Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 39 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38322 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3-2) тармақшасына, "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағына, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына сәйкес әзірленген және коллекторлық агенттіктердің есептік тіркеуден өту және тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.";

      9-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      1-қосымшада:

      Өтініште:

      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы қызметкері бұрын, уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөніндегі мәліметтер"

      __________________________________________________________

      _______________________________________________________________;";

      "Қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер" 1-кестенің 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"

Уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған құрылтайшы (акционер, қатысушы) немесе басшы қызметкер туралы мәліметтер"

      ";

      "Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі" 2-кестенің 5-тармағының 7) және 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бұдан бұрын басшы қызметкер уәкілетті орган осы коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болғаны-болмағаны туралы мәліметтер"

      ___________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)";

      "9) бұдан бұрын басшы қызметкер, уәкілетті орган немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, оның таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының жеке тұлға-ірі қатысушысы, ірі қатысушысының, заңды тұлға-банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшысы болғаны-болмағаны туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      (иә(жоқ)

      ___________________________________________________________________;

      (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      2-қосымшаға 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. 10-бағанда қызметкер бұдан бұрын уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болғаны-болмағаны туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер солай болса, онда ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету қажет.".

      2. "Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 12-2-бабы 1) тармақшасына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 1) тармақшасына, "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган) микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жүзеге асыратын микроқаржылық қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар басшы қызметкерлердің құрамында орын алған өзгерістер туралы уәкілетті органға олардың тағайындалған (сайланған), басқа лауазымға ауыстырылған немесе олармен еңбек шарты бұзылған (өкілеттіктері тоқтатылған) күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды. Басшы қызметкерлердің құрамында орын алған өзгерістер туралы мәліметтер растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылатын растайтын құжаттардың көшірмелерінде тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні болмаса, онда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерін тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдау күні немесе шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады.

      2-2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты орындағаны үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартқан жағдайда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым бұл ақпарат микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға мәлім болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.";

      5-1-тармақ алынып тасталсын;

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакциядағы 1-1-қосымшасымен толықтырылсын;

      2-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күні (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін), көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының мөлшері, сондай-ақ растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қызметті алушының жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін (акцияларын) иелену үшін құрылтайшылар (қатысушылар), акционерлер қолданған дереккөздердің сипаты

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________";

      2-3-қосымшаның 3, 5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) туралы мәліметтер (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың басшы қызметкерлері бойынша толтырылмайды):

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      Ескертпе: осы тармақта көрсетілген тұлғалар болмайтын жағдайда барлық бағанда "жоқ" деп көрсетіледі.";

      "5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер (көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің тұтастай еңбек қызметі туралы мәліметтер (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған күннен бастап, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі):

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері

Жетекшілік ететін бөлімшелер, негізгі функционалдық міндеттер

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе:

      1) ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын жағдайда 3-бағанда Қазақстан Республикасы бейрезидент ұйымының тіркелген елі көрсетіледі;

      2) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері (микроқаржы ұйымы үшін) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген лауазымдарды атқаратын жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, 6-бағанда оның құзыретіне кіретін мәселелер көрсетіледі.

      6. Мынадай:

      банкке реттеу режимін қолдануға;

      қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын, филиалды оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан лицензиядан айыру;

      қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейорезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері лауазымына тағайындалған күннің алдындағы он жыл ішінде тұлғаның қаржы ұйымының басшы қызметкері, филиал басшысы, қаржы ұйымының басқару органының мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органның мүшесі, бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы фиалиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент қаржы ұйымының ірі қатысушы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы (банк холдингі)-заңды тұлғаның басшысы болып табылмағаны туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі көрсетілсін)

      7. Басшы қызметкерден құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы соңғы он екі ай ішінде оны осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымы тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарылғаны-қайтарылмағаны туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      иә (жоқ)";

      2-1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

6.

"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының талаптарына сәйкес келетін Микрокредиттер беру қағидаларының болуы

Микрокредиттер беру қағидалары.

      ";

      мынадай мазмұндағы 9-1-жолмен толықтырылсын:

"

9-1.

Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінде қажетті еңбек стажының болуы

Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес басшы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер.
Микроқаржылық қызмет туралы заңның 14-бабының 7-тармағында көзделген талапқа сәйкес болу үшін көрсетілетін қызметті алушының мынадай басшы қызметкерлері үшін еңбек стажының болуы қажет (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда):
1) микроқаржы ұйымының атқарушы органы басшысының, байқау кеңесі (бар болса) басшысының, директорлар кеңесі (бар болса) басшысының – кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;
2) байқау кеңесінің (бар болса) мүшелері, директорлар кеңесінің (бар болса) мүшелері, атқарушы органның (алқалы) мүшелері – кемінде екі жыл;
3) бас бухгалтер – кемінде екі жыл.
Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің лауазымына орналасу (лауазымға тағайындау (сайлау) үшін мынадай жұмыс стажы ескеріледі:
қаржылық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғаларда көрсету бойынша;
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, оның ішінде шетелдік ұйымдарда реттеу, бақылау және қадағалау бойынша;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізу, қаржы ұйымдарына, оның ішінде шетелдік ұйымдарға, заңды тұлғаларға аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеу бойынша;
экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілердің лауазымдарында;
Ұлттық басқарушы холдингте, Қазақстанның Даму Банкінде, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорында, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінде Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының жетінші абзацында көзделген лауазымдарда;
тізбесі осы қаулыда белгіленетін халықаралық қаржы ұйымдарында;
қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу бойынша;
сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий ретінде;
"Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қаржылық қызметтер көрсетуге лицензиясы бар ұйымдарда.
Еңбек стажын есептеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға байланысты қаржы ұйымындағы, филиалдағы жұмыс (ақпараттық технологияларды және (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті дамытуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің басшысын қоспағанда), өзара сақтандыру қоғамындағы жұмыс есепке алынбайды.
Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабына сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарындағы еңбек стажы кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмысын қамтиды:
Азия даму банкі (The Asian Development Bank);
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (The Asian Infrastructure Investment Bank);
Америкааралық даму банкі (The Inter-American Development Bank);
Африкалық даму банкі (The African Development Bank);
Дүниежүзілік Банк (The World Bank);
Дүниежүзілік сауда ұйымы (The World Bank);
Еуразиялық даму банкі (The Eurasian Development Bank);
Еуропалық инвестициялық банк (The European Investment Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (The European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар ұйымы (The European Securities and Markets Authority);
Еуропалық банк ұйымы (The European Banking Authority);
Еуропалық банк федерациясы (The European Banking Federation);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (The Council of Europe Development Bank);
Еуропалық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру ұйымы (The European Insurance and Occupational Pensions Authority);
Көпжақты Инвестициялар Кепілдігі Агенттігі (The Multilateral Investment Guarantee Agency);
Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық (The International Centre for Settlement of Investment Disputes);
Ислам даму банкі (The Islamic Development Bank);
Исламдық қаржылық қызметтер кеңесі (The Islamic Financial Services Board);
Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығы (The International Association of Insurance Supervisors);
Солтүстік инвестициялық банк (The Nordic Investment Bank);
Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиялар ұйымы (The International Organization of Securities Commissions);
Халықаралық валюта қоры (The International Monetary Fund);
Халықаралық Даму Қауымдастығы (The International Development Association);
Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығы (The International Association of Deposit Insurers);
Халықаралық есеп айырысу банкі (The Bank for International Settlements);
Зейнетақыны қадағалау органдарының халықаралық ұйымы (The International Organisation of Pension Supervisors);
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (The International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finance Corporation);
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (The Organisation for Economic Co-operation and Development).

      10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

10.

