Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 19-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудит нәтижелерін танудың рәсімдік талаптарын қамтиды.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Заңның 19-бабының 2 – 5-тармақтарына сәйкес басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды.
Ішкі аудит қызметтерінің тиімділікке жүргізген аудит нәтижелері танылмайды, ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу кезінде анық дәлелдемелерді алғаны және объективті әрі кәсіби (құзыретті) тәсілді қамтамасыз еткені расталған жағдайда ғана сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қажет болған кезде пайдаланады.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ішкі аудит қызметтерінің сәйкестік аудиті типі бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық іс-шараның сапасын бақылау жөніндегі қорытындысы болған кезде таниды.
2. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес деп тану рәсімін мынадай жағдайларда:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау шеңберінде жоспарлы тәртіппен;
2) аудиторлық іс-шара шеңберінде:
аудиттің мақсаты, кезеңі, типі және аудиттің бағдарламалық мәселелері Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шарасымен сәйкес келген жағдайда, Заңға сәйкес қалыптастырылған Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу барысында;
басқа мемлекеттік аудит органының аудиттің мақсаты, кезеңі, типі және аудиторлық іс-шарамен қамтылған бағдарламалық мәселелері бойынша Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шарасымен сәйкес келетін мемлекеттік аудит жүргізу фактісі анықталған мемлекеттік аудит объектілерінде тиімділікке, сәйкестікке мемлекеттік аудит жүргізу барысында;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі аудиттерінің нәтижелеріне қатысты республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу (бұдан әрі - қаржылық есептілікке мемлекеттік аудит жүргізу) барысында жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану аудит материалдарын зерделеу негізінде жүзеге асырылады. Аудит материалдарына Аудит бағдардамасы, аудиторлық есеп, анықталған бұзушылықтардың тізілімі жатады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік аудит нәтижелері танылмаған кезде осы Рәсімдік стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытынды жасалады. Аудиторлық іс-шараға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органын, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісін мемлекеттік аудит нәтижелерінің танылмауы туралы хабардар етеді және тиісті ақпаратты Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға белгіленген тәртіппен енгізеді.
Осы мемлекеттік аудит объектісіндегі аудиторлық іс-шара Аудит бағдарламасына және мемлекеттік аудиторлардың Аудиторлық тапсырмаларына сәйкес жүргізіледі.
Сараптамалық қорытынды мемлекеттік аудит материалдарына қоса тіркеледі және Аудит нәтижелері туралы ақпараттың ажырамас бөлігі болып табылады.".
2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы |
А. Смаилов |