Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2023 жылғы 31 наурыздағы № 1-1 шешімінің (Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 7132-07 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Ж. Бисенгалиева |