"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мына шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелген);
2) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27760 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | В. Бубенко |