Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут) туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 09-354 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, 2026 жылдың 26 мамырындағы № 279 "Akmola Industry, LLP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші негізінде, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Akmola Industry, LLP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүддесі үшін қоса беріліп отырған схемаға сәйкес, қосылу нүктесінен инженерлік желілерге арналған бөлінген алаңға дейін жобаланатын газ құбырының трассасы үшін, қосылу нүктелерінен инженерлік желілерге арналған бөлінген алаңға дейін жобаланатын су құбыры мен кәріз трассасы үшін, қосылу нүктелерінен инженерлік желілер алаңына дейін жобаланатын электр беру желілерінің (ЭБЖ) трассасы үшін, Астана қаласының айналма жолындағы жол айрығынан "AQMOLA" индустриялық аймағына және Тайтөбе ауылына дейін жобаланатын автомобиль жолының трассасы үшін жер учаскелеріне 3 жыл мерзімге, ұзындығы 27 400 метр шектеулі пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу.

      2. "Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Қапышев

  Қосымша Қосшы қаласы
  әкімдігінің қаулысына
  №
  " " 2026 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады