негіздемесімен ұсынады.
Ұлттық Банк өтінішхатты қарау нәтижелерін қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына ол Ұлттық Банкке келіп түскен күннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.
4-тарау. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
22. Ұлттық Банк қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметіндегі бұзушылықтарды жою мақсатында қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.
23. Ұлттық Банк қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын мынадай:
1) егер өзге де қадағалап ден қою шараларын қолдану клиенттердің (пайдаланушылардың) заңды мүдделерін қорғауды, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қаржылық тұрақтылығын, оның қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмайтын;
2) егер қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының іс-әрекеті (әрекетсіздігі) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда қолданады.
24. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасымен белгіленген мерзімде Ұлттық Банкке жоспарланған іс-шаралар тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының әрбір тармағының орындалуына жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.
25. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ол Ұлттық Банкке келіп түскен күннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Ұлттық Банктің мәжбүрлеп қадағалап ден қою шарасы қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы ұсынған Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына ескертулері болған жағдайда, Ұлттық Банк ол бойынша жазбаша ескертулерді жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар өткізеді. Бұл ретте қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы Ұлттық Банктің ескертулерін ескере отырып пысықталған Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын Ұлттық Банктің хатында көрсетілген мерзімде ұсынады немесе осындай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.
Ұлттық Банк мәжбүрлеп қадағалап ден қою шарасы қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы ұсынған Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе ол бойынша қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына жоспарланған іс-шараларды және (немесе) оларды орындау мерзімдерін түзету қажеттігі туралы нұсқауды қамтитын өз қорытындысын жібереді.
26. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындауы Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі мақұлданған іс-шаралар жоспарын немесе қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы жоспарланған іс-шараларды және (немесе) олардың орындалу мерзімдерін түзету қажеттігіне нұсқауды қамтитын Ұлттық Банктің қорытындысын алған күннен басталады.
27. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шарасы қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы, оның ішінде Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген әрбір іс-шара бойынша Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген оларды жүзеге асыру күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық Банкке хабарлайды.
Егер Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру мерзімдері 1 (бір) айдан асатын болса, қадағалап ден қою мәжбүрлеу шарасы қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы туралы Ұлттық Банкке ай сайын жазбаша хабарлайды.
28. Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шараларды осы құжатта белгіленген мерзімдерде қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына байланысты емес себептер бойынша орындау мүмкін болмаған жағдайда, осы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шараларды орындау мерзімінен кешіктірмей Ұлттық Банкке Ұлттық Банктің талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шараларды орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) мерзімді ұзарту қажеттігінің негіздемесімен ұсынады.
Ұлттық Банк өтінішхатты қарау нәтижелерін қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары қолданылған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына ол Ұлттық Банкке келіп түскен күннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.
