Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 28 ақпаңдағы № 9-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7330-07 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін";
көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларда бекітілген нормалар шегінде есептейді.";
8-тармақтың 6-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықталады.".
2. "Орал қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Орал калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Орал қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Калиев |
