"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және даму агенттігі
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілді |
Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі есептілікті ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацының 48) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысандарды қоса, есептілікті (бұдан әрі – есептілік) ұсыну тәртібі, кезеңділігі мен мерзімі айқындалады.
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2. Уәкілетті ұйым есептілікті электрондық цифрлық қолтаңбамен растау рәсімдерін сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық форматта ұсынады.
3. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген уәкілетті ұйымның жауапты адамы қамтамасыз етеді.
4. Уәкілетті ұйым есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей, жартыжылдықта 1 (бір) рет Ұлттық Банктің аумақтық филиалына:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес терроризмді, экстремизмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жүргізуден бас тарту туралы, сондай-ақ осындай тұлғалармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жасауы туралы есепті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары мен бенефициарлық меншік иелері және олардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операциялары туралы есепті;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есепті ұсынады.
Егер осы тармақта белгіленген есептілікті ұсыну мерзімі жұмыс емес күні аяқталса, онда одан кейінгі жұмыс күні есептілікті ұсыну мерзімінің аяқталған күні болып есептеледі.
Егер осы тармақта белгіленген есептілікті ұсыну мерзімі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе уәкілетті ұйым орналасқан аумақта төтенше жағдай қолданылу кезеңінде аяқталса, онда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе уәкілетті ұйым орналасқан аумақта төтенше жағдай қолданылу мерзімі аяқталған күннен кейінгі оныншы жұмыс күні есептілікті ұсыну мерзімінің аяқталған күні болып есептеледі.
5. Уәкілетті ұйым ұсынатын есептіліктегі сандық деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеде, сондай-ақ шетел валютасында көрсетіледі.
6. Деректерге түзетулер (түзетулер, толықтырулар) есептілікті ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін бір ай ішінде енгізіледі.
7. Уәкілетті ұйым ерікті түрде таратылған кезде есептілік уәкілетті ұйымды ерікті түрде тарату туралы қабылданған шешім жөнінде хабарлама жіберілген күннен кешіктірмей Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ұсынылады.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: терроризмді, экстремизмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жүргізуден бас тарту туралы, сондай-ақ осындай тұлғалармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі: AML-R1
Кезеңділігі: жартыжылдық
Есепті кезеңі: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей, жартыжылдықта 1 (бір) рет
БСН:
Жинау әдісі: электрондық түрде
Нысан
__________________________________________________
(уәкілетті ұйымның толық атауы)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған күні | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері | ||
атауы | берілген күні | нөмірі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
… | ||||||
кестенің жалғасы:
Азаматтығы | Теңгедегі операцияның әлеуетті көлемі | Шетел валютасындағы операцияның/ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияның әлеуетті көлемі | Операция коды | Валюта түрі | Бас тарту күні |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны_______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы______________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Терроризмді, экстремизмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жүргізуден бас тарту туралы, сондай-ақ осындай тұлғалармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
"Терроризмді, экстремизмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жүргізуден бас тарту туралы, сондай-ақ осындай тұлғалармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту туралы есеп" (индексі – AML-R1, кезеңділігі – жартыжылдық) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Терроризмді, экстремизмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жүргізуден бас тарту туралы, сондай-ақ осындай тұлғалармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады
2. Уәкілетті ұйым Нысанды жартыжылдықта 1 (бір) рет жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, Нысандағы деректер теңгемен толтырылады.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысан бойынша:
1) 4-бағанада Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) және бар болса - шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетіледі;
2) 5-бағанада "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары) 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттар кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің атауы көрсетіледі;
3) 6 және 7-бағаналарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі) көрсетіледі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағаналарда толтырылмайды;
5) 8-бағанада "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі;
6) 10-бағанада сома шетел валютасындағы бірліктермен көрсетіледі (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймадағы аффинирленген алтынмен операциялар үшін көлемі граммен көрсетіледі);
7) 11-бағанада Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 6-қосымшамен бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес операцияның мынадай төрт таңбалы коды көрсетіледі:
0211 - клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы;
0221 - клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы;
1711 - клиенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймадағы аффинирленген алтынды сатып алуы;
1721 - клиенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймадағы аффинирленген алтынды сатуы;
8) 12-бағанада валюталардың әріптік кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі;
9) 13-бағанада бас тарту күні "КК.АА.ЖЖЖЖ." форматында көрсетіледі.
5. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен беріледі.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жасауы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: AML-R2
Кезеңділігі: жартыжылдық
Есепті кезеңі: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей, жартыжылдықта 1 (бір) рет
БСН: _____________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Нысан
__________________________________________________
(уәкілетті ұйымның толық атауы)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған күні | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері | ||
атауы | берілген күні | нөмірі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
… | ||||||
кестенің жалғасы:
Азаматтығы | Теңгемен операция көлемі | Шетел валютасындағы операцияның/ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияның көлемі | Операция коды | Валюта түрі | Мемлекеттердің (аумақтардың) немесе мемлекеттің (аумақтың) тізбесі | Операция жасалған күн |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
… |
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны_______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы ____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________ _____________ _______
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жасауы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
"Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жасауы туралы есеп" (индексі – AML-R2, кезеңділігі – жартыжылдық) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жасауы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды уәкілетті ұйым жарты жылда 1 (бір) рет жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, Нысандағы деректер теңгемен толтырылады.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанда айырбастау пунктері арқылы жүргізілген қолма-қол шетел валютасы немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының 2 000 000 (екі миллион) теңгеден асатын сомаға;
2) шетелдіктердің немесе азаматтағы жоқ адамдардың – шекті сома белгіленбей сатып алуы және (немесе) сатуы бойынша операциялар көрсетіледі.
Нысанда осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген уәкілетті ұйымның үлестес тұлғаларымен және бенефициарлық меншік иелерімен операциялар көрсетілмейді.
5. Нысан бойынша:
1) 4-бағанада Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіппен жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) және бар болса – шетелдіктер немесе азаматтағы жоқ адамдар үшін көрсетіледі;
2) 5-бағанада "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары) 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың біреуінің атауы көрсетіледі;
3) 6 және 7-бағаналарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі) көрсетіледі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағаналар толтырылмайды;
5) 8-бағанада "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі;
6) 10-бағанада шетел валютасындағы сома көрсетіледі (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынмен жасалатын операциялар үшін көлемі граммен көрсетіледі);
7) 11-бағанада Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 6-қосымшамен бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес мынадай төрт мәнді операция коды көрсетіледі:
0211 - клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы;
0221 - клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы;
1711 - клиенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алуы;
1721 - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды сатуы;
8) 12-бағанада валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі;
9) 13-бағанада жеке тұлға азаматтығы тиесілі елінің мына кодтары көрсетіледі:
"1" - жеке тұлғаның азаматтығы елі Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген;
"2" - жеке тұлғаның азаматтығы елі оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын мына елдердің бірі болып табылады:
Америка Құрама Штаттары (Америкның Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
Андорра Князьдігі;
Антигуа және Барбуда мемлекеті;
Багам аралдары Достастығы;
Барбадос мемлекеті;
Бахрейн Корольдігі;
Белиз мемлекеті;
Бруней Даруссалам мемлекеті;
Біріккен Танзания Республикасы;
Вануату Республикасы;
Гватемала Республикасы;
Гренада мемлекеті;
Джибути Республикасы;
Доминика Достастығы;
Доминикан Республикасы;
Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
Испания (Канар аралдары аумағы бөлігінде ғана);
Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
Гайана Кооперативтік Республикасы;
Коста-Рика Республикасы;
Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік ауданының аумақтары бөлігінде ғана);
Колумбия Республикасы;
Либерия Республикасы;
Ливан Республикасы;
Маврикий Республикасы;
Мавритания Ислам Республикасы;
Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
Мальдив Республикасы;
Мальта Республикасы;
Мариан аралдары;
Маршалл аралдары Республикасы;
Монако Князьдігі;
Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);
Мьянма Одағы;
Науру Республикасы;
Нигерия Федеративтік Республикасы;
Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
Палау Республикасы;
Панама Республикасы;
Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
Сан-Марино Республикасы;
Сейшел аралдары Республикасы;
Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
Сент-Китс және Невис Федерациясы;
Сент-Люсия мемлекеті;
Суринам Республикасы;
Тонга Корольдігі;
Тринидад және Тобаго Республикасы;
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (Ангилья аралы, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары), Оңтүстік Георгия аралы, Оңтүстік Сэндвич аралдары, Теркс және Кайкос аралдары, Чагос аралы, Мэн аралы аумақтары бөлігінде ғана);
Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;
Филиппин Республикасы;
Француз Республикасы (Кергелен аралдары, Француз Гвианасы мен Француз Полинезиясы аумақтары бөлігінде ғана);
Черногория Республикасы;
Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;
Ямайка;
"3" - жеке тұлғаның азаматтық елі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясымен қабылданған оған қатысты халықаралық санкция (эмбарго) қолданған шетел мемлекеті (аумақ) болып табылады;
"4" - жеке тұлғаның азаматтық елі жеке тұлға елінің жоғарыда көрсетілген тиістілік кодтарына енгізілген ел болып табылмайды.
Егер жеке тұлғаның азаматтық елі жеке тұлға елінің екі немесе одан да көп тиістілік кодтарына енгізілсе, онда жеке тұлғаның азаматтық елі енгізілген барлық тиістілік коды көрсетіледі. Мысалы, егер елдің тиістілік коды "1" және "2" болса, онда "1, 2" көрсетіледі.
Азаматтығы жоқ адамдар үшін жоғарыда көрсетілген белгілерді көрсету талап етілмейді;
10) 14-бағанада операцияны жасау күні "КК.АА.ЖЖЖЖ." форматында көрсетіледі.
6. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары мен бенефициарлық меншік иелері және олардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операциялары туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: AML-R3
Кезеңділігі: жартыжылдық
Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей, жартыжылдықта 1 (бір) рет
БСН: _____________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Нысан
__________________________________________________
(уәкілетті ұйымның толық атауы)
1-кесте. Уәкілетті ұйымның үлестес тұлғалары және (немесе) бенефициарлық меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалармен есепті жартыжылдық ішінде жасалған мәмілелер (операциялар)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған күні | Жеке сәйкестендіру нөмірі (немесе резиденттік еліндегі сәйкестендіру нөмірі) | Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері | ||
атауы | берілген күні | нөмірі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
… | ||||||
кестенің жалғасы:
Азаматтығы | Теңгемен операцияның көлемі | Шетел валютасындағы операцияның/Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынмен операцияның көлемі | Операция коды | Валюта түрі | Операция жасалған күн |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
… |
кестенің жалғасы:
Үлестес тұлға және (немесе) бенефициарлық меншік иесі операция жасаған күні барлық операциялар бойынша орташа өлшемді бағам | Үлестес тұлға және (немесе) бенефициарлық меншік иесі операция жасаған күні барлық операциялар бойынша ең жоғары бағам | Үлестес тұлға және (немесе) бенефициарлық меншік иесі операция жасаған күні барлық операциялар бойынша ең төменгі бағам | Үлестес тұлғаға және (немесе) бенефициарлық меншік иесіне арналған бағам |
14 | 15 | 16 | 17 |
… |
кестенің жалғасы:
Тұлға "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес үлестес тұлғаға және (немесе) "Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бенефициарлық меншік иесіне |
18 |
… |
2-кесте. Уәкілетті ұйымның үлестес тұлғаларының тізілімі
№ | Заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі | Заңды тұлғаның атауы | Тіркелген елі | Тұлға "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес үлестес тұлғаға жатқызылған белгісі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
… |
3-кесте. Уәкілетті ұйымның бенефициарлық меншік иелерінің тізібесі
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған күні | Жеке сәйкестендіру нөмірі (немесе резиденттік еліндегі сәйкестендіру нөмірі) | Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | ||
атауы | берілген күні | нөмірі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
… | ||||||
кестенің жалғасы:
Азаматтығы |
Тұлға "Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бенефициарлық меншік иесі болып табылатын | ||
жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не акциялардың 25%-ын тікелей немесе жанама иелену (% көрсетілсін) | ұйымды өзге бақылау (бақылау түрін сипаттау) | оның мүддесі үшін операциялар жасалады (иә / жоқ) | |
8 | 9 | 10 | 11 |
… | |||
Мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны_______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________ ________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары мен бенефициарлық меншік иелері және олардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары мен бенефициарлық меншік иелері және олардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операциялары туралы есеп" (индексі – AML-R3, кезеңділігі – жартыжылдық) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары мен бенефициарлық меншік иелері және олардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары, Ұлттық Банк шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу және (немесе) сату операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанды уәкілетті ұйым жарты жылда 1 (бір) рет жасайды. Нысандағы деректер, егер өзгеше көрсетілмесе, теңгемен толтырылады.
