"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Г. Нурмухамбетов |
| Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы 17 қарашадағы | |
| № 304 | |
| Қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 100 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6284 болып тіркелді).
2. "Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының аумағында карантиндік режимінің күшін жою туралы және "Карантиндік режимді енгізе отырып, Айыртау, Ақжар, Аққайың, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандарының аумағында карантинді аймақты белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29534 болып тіркелді).
3. "2025 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін және сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 наурыздағы № 84 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7881-15 болып тіркелді).
4. "2025 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 112 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7912-15 болып тіркелді).