Мынадай жеке тұла басшы қызметкер бола алмайды:
1) мінсіз іскерлік беделі жоқ.
Кәсібилік және адалдықты қоса алғанда, мыналар мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттары болып табылады:
алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылу құқығынан өмір бойы айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
көрсетілген тұлғаның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға себеп болған төлем қабілетсіздігіне әкеп соққан құқыққа қарсы іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасағаны туралы не банкке реттеу режимін қолдануға қатысты мәліметтердің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде іс-әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен (бақылау және үшінші тұлғалардың ықпалы) қатынастардың болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері басшы қызметкер, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингі) актуарийі не ірі қатысушысы, басшы қызметкері бола отырып, бірнеше рет (қатарынан соңғы он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уәкілетті орган қаржы ұйымына қатысты қолданған ден қою шараларының талаптарын орындамағаны туралы мәліметтердің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының төлем қабілетсіздігіне дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды адам, басқару функцияларын орындайтын тұлға болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы. Көрсетілген өлшемшарт, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында қаржылық жағдайы тұрақсыз қаржы ұйымдарына қатысты қаржылық жай – күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі мәні бойынша ұқсас (ұқсас, салыстырмалы) шаралар көзделген жағдайда қолданылады;
шет мемлекеттің қадағалау органынан не "Астана" халықаралық қаржы орталығында қаржылық көрсетілетін қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделінің жоқтығы туралы ақпараттың болуы;
қаржы ұйымының басшы қызметкері бола отырып, көрсетілетін қызметті алушының соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның, лауазымды адамның заңды күшіне енген шешімімен белгіленген қаржы, кәсіпкерлік қызмет, салық салу салаларында күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен артық әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерінің болуы. Көрсетілген өлшемшарт адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның, лауазымды адамның соңғы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде қолданылады;
қаржы ұйымының басшы қызметкері бола отырып, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің аудитор ретінде көрінеу дәйексіз аудиторлық есепті жасау фактісінің не аудиторлық ұйымның осы адам қол қойған көрінеу дәйексіз аудиторлық есепті жасау фактісінің болуы. Көрсетілген өлшемшарт осы адамды не аудиторлық ұйымды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болуы";
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерін банкрот деп тану. Көрсетілген өлшем "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот банкроттығы рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының басшы қызметкеріне – резидентіне қатысты, сондай – ақ Қазақстан Республикасының басшы қызметкеріне-бейрезидентіне қатысты мүлікті өткізу рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде қолданылады немесе осындай рәсім барысында банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің айыпталушы не сотталушы (күдікті) ретінде жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процеске қатысуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің әрекеті (әрекетсіздігі) уәкілетті органның немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын қаржылық қадағалау органы банкті (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын) төлемге қабілетсіз банктер (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалдары) санатына жатқызуы, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) филиалы қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдау үшін негіз болып табылатын заңнама талаптарын бұзушылыққа әкелген қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасы негізінде қаржы ұйымының басшы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілгені туралы мәліметтердің болуы. Көрсетілген талап уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы немесе қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері қаржы ұйымы іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) байланысты уәкілетті орган айқындаған мынадай бұзушылықтарға жол берген қаржы ұйымы бөлімшелерін бақылауды (оларға жетекшілік етуді) жүзеге асырғаны туралы мәліметтердің болуы:
қаржы ұйымының уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді қатарынан соңғы он екі ай ішінде жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) бұзуы;
қаржы ұйымының пруденциялық нормативтердің және (немесе) уәкілетті орган белгілеген өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттердің сақталуы туралы мәліметтердің бұрмалануына әкелген есептілікті жасауы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 25) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу фактісінің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері актуарий бола отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамау фактілері туралы уәкілетті органға жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) хабарламағаны туралы мәліметтердің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің қызметінде уәкілетті орган мынадай бұзушылықтарды анықтаған қаржы ұйымы бөлімшелерін бақылауды (жетекшілік етуді) жүзеге асырғаны туралы мәліметтердің болуы:
міндетті сақтандыру түрлерін жүргізу шарттары мен тәртібінен туындайтын сақтандыру сыйлықақысының негізсіз мөлшерін, міндеттерді орындамауды немесе тиісінше орындамауды қолдану;
жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) қатарынан соңғы он екі ай ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асырмау, уақтылы жүзеге асырмау не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, актуарлық есеп айырысуларды жүргізу және (немесе) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді заңсыз жария еткені немесе үшінші тұлғаларға бергені туралы мәліметтердің болуы;
2) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі қайтарып алынған;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тағайындалған (сайланған) күнге дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не әкімшілік жазаға тартылған.

Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер құжаттар ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша қосымшамен бірге мынадай:
басшы қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінде азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл тұрақты өмір сүрген елдің мемлекеттік органы берген қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат ұсынылады.
Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растауды азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе олар тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.
Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органы басшысының не лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып және көшірменің дұрыстығы туралы белгімен оның міндетін атқарушы тұлғаның (міндеттерді атқаруды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталған растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, мәліметтер өзгерген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды (мәліметтерді) (бұдан әрі – құжаттар) ұсынады.


11.

1. Мына жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы бола алмайды:
1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға болып табылады;
2) тізбесін Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабы 16-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркеуі, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар;
3) уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 2) 2-1), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға болып табылса;
4) бұрын ірі қатысушы – жеке тұлға не ірі қатысушы – заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылған – уәкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енген жағдайда.
2. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындалмайды (сайланбайды) (шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды).

Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша, заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы (ірі акционер) туралы мәліметтер, мына құжаттарды қоса бере отырып:
Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын тұлға) және ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлғаның басқару органының (байқау кеңесінің) бірінші басшысы туралы мәліметтер;
ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және басқару органының (байқау кеңесінің) бірінші басшысының (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
атқарушы органның бірінші басшысында (атқарушы органның функциясын жеке-дара атқаратын адамда) және ірі қатысушы басқарушы органында (ірі акционер) - заңды тұлғаның азаматтық елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болмаған туралы, олардың азаматтығы бар елдің не көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген (олар тұрақты тұратын елдің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мәліметтерді растайтын құжат.
Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылу мерзімі өзге көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі.
Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша, мыналарды қоса бере отырып:
ірі қатысушының (ірі акционердің) – жеке тұлғаның (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
ірі қатысушыда (ірі акционерде) – көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлғасында азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елдің азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжат.
Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылу мерзімі өзге көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі.
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер;
Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер өзгерген жағдайда өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды (мәліметтерді) уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органы басшысының не адамның қолымен куәландырылған құжаттар, лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып және көшірмесінің дұрыстығына белгі қойыла отырып, оның міндетін атқарушының (міндеттерін атқаруды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып), өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын көшірмелерін қоса бере отырып ұсынады

      ".

      3. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛЕСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 39 қаулысына 1-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
1-1-қосымша

      Нысан

Басшы қызметкерлер құрамында болған өзгерістер туралы мәліметтер (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы)

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Лауазымы

Күні және орын алған өзгеріс

Еңбек шартын тағайындау (сайлау), ауыстыру, бұзу (өкілеттігін тоқтату) туралы шешімнің (бұйрықтың) нөмірі, күні

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын бұзу (өкілеттігін тоқтату) негіздері

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе: күні және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерінің құрамында қандай өзгерістер болғандығы (лауазымға тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру, еңбек шартын бұзу (өкілеттігін тоқтату) 4-бағанда көрсетіледі.

      Тағайындалған (сайланған) басшы қызметкердің басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарға сәйкестігін растаймыз.

      Еңбек шарты бұзылған (өкілеттігі тоқтатылған) жағдайда атқарушы орган басшысының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бас бухгалтерінің өкілеттіктері берілген адамдар көрсетіледі.

      Қосымша (парақ санын көрсете отырып):

      _____________________________________________________

      Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе)

      ______________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____" __________________.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 39 қаулысына 2-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
2-1-қосымша

Заңды тұлға болып табылатын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларын шегергенде) он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушы (ірі акционер)

_________________________________________________________

(микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) туралы мәлімет

      1. Көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері)

      ________________________________________________________________

      (толық атауы)

      2. Орналасқан жері және нақты мекенжайы

      ________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі)

      ________________________________________________________________

      (қаланың коды, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы,

      интернет-ресурс)

      3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген)

      4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ________________________________________________________________

      5. Қызмет түрі

      ________________________________________________________________

      (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

      6. Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті

      ________________________________________________________________

      7. Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе ірі қатысушыға (ірі акционерге) тиесілі

      дауыс беруші акциялары санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші

      акцияларының жалпы санына пайыздық қатынасы

      _______________________________________________________________

      8. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне

      (көрсетілетін қызметті алушының акцияларын төлеуге) ақша енгізер алдында ірі

      қатысушының (ірі акционердің) меншікті капиталының мөлшері және көрсетілетін

      қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне (көрсетілетін қызметті

      алушының акцияларын төлеу) енгізілген сома, сондай-ақ көрсетілетін қызметті

      алушының жарғылық капиталына (акцияларына) қатысу үлестерін иелену үшін

      қолданылған дереккөздерді сипаттамасы

      _______________________________________________________________

      9. Тізбесін Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабы 16-тармағының 5)

      тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілейтін офшорлық аймақтарда тіркеуінің

      болуы туралы, тұрғылықты тұратын жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________ иә (жоқ)

      10. Заңды тұлғалардың атауларын, қызмет түрлерін, орналасқан жерлерін және

      мемлекеттік тіркелуі туралы деректерді, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе ірі

      қатысушыға (ірі акционерге) тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс

      беретін акцияларының жалпы санына арақатынасын (пайызбен) көрсете отырып, ірі

      қатысушының (ірі акционердің) ірі қатысушы (ірі акционер) ретінде өзге де заңды

      тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      11. Ұйымдардың атауын, орналасқан жерін көрсете отырып, ірі қатысушы (ірі

      акционер) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер,

      концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      12. Ірі қатысушы (ірі акционер) атқарушы органының (атқарушы органның

      функциясын жеке-дара орындайтын тұлға) және басқарушы органының (бар болса,

      бақылаушы кеңестің) бірінші басшысы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландырған құжатта көрсетілген болса)