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. 1-кесте бойынша:
1) 4-бағанада Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте және бар болса - шетелдіктер немесе азаматтағы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) көрсетіледі (шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – резиденттік еліндегі оның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі);
2) 5-бағанада "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары) 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің атауы көрсетіледі;
3) 6 және 7-бағаналарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағаналар толтырылмайды;
5) 8-бағанада "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі;
6) 9-бағанада ұлттық валютадағы сома көрсетіледі;
7) 10-бағанада шетел валютасының бірліктеріндегі сома көрсетіледі (бағалы металмен операциялар үшін көлемі граммен көрсетіледі);
8) 11-бағанада Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 6-қосымшада бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес операцияның мынадай төрт таңбалы коды көрсетіледі:
0211 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы";
0221 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы;
1711 – клиенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алуы;
1721 – клиенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынды сатуы;
9) 12-бағанада валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі;
10) 13-бағанада операция жасалған күн "КК.АА.ЖЖЖЖ." форматында көрсетіледі;
11) 14, 15, 16 және 17-бағаналарда үлестес тұлғамен және (немесе) бенефициарлық меншік иесімен мәміле жасалған күні жүргізілген барлық операциялар бойынша сатып алудың және (немесе) сатудың орташа өлшемді, ең жоғары, ең төменгі бағамдары (бағасы) және тиісінше 11-бағанада көрсетілген операция түріне қарай үлестес тұлға және (немесе) бенефициарлық меншік иесі үшін бағам (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған құймалардағы аффинирленген алтынның бір граммы үшін бағасы) көрсетіледі;
12) 18-бағанада тұлға:
- "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ЖШжҚЖС туралы заң) 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес үлестес тұлғаға жатқызылған белгісі көрсетіледі:
"1" – құрылтайшылар, қатысушылар (жеке тұлғалар);
"2" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), зайыбының (жұбайының) жақын туыстары;
"3" – серіктестіктің немесе ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары;
"4" – серіктестік қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқылы, шартқа сәйкес серіктестікпен байланысты болатын жеке тұлға;
"5" – дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленетін, пайдаланатын, оларға билік ететін жеке тұлға;
"6" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де жеке тұлға;
-"Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заң) 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бенефициарлық меншік иесіне жатқызылған белгісі көрсетіледі:
"7" - заңды тұлға клиенттің немесе заңды тұлғаны құрмай, шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға;
"8" - клиентке өзге түрде бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
"9" - клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды оның мүддесі үшін жасайтын жеке тұлға.
5. 2-кесте бойынша:
1) 2-бағанада бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (шетелдік ұйымдарға қатысты, егер мәлімет болса, бағана толтырылады);
2) 4-бағанада "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес заңды тұлға тіркелген елдің екі әріпті коды көрсетіледі.
3) 5-бағанада тұлға ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес үлестес тұлғаға жатқызылған белгісі көрсетіледі:
"1" – құрылтайшылар, қатысушылар (заңды тұлғалар);
"2" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаның не серіктестіктің лауазымды тұлғасының бақылауында болатын заңды тұлға;
"3" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген не серіктестіктің лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;
"4" – серіктестікпен бірге үшінші бір тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
"5" – уәкілетті ұйым қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқылы, шартқа сәйкес уәкілетті ұйыммен байланысты болатын заңды тұлға;
"6" – дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленетін, пайдаланатын, оларға билік ететін заңды тұлға;
"7" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де заңды тұлға.
6. 3-кесте бойынша:
1) 4-бағанада Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте және бар болса - шетелдіктер немесе азаматтағы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) көрсетіледі (шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – резиденттік еліндегі оның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі);
2) 5-бағанада Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің атауы көрсетіледі;
3) 6 және 7-бағаналарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағаналар толтырылмайды;
5) 8-бағанада "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сәйкес азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі.
7. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі: AML-R4
Кезеңділігі: жартыжылдық
Есепті кезеңі: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей, жартыжылдықта 1 (бір) рет
БСН: _____________________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Нысан
__________________________________________________
(уәкілетті ұйымның толық атауы)
№ | Банктік шот ашылған шетелдік банк | ||||
Атауы | Елі | Елдер тізімі | Сәйкестендіру коды (БСК) | Есептік нөмірі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | |||||
… | |||||
кестенің жалғасы:
Ақша аудару туралы деректер | Корреспондент банк | |||||||
Күні | Сомасы, валюта бірлігі | Валюта коды | Аударым белгісі |
Аударымның | Атауы | Елі | Мемлекеттер (аумақтар) немесе мемлекет (аумақ) тізбесі | Сәйкестендіру коды (БСК) |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
… | ||||||||
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы ____________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе: нысан "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есеп" (индексі – AML-R4, кезеңділігі – жартыжылдық) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Уәкілетті ұйым Нысанды жартыжылдықта 1 (бір) рет толтырады. Егер өзгеше көрсетілмесе, Нысандағы деректер теңгемен толтырылады (сандық немесе сапалық мәліметтер толтырылады).
3. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Мына нысан бойынша:
1) 3 және 12-бағаналарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1 бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес банк тіркелген елдің екі әріпті коды көрсетіледі;
2) 4 және 13-бағаналарда банк елінің мынадай тиістілік кодтары көрсетіледі:
"1" - банк елі Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген;
"2" - банк елі оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын мына елдердің бірі болып табылады:
Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
Андорра Князьдігі;
Антигуа және Барбуда мемлекеті;
Багам аралдары Достастығы;
Барбадос мемлекеті;
Бахрейн Корольдігі;
Белиз мемлекеті;
Бруней Даруссалам мемлекеті;
Біріккен Танзания Республикасы;
Вануату Республикасы;
Гватемала Республикасы;
Гренада мемлекеті;
Джибути Республикасы;
Доминика Достастығы;
Доминикан Республикасы;
Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
Испания (Канар аралдары аумағы бөлігінде ғана);
Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
Гайана Кооперативтік Республикасы;
Коста-Рика Республикасы;
Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік ауданының аумақтары бөлігінде ғана);
Колумбия Республикасы;
Либерия Республикасы;
Ливан Республикасы;
Маврикий Республикасы;
Мавритания Ислам Республикасы;
Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
Мальдив Республикасы;
Мальта Республикасы;
Мариан аралдары;
Маршалл аралдары Республикасы;
Монако Князьдігі;
Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);
Мьянма Одағы;
Науру Республикасы;
Нигерия Федеративтік Республикасы;
Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
Палау Республикасы;
Панама Республикасы;
Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
Сан-Марино Республикасы;
Сейшел аралдары Республикасы;
Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
Сент-Китс және Невис Федерациясы;
Сент-Люсия мемлекеті;
Суринам Республикасы;
Тонга Корольдігі;
Тринидад және Тобаго Республикасы;
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (Ангилья аралы, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары), Оңтүстік Георгия аралы, Оңтүстік Сэндвич аралдары, Теркс және Кайкос аралдары, Чагос аралы, Мэн аралы аумақтары бөлігінде ғана);
Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;
Филиппин Республикасы;
Француз Республикасы (Кергелен аралдары, Француз Гвианасы мен Француз Полинезиясы аумақтары бөлігінде ғана);
Черногория Республикасы;
Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;
Ямайка;
"3" - банк елі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарымен қабылданған оған қатысты халықаралық санкция (эмбарго) қолданған мемлекет (аумақ) болып табылады;
"4" - банк елі банк елінің жоғарыда көрсетілген тиістілік кодтарына енгізілген ел болып табылмайды.
Егер банк елі банк елінің екі немесе одан да көп тиістілік кодтарына енгізілсе, онда банк елі енгізілген барлық тиістілік кодтары көрсетіледі. Мысалы, егер елдің тиістілік коды "1" және "2" болса, онда "1, 2" көрсетіледі;
3) 5 және 14-бағаналарда 8 таңбадан тұратын ISO 9362: BIC (Bank Identifier Codes) халықаралық стандартына сәйкес банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
4) 6-бағанада "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген есептік нөмірі көрсетіледі;
5) 7-бағанада "КК.АА.ЖЖЖЖ" форматында аударымның күні көрсетіледі;
6) 8-бағанада шетел валютасының бірлігінде сома көрсетіледі;
7) 9-бағанада валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі;
8) 10-бағанада операциялардың мынадай белгілері көрсетіледі: "1" - шетелдік банкте ашылған банктік шоттан жіберілген аударымдар үшін", "2" - шетелдік банкте ашылған банктік шотқа түскен аударымдар үшін. Шетелдік банктегі (шетелдік банктердегі) банктік шоттар арасында аударым жасау кезінде мұндай аударымдар есепте әр шот үшін бөлек екі рет көрсетіледі;
9) 11-бағанада аударымның негізін сипаттайтын толық ақпарат көрсетіледі.
5. Сандық мәліметтер болмаған жағдайда, Нысанда нөлдік мәндер көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша |
Күші жойылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының құрылымдық элементінің тізбесі
1. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 91 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21015 болып тіркелген).
2. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 52 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22868 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарының қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 114 және "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 20 шілдедегі № 91 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 71 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33510 болып тіркелген).
