ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өтініш – осы Ереженің 14-тармағына сәйкес уәкілетті органға берілген және Комиссияның құзыретіне жататын өтініш берушінің жазбаша өтініші;";
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – ҰҒК) мүшелері комиссия құрамына кірмейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Комиссия:
1) ҰҒК мүшелерінің әдеп кодексін сақтау мәселелерін;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді ҰҒК-нің қарау нәтижелері бойынша өтініштерді;
3) ҰҒК мүшелерінің жобалар (бағдарламалар) бойынша бағалау және дауыс беру рәсімін сақтамау мәселелерін қарайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін орталықтың цифрлық жүйесінде www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша жеке кабинетте көрсетілген ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталық қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Орталық келіп түскен өтініштерді қалыптастырады және жұмыс органына өтінішті қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жұмыс күні ішінде жібереді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін жұмыс органы олар орталықтан келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Ереженің 17-тармағындағы талаптардың сақталуы тұрғысынан тексереді.
Комиссия хатшысы тексеру аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде орталықтың цифрлық жүйесі арқылы осы Ереженің 17-тармағының талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылардың өтініштерін, сондай-ақ өтінімдерді, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерін, өтінім бойынша ҰҒК қорытындысы және өтінішті мәні бойынша қарау үшін қажетті өзге де ақпаратты комиссияның қарауына жолдайды.
Өтініштер осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Комиссия оларды қараусыз қалдырады.";
34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Комиссия өтініштерді:";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Комиссия отырысы цифрлық технологияларды қолданып жазылады.
Комиссия отырысының бейнежазбалары жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде мерзімде орталықтың серверінде сақталады. Комиссия отырыстарының бейнежазбаларын санкцияланбаған тоқтатуға және түзетуге жол берілмейді.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Комиссияның шешімі орталықтың цифрлық жүйесіндегі жеке кабинетте орналастырылады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Хаттамаға комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды. Комиссия қабылдаған шешімдер хаттамадан үзінді көшірме түрінде шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің және мүдделі лауазымды тұлғаның (лардың) назарына жеткізіледі. Комиссия отырыстарының хаттамалары жұмыс органында сақталады.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші, он үшінші, он сегізінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