      13. Ірі қатысушы (ірі акционер) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 4), 5), 6), 7) және 9)

      тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уәкілетті орган осы микроқаржылық

      қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызметті жүзеге

      асыруға берілген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан

      аспайтын кезеңде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның

      құрылтайшысы болғаны не болмағаны туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________ (иә (жоқ),

      ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету). Дербес деректерді

      жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20___ жылғы "___" _____________

      Ірі қатысушының (ірі акционердің) атқарушы органы басшысының (атқарушы

      органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) немесе оның

      міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 39 қаулысына 3-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
2-2-қосымша
  фотосурет
  орны

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды қоспағанда) акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері

______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) лауазымы) туралы мәліметтер

      1. Көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға (бұдан әрі – ірі қатысушы (ірі акционер), көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері (бұдан әрі – басшы қызметкер) туралы жалпы мәліметтер:

Туған жылы мен орны


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


Телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй)


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқуға түскен жылы – оқуды аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері

1

2

3

4

5






      3. Оның құрамындағы ірі қатысушы (ірі акционер), басшы қызметкер дауыс беретін акцияларға тікелей немесе жанама иелік ететін не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің түрі

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе ірі қатысушыға (ірі акционерге), басшы қызметкерге тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) акцияларының жалпы санына қатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      Ескертпе: 4-бағанда ірі қатысушының (ірі акционер), басшы қызметкердің сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде ірі қатысушы (ірі акционер), басшы қызметкер өзге тұлғалармен бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын үлестер (акциялар) санын есепке алғандағы үлесті көрсету қажет.

      4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта ірі қатысушының (ірі акционер), басшы қызметкердің қаржы ұйымдарындағы еңбек қызметі туралы мәліметтер, оның ішінде жоғары оқу орнын бітірген күннен бастап, сондай-ақ ірі қатысушының (ірі акционер), басшы қызметкердің еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі көрсетіледі.

Жұмыс істеу кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның бар-жоқтығы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері

Өзге де мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе:

      1) егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымының тіркелген елі 3-бағанда көрсетіледі;

      2) қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департамент, басқарма, филиал) басшысы (басшының орынбасары) қаржы басқарушысы және (немесе) атқарушы директор лауазымына орналасқан жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер 7-бағанда көрсетіледі;

      3) аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жұмыс өтілі болған жағдайда, қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеуге қатысты негізгі функционалдық міндеттер 7-бағанда көрсетіледі.

      5. Ірі қатысушының (ірі акционердің), басшы қызметкердің инвестициялық комитеттердегі, ұйымдардағы мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері

1

2

3

4

5






      6. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) туралы мәліметтер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың басшы қызметкерлері бойынша толтырылмайды):

Тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

Жеке сәйкестендірунөмірі

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      Ескертпе: осы тармақта көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда барлық бағандарда "жоқ" деп көрсетіледі.

      7. Тізбесін Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабы 16-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілейтін офшорлық аймақтарда көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлға, басшы қызметкердің тіркеуінің болуы туралы, тұрғылықты тұратын жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________ иә (жоқ)

      8. Көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уәкілетті орган осы микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымын микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны не болмағаны туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________ (иә (жоқ),

      ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету).

      9. Көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға уәкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін дейін бір жылдан аспайтын кезеңде ірі қатысушы – жеке тұлғаның не ірі қатысушы – заңды тұлғаның басшы қызметкері және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылғаны не табылатындығы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________ (иә (жоқ),

      ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету).

      10. Тағайындалған (сайланған) күнге дейін ірі қатысушы (ірі акционер), басшы қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жазаға тартылғаны не тартылмағаны

      ___________________________________________________________ (иә (жоқ),

      ______________________________________________________________

      (құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот актісінің деректемелері).

      11. Осы арқылы өзімнің және жұбайымның (зайыбымның), жақын туыстарымның (ата-анамның, аға-інілерімнің, әпке-сіңлілерімнің, балаларымның) және жекжаттарымның (жұбайымның) зайыбымның ата-анасының, аға-інілерінің, әпке-сіңлілерінің, балаларының) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмегенімді-енгізілмегенін растаймын

      ____________________________________________________________ иә (жоқ)

      Ескертпе: осы Қосымшаның 6-тармағында көрсетілген ірі қатысушының (ірі акционер), басшы қызметкердің жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының) зайыбының ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары).

      Мен бұл ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің бар екендігін растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілетін болса)

      ________________________________________________

      (өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы _________________

      Күні __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады