Қостанай облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 376 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар белгіленсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 376 қаулысына
  қосымша

Қостанай облысының су объектiлерiнде жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар белгілеу туралы

Су объектінің атауы

Халықтың жаппай демалатын орындары

Орналасқан жері

Алтынсарин ауданы

1

Жасанды су қоймасы

"Светофор" демалыс базасы
Шаяхметова Жанна Маликовна жеке кәсіпкер

Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі, Щербаков ауылы

2

Жасанды су қоймасы

"Сосновый бор" шипажайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі, Щербаков ауылы

3

Жасанды су қоймасы

"СЕЛЕНА 2010" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі, Щербаков ауылы

4

Жасанды су қоймасы

"Джайляу КЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі, Щербаков ауылы

5

Жасанды су қоймасы

"Деревенька в бору" демалыс базасы
Лазарук Татьяна Николаевна жеке кәсіпкер

Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі, Щербаков ауылы

Бейімбет Майлин ауданы

6

Тобыл өзені

"Золотая рыбка" туристік базасы
"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы

Набережный ауылдық округі, Байшуақ ауылы

7

Тобыл өзені

"Спутник" туристік базасы
"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы

Калинин ауылдық округі, Береговое ауылы

8

Тобыл өзені

"Атлант" туристік базасы
"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы

Калинин ауылдық округі, Береговой ауылы

9

Тобыл өзені

"Аметист" туристік базасы
"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы

Калинин ауылдық округі, Береговой ауылы

10

Тобыл өзені

"Нептун" туристік базасы
"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы

Калинин ауылдық округі, Береговой ауылы

11

Тобыл өзені

"Сокол" туристік базасы
"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы

Калинин ауылдық округі, Береговой ауылы

12

Тобыл өзені

"Волна" туристік базасы
"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы

Набережный ауылдық округі, Елизаветин ауылы

13

Тобыл өзені

"Дружба" туристік база" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Калинин ауылдық округі, Юбилейный ауылы

14

Тобыл өзені

"Параллель" туристік база
"РАХАТ-2018" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Калинин ауылдық округі, Юбилейный ауылы

Денисов ауданы

15

Тобыл өзені

"Шанырақ" демалыс базасы
Александр Викторович Кузьменко жеке кәсіпкер

Перелески ауылы, Қостанай – Қарабұтақ тас жолының 148-шақырымы

Жітіқара ауданы

16

Шортанды өзені

Қалалық жағажай

Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51

Қарабалық ауданы

17

Тоғызақ өзені

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданының білім бөлімінің" Достық "балалар сауықтыру лагері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тоғызақ ауылдық округі, Гурьянов ауылы

Қостанай ауданы

18

Тобыл өзені

"Пристань" кафесі
жеке кәсіпкер Комарова Наталья Вячеславовна

Заречный ауылы, Заречный тас жолы 2-шақырым, 47-ғимарат

19

Жасанды су қоймасы

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының № 2 Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған "Қостанай "балабақша-мектеп-интернат" арнайы кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тобыл қаласы, Алматы – Екатеринбург тас жолының 28-шақырымы

Қостанай қаласы

20

Тобыл өзені

Тобыл өзенінің оң жағалауы Притобол саябағының ауданы

Қостанай қаласы, Притобол саябағы

21

Тобыл өзені

"Мохито" демалыс аймағы
жеке кәсіпкер Тұрсынов Махмұт Мұхтарұлы

Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 1Г

22

Тобыл өзені

"Ақ Шанырақ" демалыс аймағы
"Фирма Эталон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қостанай қаласы, Алматы – Екатеринбург тас жолы, 7-құрылыс

23

Тобыл өзені

Қалалық жағажай

Пионер – Красный Кузнец көшесінің ауданы

24

Тобыл өзені

Жағажай
жеке кәсіпкер Корнеев Михаил Владимирович

Қостанай қаласы, Рудный көшесі, 32/1-құрылыс

Рудный қаласы

25

Тобыл өзені

Қалалық жағажай

Рудный қаласы, Парк көшесі, 53


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады