БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 22) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу тәртібін айқындайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің аудитін жүргізген кезде аудиторды таңдау "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Жасанды интеллект жүйелеріне аудит жүргізу кезінде:
1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығы;
2) "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуы қосымша бағалануы тиіс.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Дерекнамаларды пайдаланудың сапасы мен заңдылығын бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген деректерді басқару талаптарына сәйкес дерекнаманың міндетті метадеректерінің болуын және дұрыстығын тексеру арқылы жүзеге асырылады.";
17-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасы және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын бағалауды;
2-2) "Жасанды интеллект туралы" Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің болуын бағалауды.".
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |