ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарының қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқасқармасының 2019 жылғы 2 шілдегі № 114 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 133215 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы үшінші бөлігінің 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарының дизайнын айқындау және айналысқа шығару туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 63 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ескі үлгідегі айналыстағы монеталардың және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталардың қатар айналыста болу кезеңінде:
1) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес:
ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды ұсақтауды, айырбастауды қоса алғанда, оларды қабылдауды және беруді жүзеге асырады;
жеке және заңды тұлғалардан қабылданған ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына тапсырады;
2) Ұлттық Банктің филиалдары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес:
ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды ұсақтауды, айырбастауды қоса алғанда, оларды қабылдауды және беруді жүзеге асырады;
кейіннен қолма-қол ақшасыз баламасын заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарының және Ұлттық пошта операторының тиісті шоттарына аудара отырып, заңды тұлғалардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарының және Ұлттық пошта операторынан ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды айналым кассасына қабылдайды;
кейіннен қолма-қол ақшасыз баламасын заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және Ұлттық пошта операторының тиісті шоттарынан есептен шығара отырып, заңды тұлғаларға, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарының және Ұлттық пошта операторына ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды айналым кассасынан береді.".
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (А.С. Адибаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп (Н.К. Косбаев) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 5-қосымшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төреағасы |
Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 71 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 71 қаулысына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 71 қаулысына 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 71 қаулысына 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 71 қаулысына 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.01.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.