"Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 102/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 ақпанда № 38058 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу тәртібін айқындайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің аудитін жүргізген кезде аудиторды таңдау "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Жасанды интеллект жүйелеріне аудит жүргізу кезінде:

      1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығы;

      2) "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуы қосымша бағалануы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Дерекнамаларды пайдаланудың сапасы мен заңдылығын бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген деректерді басқару талаптарына сәйкес дерекнаманың міндетті метадеректерінің болуын және дұрыстығын тексеру арқылы жүзеге асырылады.";

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын бағалауды;

      2-2) "Жасанды интеллект туралы" Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуын бағалауды.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады