"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 сәуірде № 38383 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және көрсетілетін қызметті берушінің атауларын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанын және нәтижесін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптарды қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      3-қосымшада:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

  ";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2026 жылғы 2 сәуірдегі
№ 7 бұйрығына
1-қосымша
"Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
______________________
  ______________________
  (көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы
кімнен________________
______________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған
жағдайда) толық)

Жеке тұлғаларға арналған өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу) жолдау арқылы ___________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      ___________________________________________________________________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын.

      Қосымша ______ парақта.

      Жеке тұлғаның деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру нөмірі________________________________________

      Нақты мекенжайы_______________________________________________

      Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері____________________________________________________________

      Электрондық мекенжайы__________________________________________

      _______________________________________________________________

      (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесімен және www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында қолжетімді ресми статистикалық ақпаратпен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетіні мен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      20__жылғы "______" __________

      _________________ қолы

      Өтінішке қосымша

р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең













  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2026 жылғы 2 сәуірдегі
№ 7 бұйрығына
2-қосымша
"Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
______________________
______________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы
кімнен________________
______________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған
жағдайда) толық)

Заңды тұлғалар үшін өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу) жолдау арқылы ___________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      ____________________________________________________________________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын.

      Қосымша: ______ парақта.

      Заңды тұлғаның деректемелері:

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі ______________________________________

      Заңды мекенжайы _______________________________________________

      Нақты мекенжайы _______________________________________________

      Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері____________________________________________________________

      Электрондық мекенжайы__________________________________________

      Басшы______________________________________________________

      (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Орындаушы: _______________________

      (Тегі, аты-жөні)

      Телефон: _________________

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетінімен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      20__жылғы "______" ____________

      _________________ басшының қолы

      Өтінішке қосымша

р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады