ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:
37-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әзірленуі халықаралық қаржы институттарын тарту арқылы жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыру үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартуы бюджет қаражатынан қаржыландырылады.";
62-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық қаржы институттары қатысатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру бойынша көрсетілетін қызметтер әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесіне енгізілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуге қатысуға халықаралық қаржы институтының келісімі жазбаша расталған жағдайда бюджет қаражатынан төленеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ олардың сараптамасын жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
2-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алып тасталсын;
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аккредиттеуден өтуге үміткер тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуге арналған өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жібереді.
Өтінімге осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген, өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттар қоса беріледі;
2) уәкілетті орган өтінім келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс немесе мереке күндері жүгінген жағдайда өтінімді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
3) өтінімдер тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығы тексеріледі.
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру барысында сұрау салулар жасайды және ақпараттық жүйелердегі қажетті мәліметтерді пайдаланады.
Өтініш беруші ақпараттық жүйелерде және ұсынылған құжаттарда қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қолданылу мерзімі өткен немесе осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қамтылған құжаттар топтамасы толық емес өтінімдер (толық жинақы емес өтінімдер), сондай-ақ мәтіні толық немесе ішінара оқылмайтын өтінімдер мен оларға қоса берілген құжаттар одан әрі қарауға қабылданбайды және олар бойынша Аккредиттеу жөніндегі комиссия аккредиттеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Аккредиттеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтінім берушіге бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтінім берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдаудың өтетін уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Комиссия отырысын өткізуге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады.";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) уәкілетті орган Аккредиттеу жөніндегі комиссияның шешімі негізінде аккредиттеу туралы куәлікті не дәлелді бас тартуды ресімдейді, қол қояды және Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілген күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді;";
10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) штатында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында кемінде 5 жыл консультациялық немесе сараптамалық қызметтер көрсету тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) маманның болуы, жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтер көрсеткен ұйымдарда еңбек өтілінің болуы, осындай қызметтерді азаматтық-құқықтық шарттар негізінде көрсету, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарабы болған ұйымдарда еңбек өтілінің болуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында консультациялық немесе сараптамалық қызметтер көрсету тәжірибесі деп танылады.";
2) тармақша алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) СР3Р халықаралық сертификаттарының, жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері;
4) өтініш беруші мен СР3Р халықаралық сертификаттары немесе халықаралық қаржы ұйымдары әзірлеген немесе таныған халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында өзге де сертификаттары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің әрқайсысы арасындағы еңбек қатынастарын растайтын еңбек шарттарының (келісімдерінің) көшірмесі;";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Атауы өзгерген жағдайда аккредиттелген тұлға уәкілетті органға бұрын берілген аккредиттеу туралы куәлікті және заңды тұлғаның атауының өзгеру фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтінішті еркін нысанда береді.
Уәкілетті орган тиісті өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді және қайта ресімделген аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді. Қайта ресімделген куәлік соның орнына қайта ресімделген аккредиттеу туралы куәлік берілген аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі қалған кезеңге беріледі.
Қайта ресімделген куәлік соның орнына берілген аккредиттеу туралы бұрын берілген куәлік жарамсыз деп танылады және уәкілетті орган Аккредиттелген тұлғалар тізіліміне тиісті ақпаратты енгізеді.
26. Аккредиттеу туралы куәлікте қателер анықталған жағдайда аккредиттелген тұлға уәкілетті органға оларды түзету туралы өтінішті еркін нысанда береді.
Уәкілетті орган өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Аккредиттелген тұлғалардың тізіліміне қажетті өзгерістер енгізеді және тиісті түзетулері бар аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.";
36-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) егер аккредиттелген заңды тұлға немесе оның құрылтайшылары (қатысушылары) немесе басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;
5) аккредиттелген ұйымның біліктілік талаптарына сай келмеуі туралы ақпарат берілмеген немесе уақтылы берілмеген кезде жүзеге асырылады.";
40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану уәкілетті орган басшысының атына электрондық форматта уәкілетті органның www.economy.gov.kz. интернет-ресурсында, сондай-ақ жазбаша нысанда поштамен не қолма-қол Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7-кіреберіс мекенжайындағы уәкілетті органның кеңсесі арқылы шағым беру жолымен жүзеге асырылады.".
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі