Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 25/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 мамырда № 7929-15 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мына шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелген);

      2) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27760 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады