Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қалалық мәслихатының "Текелі қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 26 ақпандағы № 14-74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 166-19 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Текелі қалалық мәслихатының төрағасы | Б. Тугулбаев |
